Әлеуметтік төлем туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының, 1 тармағы 14 тармақшасы, 2003 жылғы 15 шілдедегі 9/32 санды «Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік қаржы бөлудің бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру» Ережесін бекіту туралы аудандық мәслихат шешімімен бекітілген және 2003 жылғы 16 шілдедегі № 1922 облыстық Әділет Департаментінде тіркелген «Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру» Ережесіне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әлеуметтік төлем туралы от 13.07.2006 г. № 90 (Әлеуметтік төлем туралы)
1. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру комиссияның 2006 жылдың 10 шілдедегі шешімі бойынша, төмендегі категориядағы азаматтарға қаржылай көмек көрсетілсін:
1) Қорғалжын ауылының тұрғыны, 2 топ мүгедегі А.Касымовка-20600 теңге;
2) Қорғалжын ауылының тұрғыны зейнеткер Ш.Сулейменоваға 10 айлық есеп көрсеткішпен-10300 теңге;
3) Қорғалжын ауылының тұрғыны, 1 топ мүгедегі У.Садиваккасоваға 20 айлық есеп көрсеткішпен-20600 теңге;
4) Жантеке ауылының тұрғыны, аз қамсыздандырылған отбасы Б. Есмағанбетовка 20 айлық-20600 теңге;
5) Қорғалжын ауылының тұрғыны, 1 топ мүгедегі И.С.Дееваға 10 айлық есеп көрсеткішпен-10300теңге;
6) Қорғалжын ауылының тұрғыны, соғыс уақытында тылда ерең еңбегі үшін марапатталған, зейнеткер Қ.Бейсенова 15 айлық есеп көрсеткішпен-15450 теңге;
2. Мүгедектер арасында жазғы спартакиадасын өткізуге-88000 теңге;
3. Қаржы бөлімі (Б.Рысбаева) әлеуметтік төлемдерді 451007 бюджеттік бағдарламасы бойынша қарастырылған 185850 теңге қаржымен қамсыздандырылсын.
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
(Қ.Тюлеубаев) материалдық көмекті жоғарыдағы аталған адамдардың жеке есеп шоттарына аударылсын және мүгедектер арасында жазғы спардакиаданы өткізсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.