Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы уполномоченного органа, осуществляющего контроль и регулирование деятельности в сферах естественных монополий

Бұйрық · № 177-ОД · қабылданған 19.07.2006
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-29141/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы уполномоченного органа, осуществляющего контроль и регулирование деятельности в сферах естественных монополий Қолданыста Бұйрық ·№ 177-ОД ·19.07.2006
01.01.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы уполномоченного органа, осуществляющего контроль и регулирование деятельности в сферах естественных монополий

Қолданыста Бұйрық ·№ 177-ОД · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы уполномоченного органа, осуществляющего контроль и регулирование деятельности в сферах естественных монополий
Атауы (қаз.)
Табиғи монополиялар салаларында қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
177-ОД
Қабылданған күні
19.07.2006
Көрсетілген редакция
01.01.2016 AI29141_5.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004328_
ЭКБ идентификаторы
29141
Редакция идентификаторы
AI29141_5
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:06

0 Табиғи монополиялар салаларында қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 23) тармақшасына, 14-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, 14-1-бабы 1-тармағының 4-1) және 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3531 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 30 сәуірде N 18 нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 наурыздағы N 85-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесінде:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) уәкiлеттi орган - табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
7-тармақта:
1) тармақшада "табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органға" деген сөздер "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада "табиғи монополиялар салаларындағы қызметке бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның" және "табиғи монополиялар салаларындағы қызметке бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органның" және "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алынып тасталсын.

2 2. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 19.07.2013 № 215-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3 3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 № 550 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е.Ш.Әлиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1 1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;

2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

6 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.

7 7. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы