Қолданыстағы ред. 07.07.2006 (Редакция 29228_230689.kaz)

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы от 07.07.2006 г. № 444 (Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы)

0

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына
әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-тармакшасын басшылыққа алып Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке шаруашылыққа мал тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге 30000 теңгеден 70000 теңгеге дейінгі мөлшерде біржолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – әлеуметтік көмек) берілуі қамтамасыз етілсін.

2

2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ж.С. Карымбаев) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушының тиісті селолық округтегі учаскелік комиссияға әлеуметтік алудағы мақсатын және қызметінің түрлерін көрсетіп тапсырған өтінішінің негізінде оған тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік көмек тағайындалып төленуі қамтамасыз етілсін,
онда алынған қаржы сомасы аударылсын, жеке шотының нөмірі көрсетіледі және мынадай құжаттар тіркеледі:

1

1) тұқым сатып алуға - жер учаскесінің бары туралы анықтама немесе жерді жалға беру туралы шарт;

2

2) халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға негіздеме есеп (бизнес-жоспар).
Кәсіптік даярлықтан өткен жұмыссыздарға бұған қосымша оқу орнының оқу үлгерімінің деңгейі және бизнес-жоспарға берілген баға көрсетілген кепілдемемен қоса мамандық берілгені туралы куәлік;

3

3) аудандык жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, әлеуметтік көмек алушы және учаскелік комиссия төрағасы селолық округ әкімі арасындағы үш жақты келісім.

3

3. Аудандык Қаржы бөлімі (Д.М.Сансызбаев) аудандық бюджетте қарастырылған қаржының негізінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес аз қамтамасыз етілген отбасыларына қаржылай әлеуметтік көмек жөніндегі мәселені шешсін.

4

4. Осы қаулының орындалуын бакылау аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ермекұлы Далабаевқа жүқтелсін.

5

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң колданысқа енгізілсін.

9

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы "7" шілдедегі № 444 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына келісу
Келісу нәтижелері: