Қолданыстағы ред. 29.06.2006 (Редакция 29245_213786.kaz)

Баянауыл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота тағайындау туралы от 29.06.2006 г. № 120/7 (Баянауыл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота тағайындау туралы)

0

Баянауыл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Тұрғандарды жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 6 тармағына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мүгедектерін әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабы 2 тармағы 3 тармақшасына сәйкес әлеуметтік қорғауды аса қажет ететін және жұмыс іздеуде қиыншылыққа кезігіп жүрген мүгедектерді қосымша кепілдіктермен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Меншік түріне қарамастан Баянауыл ауданындағы кәсіпорындардың, мекемелердін және ұйымдардың жұмыс орнының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін квота тағайындалсын.

2

2. Баянауыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Сүлейменв Қ.З.) мүгедектердің жұмыс таңдауына ықпал етіп, жұмысқа орналасуға жолдама берсін.

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Ф. Рахымоваға жүктелсін.