О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казавиамет" Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казавиамет" Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазавиамет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 758
- Қабылданған күні
- 11.08.2006
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2015 AI29280_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060000758_
- ЭКБ идентификаторы
- 29280
- Редакция идентификаторы
- AI29280_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:00
0 Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазавиамет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазавиамет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазаэросервис" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
шарт негiзiнде азаматтық авиацияның және басқа да ведомстволардың әуе кемелерiнiң ұшуын сапалы метеорологиялық қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
әуе кемелерi ұшуының қауiпсiздiгiне, тұрақтылығына және тиiмдiлiгiне жәрдемдесу;
метеорологиялық жабдықтардың және басқа да техникалық құралдардың жұмысына жоғары сенiмдiлiктi қамтамасыз ету.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
қоғамның жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне берсiн.
5 5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
7 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 11 тамыздағы
N 758 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-105-жолмен толықтырылсын:
"123-105. "Қазаэросервис" АҚ".
3 3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 300-жолмен толықтырылсын:
"300. "Қазаэросервис" АҚ".