Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи сертификатов о прохождении курсов повышения квалификации аудиторов

Бұйрық · № 278 · қабылданған 31.07.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-29300/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи сертификатов о прохождении курсов повышения квалификации аудиторов Күшін жойған Бұйрық ·№ 278 ·31.07.2006
06.07.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи сертификатов о прохождении курсов повышения квалификации аудиторов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 278 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи сертификатов о прохождении курсов повышения квалификации аудиторов
Атауы (қаз.)
Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесін бекіту
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
278
Қабылданған күні
31.07.2006
Көрсетілген редакция
06.07.2021 29300_529146.kaz
Соңғы өзгеріс
06.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004337_
ЭКБ идентификаторы
29300
Редакция идентификаторы
29300_529146
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:03

0 Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесін бекіту

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н.Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен заңнамада белгіленген жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық 2006 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
N 278 бұйрығымен
бекітілген
Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесі

1

1. Осы Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымның (бұдан әрі - кәсіби ұйым) аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар (бұдан әрі - сертификат) беру тәртібін айқындайды.

2 2. Кәсіби ұйымның мүшелері болып табылатын аудиторлар үш жылда бір реттен жиі емес аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өтеді.

3 3. Кәсіби ұйымда аудиторлардың біліктілігін тұрақты арттырудың мақсаты аудиторлар меңгерген кәсіби білімдер мен дағдыларды тереңдету, бұрын алған білімдерін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ аудит жөнінде ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.

4 4. Аудиторлардың біліктілігін арттыру кәсіби ұйымның басшысы бекіткен біліктілікті арттырудың жоспар-кестесіне сәйкес жүргізіледі, ол кәсіби ұйымның ресми сайтында орналастырылады.

2 2. Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру

5 5. Сертификат беру үшін кәсіби ұйым:

өзінің мүшелерін халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына, сондай-ақ аудиторлық қызмет саласындағы заңнаманың өзгерістері мәселелері бойынша оқытады;
тыңдаушыларды тиісті оқу материалдарымен қамтамасыз етеді;
қазіргі заманғы оқу-материалдық база құрады.

6 6. Біліктіліктілігін арттырудан табысты өткен аудиторларға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат беріледі.

7 7. Сертификаттар конференциялар, конгрестер, съездер мен өзге ұқсас іс-шаралар барысында берілмейді.

8 8. Кәсіби ұйым берілген сертификаттардың тізілімін жүргізеді.

1 Аудиторлардың біліктілігін

арттыру курсынан өткені
туралы сертификаттар беру
ережесіне 1-қосымша
___________________________________________________________ берілді
(аты-жөні)
ол 20__ жылғы "___" _______ бастап "___" ________ қоса алғанда
____________________________________________________________________
(кәсіби ұйымның атауы)
жалпы көлемі ____________________________ сағат
_______________________________________________________________курсы
бойынша біліктілігін арттырудан өтті
____________________________________________________________________
(Кәсіби ұйым басшының аты-жөні, қолы)
Мөр орны
Берілген күні 20___ жылғы "___" ____________

Қолданыстағы