Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О Региональной группе реализации проекта в области здравоохранения

Өзге акт · № 1-604р · қабылданған 29.04.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2931/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О Региональной группе реализации проекта в области здравоохранения Күшін жойған 29.04.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О Региональной группе реализации проекта в области здравоохранения

Күшін жойған Өзге акт № 1-604р 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Региональной группе реализации проекта в области здравоохранения
Атауы (қаз.)
Денсаулық сақтау жобасын жүзеге асырудың аймақтық тобын құру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1-604р
Қабылданған күні
29.04.1999
Көрсетілген редакция
29.04.1999 2931_260805.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99V0000172
ЭКБ идентификаторы
2931
Редакция идентификаторы
2931_260805
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:11
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Денсаулық сақтау жобасын жүзеге

асырудың аймақтық тобын құру туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2004 жылғы 19 тамыздагы N 94 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Қайта Жаңғырту мен Дамытудың
Халықаралық Банкiсi арасындағы 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N Р 359-0 KZ
Келiсiм-Хатқа сәйкес несие алдындағы аванстың (РРF) ұсынысы бойынша
облыста денсаулық сақтау жобасын жүзеге асыру үшiн:

1. Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының әкiмi жанында

Жобаны жүзеге асырудың Аймақтық тобы құрылсын.

2. Жобаны жүзеге асырудың Аймақтық тобын қаржыландыру Жаңғырту мен

Дамытудың Халықаралық Банкiнiң қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.

3. Жобаны жүзеге асырудың Аймақтық тобының Ережесi бекiтiлсiн

(қосымша).

4. Жобаны жүзеге асырудың Аймақтық тобының Үйлестiрушiсi болып

Құсайынoва Айгүл Қазықызы тағайындалсын.

5. Жобаны жүзеге асырудың Аймақтық тобының iс-қимылдарына бақылау

жасау Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Т.Ж.Абайдiлдинге
жүктелсiн.

6 Қазақстанның денсаулық сақтау жөнiндегi жобасын жүзеге асырудың Аймақтық тобы туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
1999 жылғы 30 сәуірдегі
N 1-604ө өкіміне қосымша
Қазақстанның денсаулық сақтау жөнiндегi
жобасын жүзеге асырудың Аймақтық тобы туралы
Е Р Е Ж Е

1. Жалпы ереже

1. Қазақстан Республикасы мен Жаңғырту және Дамытудың Халықаралық

Банкi (ЖДХБ) арасындағы N Р 359-0 KZ Келiсiм-Хаттың (мәтiнде бұдан былай
"Келiсiм") шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Несие
алдындағы аванс (РРF) қаражаттарын қарызға алушы ретiнде Қазақстанның
денсаулық сақтау жөнiндегi жобасын жүзеге асыру үшiн берiлген қаражаттарды
мақсатты және тиiмдi пайдалану және оларды уақтылы қайтару үшiн
жауапкершiлiкте болады.

2. Келiсiмнiң шарттарына байланысты және жобаны тиiмдi жүзеге асыру

мен Шығыс Қазақстан облысындағы денсаулық жөнiндегi жобаны (мәтiн бойынша
бұдан былай "Жоба") жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi шұғыл шешу
мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң жанында Жобаны жүзеге асырудың
аймақтық тобы (ЖЖААТ) құрылады.

3. Жобаны жүзеге асырудың аймақтық тобы (мәтiн бойынша бұдан былай

"Топ") Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт
министрлiгiнiң Денсаулық сақтау комитетi жанындағы жобаны жүзеге асыру
тобының бөлiмшесi және облыс әкiмiнiң мамандандырылған бөлiмшесi болып
табылады және автономды түрде жұмыс iстейдi.

4. Топ өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен

заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң нормативтiк
актiлерiн, ЖДХБ ережелерi мен процедураларын, Келiсiмнiң ережелерiн,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң
Денсаулық сақтау Комитетiнiң және жобаның мақсаттары мен мiндеттерi
бойынша Топтың iс-қимылына қатысы бар ведомстволардың тиiстi құжаттарын
және осы Ереженi басшылыққа алады.

5. Топтың iс-қимылын облыс әкiмiнiң орынбасары тiкелей үйлестiредi,

ол Топтың сақтау басқармасымен және облыс әкiмi аппаратының басқа да
құрылымдық бөлiмшелерiмен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы
ведомстволармен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi.

6. Облыс әкiмiнiң аппараты Топтың қалыпты қызмет iстеуi үшiн қажеттi

ұйымдық-өндiрiстiк жағдайды қамтамасыз етедi.

2. Топтың мiндеттерi мен функциялары

7. Топтың мiндеттерi - Шығыс Қазақстан облысында Жобаны жүзеге асыру

үшiн қажеттi қызметтердi ұсынуға жергiлiктi консультанттарды, сондай-ақ
тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi ұсынуға жергiлiктi заңды
тұлғаларды белсендi тарта отырып жобаны тиiмдi жүзеге асыру, сондай-ақ
ЖДХБ ережелерi мен процедураларының орындалуын қамтамасыз ету болып
табылады.
Осыған орай Топ:

1) облыста Жобаны жүзеге асыру жөнiндегi шараларды жүргiзедi;

2) Жобаның экономикалық тиiмдiлiгiне талдау жүргiзедi;

3) Жоба компоненттерi бойынша (есептердi, ұсыныстар мен басқа

құжаттарды зерттеу негiзiнде) облыстағы жұмыстардың көлемi мен тiзбесiн
негiздейдi және айқындайды;

4) облыста Жобаны әзiрлеу және жүзеге асыру жөнiнде ЖДХБ және

донор-елдердiң миссияларымен жұмысты ұйымдастырады және жүргiзедi;

5) әкiм және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Комитетiнiң

жанындағы жобаны жүзеге асыру тобы үшiн Жобаның жекелеген компоненттерi
бойынша немесе Жоба бойынша баяндамалар мен есептер әзiрлейдi.

3. Топтың жауапкершiлiгi

8. Топ өз мiндеттерiн сапалы орындау және Жобаны тиiмдi жүзеге асыру

мақсатында:

1) жыл сайынғы жұмысшы бағдарламаларды уақтылы тапсыру;

2) тапсырылатын есептер мен баяндамалардың дұрыстығы мен сапасы;

3) Жобаны жүзеге асыруға қажеттi ұсыныстарды уақтылы және сапалы

әзiрлеу;

4) Жобаның техникалық жағынан толықтырылуы, бұған консультанттарға

арналған техникалық тапсырмалар және орындалатын жұмыстар мен сатып
алынатын тауарлар және қызмет көрсетулер бойынша техникалық
ерекшелiктемелер әзiрлемесi қосылады;

5) Келiсiм шарттарының, Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ

ЖДХБ мен донор-елдердiң ережелерi мен процедураларының сақталуы үшiн жауап
бередi.

4. Топтың құқықтық мәртебесi

9. Топ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт

министрлiгi Денсаулық сақтау комитетiнiң жанындағы Жобаны жүзеге асыру
Тобының (ЖЖАТ) дербес құрылымдық бөлiмшесi және облыс әкiмi жанында
құрылған мамандандырылған бөлiмше болып табылады. Топ үйлестiрушiсi облыс
әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасарына және ЖЖАТ директорына
есеп бередi.

5. Топ персоналы

10. Топ персоналы үйлестiрушiден және:

1) Топ iс-қимылының барлық уақытына;

2) нақты мерзiмге немесе Жобаның жекелеген тапсырмасын немесе

компонентiн орындау кезiне уақытша контракт негiзiнде Топқа
қызметкер-консультант ретiнде жалданатын жергiлiктi қызметкерлерден және
техникалық қызметшiлерден тұрады.

11. Топтың құрылымы мен штаттық кестесi Топты ұстауға арналған

Келiсiмге сәйкес бөлiнетiн қаражаттарға орай айқындалады.

12. Топтың үйлестiрушiсi қызметiн өзiнiң және облыс әкiмiнiң

әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары арасындағы контрактiге сәйкес
жүзеге асырады.

13. Консультант-қызметкерлер өз қызметiн олардың әрқайсылары мен

облыс әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары арасындағы
контрактiге сәйкес жүзеге асырады.

14. Топ үйлестiрушiсi Топтың бүкiл iс-қимылына басшылықты жүзеге

асырады және Жоба бойынша мiндеттер мен функциялардың орындалуы үшiн жеке
басымен жауап бередi.

15. Топ үйлестiрушiсiнiң Топ атынан облыс әкiмiнiң, ведомстволардың,

басқа да ұйымдардың және азаматтардың атына жiберiлетiн құжаттарға қол
қоюға құқы бар.

16. Топтың консультант-қызметкерлерiне арналған тапсырмалар сипаты

мен функциялық мiндеттерi контрактiмен айқындалады.

6. Консультанттардың еңбекақысы және қосымша ақы

17. Топтың штат кестесi, консультант-қызметкерлер мен техникалық

қызметкерлердiң лауазымдық еңбекақыларының мөлшерi келiсiмге сәйкес Топты
ұстауға бөлiнген қаражаттар шегiнде айқындалады.

18. Топтың консультант-қызметкерлерiне еңбекақы төлеу және қосымша

ақы төлеу РРF қаражаттары есебiнен көрсеткен қызметi үшiн сыйақы (гонорар)
төлеу арқылы жүргiзiледi.

19. Заңда көзделген әлеуметтiк аударымдарды есепке алып қызмет

көрсеткенi үшiн сыйақы төлеудiң мөлшерi мен олардың мерзiмдерi Топтың
әрбiр консультант-қызметкерiнiң жеке контрактiсiнде белгiленедi.
Контрактiде Қазақстан Республикасының еңбек заңдылығына сәйкес тараптардың
барлық құқықтары мен мiндеттерi, жұмыс шарттары мен көрсеткен қызметi үшiн
сыйақылар, оның iссапарлық шығындарын, жоғары сапалы жұмысы үшiн
сыйлықтар, еңбек демалыстарына, аурулығы жөнiнде төлем, немесе басқа да
әлеуметтiк және сақтандыру кепiлдiктерi атап көрсетiледi.

20. Топтың консультант-қызметкерлерi мен техникалық қызметкерлерi

Қазақстан Республикасының заңдарына көзделген барлық әлеуметтiк
аударымдарды жасаулары керек, олардың үлесi көрсеткен қызметтерi үшiн
оларға айлық сыйақылардың көлемiн белгiлеген кезде ескерiлуi тиiс.

7. Консультант-қызметкерлердiң сыйақыларына, сондай-ақ жоба шеңберiнде алынатын тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге салық салу

21. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 бабы 3 тармағына сәйкес

Қазақстан Республикасының қабылдаған және бекiткен халықаралық шарттары
ережелерiнiң ұлттық заңдарға қарағанда басымды маңызы бар.

22. Келiсiмнiң шарттары бойынша РРF-тың қаражаттары Топты

қаржыландыру көзi болып табылады. Топтың консультант-қызметкерлерi мен
техникалық қызметкерлерiнiң сыйақылары Қазақстан Республикасының
салықтарын салудан және жергiлiктi салықтардан (ҚҚС, кiрiс және акциздiк
салықтар және т.б.) босатылады.

23. РРF қаражаттары есебiнен Жоба мақсаттары үшiн алынатын тауарлар,

жұмыстар мен қызмет көрсетулер кедендiк баждар мен алымдардан босатылады.

8. Топ мүлiгi

24. Топтың мүлiгi мыналардың есебiнен құрастырылады:

1) әкiмнiң оған берген мүлiгiнен;

2) РРF қаражаттары есебiнен алынған мүлiктен.

25. Топтың РР­ қаражаттары есебiнен алынған мүлiгi Жобаны жүзеге

асыру мақсаттары үшiн ғана пайдаланылуы мүмкiн және Топтың қызметi
аяқталғаннан кейiн ол әкiмге немесе олардың арасындағы келiсiм негiзiнде
Жобаны жүзеге асыруға қатысушы ведомстволарға берiледi. әкiмнiң Топқа
берген мүлкi оның қызметi тоқтатылғаннан кейiн әкiмге қайтарылады.

9. Топтың iс-қимылының тоқтатылуы

26. Топтың функциялық мерзiмi Келiсiммен айқындалады.

27. Топ өзiнiң iс-қимылын ЖДХБ-мен келiсiм бойынша облыс әкiмiнiң

Жобаның аяқталуы және соған байланысты процедуралар туралы шешiмiнiң
негiзiнде тоқтатады.

28. Жобаның аяқталуына дейiн Топтың iс-қимылының тоқтатылуы тек

белгiленген тәртiппен Келiсiм шарттарына өзгертулер енгiзiлсiн және осы
мәселе бойынша Қазақстан Республикасы мен ЖДХБ-ның өзара келiсiлген
шешiмдерi қабылданған жағдайда мүмкiн болады, ол туралы Үкiметтiң тиiстi
қаулысы қабылданады және әкiмнiң тиiстi шешiмi шығарылады.

29. Басқа жағдайларда Топтың iс-қимылын тоқтатуға болмайды.

Облыстық денсаулық сақтау
басқармасының бастығы