Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил ветеринарно-санитарной обработки транспортных средств (автомобильный, железнодорожный, воздушный, водный) до и после перевозки в них животных и других подконтрольных государственному ветеринарному контролю грузов

Бұйрық · № 432 · қабылданған 03.07.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-29336/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении правил ветеринарно-санитарной обработки транспортных средств (автомобильный, железнодорожный, воздушный, водный) до и после перевозки в них животных и других подконтрольных государственному ветеринарному контролю грузов Күшін жойған Бұйрық ·№ 432 ·03.07.2006
13.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил ветеринарно-санитарной обработки транспортных средств (автомобильный, железнодорожный, воздушный, водный) до и после перевозки в них животных и других подконтрольных государственному ветеринарному контролю грузов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 432 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил ветеринарно-санитарной обработки транспортных средств (автомобильный, железнодорожный, воздушный, водный) до и после перевозки в них животных и других подконтрольных государственному ветеринарному контролю грузов
Атауы (қаз.)
Жануарларды және басқа да мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктерді тасымалдағанға дейін және одан кейін көлік құралдарын (автомобиль, теміржол, әуе, су) ветеринариялық домдау туралы ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
432
Қабылданған күні
03.07.2006
Көрсетілген редакция
13.02.2012 AI29336_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004339_
ЭКБ идентификаторы
29336
Редакция идентификаторы
AI29336_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:12

0 Жануарларды және басқа да мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктерді тасымалдағанға дейін және одан кейін көлік құралдарын (автомобиль, теміржол, әуе, су) ветеринариялық домдау туралы ережесін бекіту туралы

Ветеринариялық бақылауға жататын жүктерді тасымалдағанда адам және мал денсаулығына қатерлі жұқпалы және экзотикалық аурулардың алып келуіне, таралуына жол бермеу үшін, сонымен қатар, жануар текті өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Ұсынылып отырған "Жануарларды және басқа да мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктерді тасымалдағанға дейін және одан кейін көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе, су) ветеринариялық-санитариялық домдау ережесі" бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария департаменті (Қожамұратов А.Ә.) облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірлесе отырып осы бұйрықтан туындайтын керекті шаралар қабылдасын.

3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілген:
Көлік және коммуникация
министрі
2006 жылғы 7 шілде

0 Жануарларды және басқа да мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктерді тасымалдағанға дейін және одан кейін көлік құралдарын (автомобиль, теміржол, әуе, су) ветеринариялық-санитариялық домдау туралы Ереже

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылық министрінің
2006 жылғы 3 шілдедегі
N 432 бұйрығымен бекітілген
Жануарларды және басқа да мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктерді тасымалдағанға дейін және одан кейін көлік құралдарын (автомобиль, теміржол, әуе, су) ветеринариялық-санитариялық домдау туралы Ереже

1 1. Жалпы ереже

1

1. Жануарларды және басқа да мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктерді тасымалдағанға дейін және одан кейін көлік құралдарын (автомобиль, теміржол, әуе, су) ветеринариялық-санитариялық домдау туралы Осы ереже (одан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 21-бабына сәйкес дайындалған және көлік құралдарына ветеринариялық-санитариялық домдау жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.

2

2. Жануарларды және басқа да мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын жүктерді тасымалдағанға дейін және одан кейін көлік құралдарын (автомобиль, теміржол, әуе, су) ветеринариялық-санитариялық домдау жүргізу шараларын ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті құрылымдары Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына және ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ереженің талаптарына сәйкес жүргізеді.

2 2. Көлік құралдарына ветеринариялық-санитариялық домдау

3 3. Көлік құралдары, тасымалданатын жүктің ветеринариялық-санитариялық сипатына және олардың ветеринариялық-санитариялық бағалауына байланысты үш категорияның біреуімен домдалады:

1 1) бірінші;

2 2) екінші;

3 3) үшінші.

4 4. Бірінші категория бойынша домдау келесідей жүк тасыған көлік құралдарына жүргізіледі :

1 1) жұқпалы аурулардан таза пункттерден шыққан дені сау жануарлар (оның ішінде құстар, аңдар, зоопарк жануарлары, аралар, бауырымен жорғалаушылар);

2 2) дені сау жануарлардан алынған өнімдер және шикізаттар.

Сонымен қатар, бірінші категория бойынша домдау сойылған малдардың етін және ет өнімдерін, жемдік астық пен құнарлы жемдер тасыған көлік құралдарына жүргізіледі.

5 5. Екінші категория бойынша домдау келесідей жүк тасыған көлік құралдарына жүргізіледі:

1 1) тасымалдау кезінде ауру немесе жұқпалы ауруларға күдікті, сонымен қатар жұқпалы немесе жұқпайтын аурулардан өлген жануарлар (құстар) табылған жағдайда;

2 2) жұқпалы аурумен ауыратын жануарлардан және құстардан өндірілген немесе жұқпалы аурулардан таза емес пункттерден өндірілген өнім және шикізаттар тасымалдаған көліктер;

3 3) акклиматизациялау және өсіруге арналған тірі тауарлы балықтар, ұрықтандырылған уылдырықтар, шаяндар;

4 4) экспорттаушы мемлекетте ыстық жуудан өткен, импорттық жүн.

Сонымен қатар, екінші категория бойынша ветеринариялық-санитариялық домдауға асыл тұқымды, күнделікті қолданылатын, цирктегі, зоопарктегі жануарларды, жарысқа жіберетін жануарларды және ет, ет өнімдерін экспортқа шығарып тасымалдайтын көліктер жатады.

6 6. Үшінші категория бойынша домдауға келесідей жүк тасыған көлік құралдары жатады:

1 1) жолда жүрген кезінде немесе түсірілу кезінде жануарлар арасында Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның аса қауіпті аурулар тізіміне енген аурулар анықталса, немесе осы аурулардан өлгені анықталса;

2 2) сібір жарасына зерттелмеген тері шикізаты;

3 3) эпизоотиялық жағдайы сәтсіз мемлекеттерден әкелінген (импорт) жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттар;

4 4) камералық өңдеуден және ыстық жуудан өтпеген импорттық жүн, қылшық, шаш, мамық, қауырсын, түбіт, және тағы сол сияқты шикізаттар;

5 5) ветеринариялық-санитариялық шығу тегі белгісіз мал шаруашылығы жүктері;

6 6) Қазақстан Республикасында кездеспейтін, жануарлардың жұқпалы ауруларынан сәтсіз мемлекеттерден әкелінген шикізаттар мен жартылай фабрикаттар;

7 7) жиналған және даладан жиналған сүйектер.

7

7. Бірінші категория бойынша ветеринариялық-санитариялық домдаудан өткізілетін көлік құралдарын, біріншіден қидан, қоқыстан, қалдықтардан және кірден тазартады, содан кейін жуады. Жууды ыстық сумен жүргізеді. Қабырғаларды жуатын судың температурасы 60 0 С және қысымы 2 атмосферадан төмен болмауы керек. Бастапқыда еден және құрал-жабдықтарды, содан кейін қабырғаларды, төбені және есіктің ішкі жағын және торларды жуады. Жуылмай қалған кірді қырғыштың, щетканың және сыпырғыштың көмегімен кетіреді. Содан кейін екінші қайтара еденді, басқа да құрал-жабдықтарды, кірі толығымен кеткенше ағын сумен жуады. Жууды қабырғаны домдаумен аяқтайды.

8 8. Көлік құралдарын жуу үшін су жоғары қысымда берілуі тиіс, бұл үшін судың ағысы 14 атмосфералық қысымда болатын арнайы машина қолданылады.

9

9. Екінші категория бойынша ветеринариялық-санитариялық домдаудан өтетін көліктерді механикалық әдіспен тазалайды, жуады және заласыздандырады. Механикалық тазалау алдында ішкі қабырғаларды және еденді, немесе қидың үстіңгі қабатын, сонымен қатар көлік ішіндегі барлық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру ерітінісімен ылғалдандырады.

10

10. Ылғалдандыратын залалсыздандыруды өткізу үшін шашатыны бар қондырғыны қолданады. Бастапқыда залалсыздандыруды еденге, содан кейін қабырғаларға және төбеге жасайды, осыдан кейін еденді екінші рет залалсыздандырады. Залалсыздандырғыш ерітіндіні мүмкіндігінше бұрышқа туралай бірқалыпты көлік құралдарының ішінің барлық беткейіне шашыратады. Әсіресе бұрыштарды, тесіктерді, есіктерді және есіктің ішкі жағын ерітіндімен мұқият суландырады. Көлік құралдарының сыртқы қабырғаларын міндетті түрде заласыздандырады.

11 11. Көліктер барлық құрал-жабдықтарымен бірге осы Ереженің 1 қосымшасында көрсетілген залалсыздандырушы заттардың бірімен домдалады.

12 12. Металдарды коррозияға ұшырататын залалсыздандырушы заттарды қолдануға болмайды.

13

13. Құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты, әуе көліктерін дезинфекциялау үшін олардың қорғау қабаты мен байланыс жүйесін зақымдауы мүмкін, жоғары қысымды домдау және химиялық заттар қолданылмайды. Сондықтан, әуе кемелерінің жүк бөлімдерін залалсыздандыру, тиісті сақтық шараларын орындай отырып, азаматтық авиацияның қолданыстағы нұсқаулары мен нормативтік құқықтық актілері және ветеринариялық талаптар негізінде жүргізіледі.

14 14. Изотермиялық вагондарды және контейнерлерді екінші категория бойынша домдауды будың көмегімен келесі режимде жүргізуге болады:

1 1) механикалық тазартылғаннан кейін көлік құралын қысымы 14 атмосферадан (140 кг/см 2 ) кем емес, температурасы 60-80 0 С ыстық сумен жуады;

2 2) көлік құралының ішкі көлемін (алдын ала герметизация жасап) қысымы 2-5 атмосферада, температурасы 120 0 С бумен 15 минут бойы толтырады және вагонға немесе контейнерге бу толғаннан кейін экспозициясы 30 минут жүргізіледі.

15

15. Екінші категория бойынша аэрозольді залалсыздандыру жүргізу үшін сағатына 30 куб метрден кем емес өндіргіш компрессормен бірге аэрозольді қондырғылар қолданады. Аэрозольді дезинфекция жасағанда бөлме герметикалық жабық болуы керек, температурасы 12 0 С кем емес, салыстырмалы ылғалдылығы 60% жоғары болуы керек.

16 16. Үшінші категория бойынша ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жататын көліктерді қидан және кірден тазартады, содан кейін залалсыздандырады.

Механикалық тазалау алдында ішкі қабырғаларын, еденді, қидың беткі қабатын, сонымен қатар құрал-жабдықтарды дезинфекциялайтын ерітінділермен суландырады. Ішіндегі бағалы емес құрал-жабдықтарды, қиды және қоқысты өртейді.
Залалсыздандыратын заттарды, көлік құралдарының залалсыздандыратын беткейіне шашады. 30 минут өткеннен соң ұқыптап ыстық сумен (60 0 С төмен емес) кірі толығымен кетіп ағынды су таза болғанға дейін жуады. Көлік құралдарын жуып болғаннан кейін қайтадан сол залалсыздандырушы ерітінді мен 4-5 рет суландыру жолымен ішкі беткейіне шашыратады. Залалсыздандыруды қайталағаннан белгілі бір уақыт өткеннен кейін көлік құралын ыстық сумен жуады.

17 17. Көліктерге үшінші категория бойынша ылғалды залалсыздандыруды осы ереженің 2 қосымшасында көрсетілген залалсыздандырушы заттарды қолдану арқылы жүргізеді.

18 18. Қазақстан Республикасының аумағына жұқпалы және экзотикалық аурулар кіріп таралмау мақсатында, республика аумағына, өте қауіпті аурулар тіркелген мемлекеттерден келген көлік құралдары, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 20-бабының 5 тармағына сәйкес заласыздандыруға жатады.

Қыс мерзімі ұзақ емес, қоршаған ортаның температурасы 0 0 С төмен емес аумақтарда (үшінші климаттық белдік - Қазақстан Республикасының Қытай Халықтық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Түркменстан Республикасымен шекарасында) автокөліктерді залалсыздандыру ашық, жылытқышы бар залалсыздандыру кедергілерінде өткізеді.
Қысы суық және жазы ыстық аймақтарда (бірінші және екінші климаттық белдеулер) Қазақстан Республикасы - Қытай Халық Республикасы, Қазақстан Республикасы - Монғол Халық Республикасы, Қазақстан Республикасы - Ресей Федерациясы аралығындағы шекарада, жел өтімі қатты соғатын (25м/сек) аймақтарда, автокөліктерді заласыздандыру және жуып-шаю жабық жылуы бар залалсыздандыру кедергілерінде, немесе залалсыздандыру блоктарында өткізеді.

19

19. Залалсыздандыру кедергісі (заласыздандыру блогы) мемлекеттік шекарадан өткізу бекетіне кірер жағында орналастырылады. Ол көлік құралдарының доңғалақтарын, астын, қозғалыс бөліктерін механикалық тазалауға және жууға аққан сулар мен қолданылған дезенфектанттарды бейтараптауға керекті қосымша ветеринариялық-санитариялық құралдармен қамтамасыз етіледі.
Залалсыздандыру кедергісі (залалсыздандыру блогы), Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік шекарадан өткізу бекеті кешенінің құрамында жобаланып, құрылысы салынады.
Дезинфекциялаушы ваннаның өлшемдері: ерітіндінің айнасы бойынша ұзындығы - 12 метр, ені - 3,5 метр, тереңдігі - 60 сантиметр, ерітінді қабаты 30 сантиметр болады.

20 20. Залалсыздандыру кедергісінде (залалсыздандыру блогында) көліктің қозғалыс бөліктерін ветеринариялық-санитариялық домдауға келесі операциялар кіреді:

1 1) көліктің қозғалыс бөліктерін және түбін тазалау және жуу;

2 2) залалсыздандыру ванналарын дезинфектанттың жұмыс ерітіндісімен толтыру;

3 3) көлік құралын залалсыздандыру кедергісінде (блогында) шаю арқылы домдау (доңғалағы және асты);

4 4) көліктің қозғалыс бөліктерінен заласыздандыру ерітіндісінің қалдығын сарқу.

1 Екінші дәреже бойынша көлік құралдарына залалсыздандыруға пайдаланатын дәрі-дәрмектер

Жануарларды және басқа да
мемлекеттік ветеринариялық
бақылауға жататын жүктерді
тасымалдағанға дейін және
одан кейін көлік құралдарын
(автомобиль, теміржол, әуе,
су) ветеринариялық-санитариялық
домдау туралы Ережесіне
1 қосымша
Екінші дәреже бойынша көлік құралдарына залалсыздандыруға пайдаланатын дәрі-дәрмектер
Дез­ин­фек­тант
Дез­ин­фек­ция әді­сі
Жұ­мыстық ер­т­ін­ді­нің кон­цен­тра­ци­я­сы (%)
Шы­ғы­ны  л/м 2
Экс­по­зи­ци­я­сы, са­ғат­пен
Хлор­лы әк
Фор­маль­де­гид
Ка­у­сти­ка со­да­сы
Фор­маль­де­гид­тің сі­л­ті­лі ері­т­ін­ді­сі (ка­у­стик және фор­маль­де­гид)
Глу­тар­лы аль­де­гид
На­трий(каль­ций) ги­по­хло­ри­ті
Глак
Бей­та­рап­ты Б мар­ка­лы ги­по­хло­рит
Хло­ра­мин
Фор­маль­де­гид
Ас­қын сір­ке қыш­қы­лы
Глу­тар­лы аль­де­гид
Фор­маль­де­гид
Ылғал­ды
Ылғал­ды
Ылғал­ды
Ылғал­ды
Ылғал­ды
Ылғал­ды
Ылғал­ды
Ылғал­ды
Ылғал­ды
Аэро­золь­ді
Аэро­золь­ді
Аэро­золь­ді
Фор­ма­лин буы
2 - 3
2
3 - 4
1 - 3 (ка­уст)
2 - 3(форм)
5
3
0,2
3
5
38-40
5
25
38-40
0,5
0,5
0,5
0,5
0,5
0,75
0,5
0,5
1
0,5
40 мл/м 3
50 мл/м 3
65 мл/м 3
50 мл/м 3
1
1
1
1
1
1
3
3
3
1
1
1
2
3

2 Үшінші дәреже бойынша көлік құралдарын залалсыздандыруға пайдаланатын дәрі-дәрмектер

Жануарларды және басқа да
мемлекеттік ветеринариялық
бақылауға жататын жүктерді
тасымалдағанға дейін және
одан кейін көлік құралдарын
(автомобиль, теміржол, әуе,
су) ветеринариялық-санитариялық
домдау туралы Ережесіне
2 қосымша
Үшінші дәреже бойынша көлік құралдарын залалсыздандыруға пайдаланатын дәрі-дәрмектер
Дез­ин­фек­тант
Дез­ин­фек­ция әді­сі
Жұ­мыстық ер­т­ін­ді­нің кон­цен­тра­ци­я­сы, %
Шы­ғы­ны л/м 2
Экс­по­зи­ци­я­сы са­ғат­пен
Каль­ций
ги­по­хло­ри­ті
Хлор­лы әк
Фор­маль­де­гид
Глу­тар­лы аль­де­гид
Фор­маль­де­гид
Фор­маль­де­гид
Фор­маль­де­гид
Ылғал­ды
Ылғал­ды
Ылғал­ды
Ылғал­ды
Аэро­золь­ді
Фор­маль­де­гид буы
Фор­маль­де­гид буы
5
5
4
5
38-40
38-40
38-40
0,5+1,0
0,5+1,0
0,5+1,0
1,0
60 мл/м 3
100 мл/м 3
175 мл/м 3
30+30 мин
30+30 мин
30+30 мин
3 са­ғат
3 са­ғат
6 са­ғат
3 са­ғат

Қолданыстағы