Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Украины о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте товаров (работ, услуг)

Заң · № 380-I · қабылданған 10.05.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2935/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Украины о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте товаров (работ, услуг) Қолданыста 10.05.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Украины о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте товаров (работ, услуг)

Қолданыста Заң № 380-I 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Украины о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте товаров (работ, услуг)
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алудың принциптері туралы келісімді бекіту жөнінде
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
380-I
Қабылданған күні
10.05.1999
Көрсетілген редакция
10.05.1999 AI2935_0.kaz
Соңғы өзгеріс
10.05.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z990000380_
ЭКБ идентификаторы
2935
Редакция идентификаторы
AI2935_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:10
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алудың принциптері туралы келісімді бекіту жөнінде

Киевте 1997 жылғы 13 маусымда жасалған Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы Тауарлардың (жұмыстардың,
қызметтердің) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алудың
принциптері туралы келісім бекітілсін.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) экспорты мен импорты
кезінде жанама салықтарды алудың принциптері туралы
Келісім
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 3, 27-құжат)
(1999 жылғы 31 мамырда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 86 бет)
Бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын, Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі,
сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, шаруашылық
субъектілері үшін теңдей мүмкіндіктерді орнатуға және адал ниетті
бәсекелестік үшін жағдай жасауға ұмтыла отырып,
халықаралық сауданың жалпы қабылданған нормалары мен қағидаларын
нысанаға ала отырып,
төмендегілер жөнінде келісті:
1-бап
Жалпы айқындамалар
Осы Келісімнің мақсаттары үшін:

а) "жанама салықтар" термині қосылған құнға салықты және акциздік (акциздік салықты немесе акциздік алымды) білдіреді;

б) "нөлдік ставка" термині Уағдаласушы Тараптардың салық туралы заңдарымен белгіленген тәртіппен көзделгендей, нөл процент ставкасы бойынша қосылған құнға салынған салықты білдіреді;

в) "құзыретті органдар" термині Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін, Украина тарапынан - Украина Қаржы министрлігін білдіреді.

2-бап

Экспорттау кезінде салық салу принципі
Уағдаласушы Тараптың бірі екінші Уағдаласушы Тарапқа экспортқа шығарылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) нөлдік ставка бойынша қосылған құнға салық салатын болады, экспортқа акциз салынбайды.

3-бап

Импорттау кезінде салық салу принципі
Уағдаласушы Тараптың біріне импортталған, екінші Уағдаласушы Тараптың аумағынан экспортталған тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) импортшының елінде оның ұлттық заңдарына сәйкес жанама салықтар салынады.
Импортталатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) салық салу кезінде Уағдаласушы Тараптар өздерінің аумақтарында жасап шығарылған (сатылған) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін белгіленген салық ставкаларын қолданатын болады.

4-бап

Даулы мәселелерді шешу
Уағдаласушы Тараптардың арасындағы осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты пікір алшақтықтары Тараптардың құзіретті органдарының келіссөздері мен консультациялары арқылы шешіледі.

5-бап

Қорытынды ережелер
Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалды және оны күшіне енгізу үшін барлық қажетті ішкі мемлекеттік процедуралардың орындалғаны туралы Уағдаласушы Тараптардың соңғы хабары түскен күннен бастап күшіне енеді және Уағдаласушы Тараптардың бірі жазбаша түрде алты ай бұрын екінші Уағдаласушы Тарапқа оның қолданысын тоқтатқысы келетін ниеті туралы хабар бергенше қолданыста болады.
Осы Келісім ол күшіне енгеннен кейін экспортталған немесе
импортталған тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ғана қатысты қолданылады.
Киев қаласында 1997 жылғы 13 маусымда екі дана болып, әрқайсысы
қазақ, украин және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің
күші бірдей.
Осы Келісімнің мәтінін түсіндіру жөнінде Уағдаласушы Тараптар
арасында пікір қайшылығы пайда болған жағдайда орыс тіліндегі мәтіннің
күші басым болады.
Қазақстан Республикасының Украина
Үкіметі үшін Үкіметі үшін