О Правилах содержания животных и птиц
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Правилах содержания животных и птиц
- Атауы (қаз.)
- Мал және құс ұстау ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 07.07.2006
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2012 29395_214806.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06SA000050
- ЭКБ идентификаторы
- 29395
- Редакция идентификаторы
- 29395_214806
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:11
0 Мал және құс ұстау ережесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына, "Мал дәрiгерлiгi туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi N 339 Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, сәйкес сессияға бекiтуге енгiзiлген мал және құс ұстау ережесi негiзiнде қалалық мәслихат ШЕШТI:
1 1. Мал және құс ұстау ережесi бекiтiлсiн, 1-қосымшаға сай.
2 2. Осы шешiм әдiлет органдарында тiркелгеннен және бұқаралық ақпарат құралдарында бiрiншi жариялаған күннен соң он күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
3 Бекiтiлген
Петропавл қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 7 шiлдедегi
26 сессиясының № 5 шешiмi
Мал және құс ұстау
ЕРЕЖЕСI
1 1. Жалпы ереже
1
1. Осы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, "Мал дәрiгерлiгi туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi N 339 Қазақстан Республикасы заңының 10-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, "Агроөнеркәсiп кешендерi мен ауыл аумақтарының дамуын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 66 Заңының 7-бабының 4-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Петропавл қаласы аумағында мал және құс ұстау тәртiбi мен шартын белгiлейдi.
2 2. Ереже меншiк нысанынан байланыссыз жеке және заңды тұлғалардың қ мал және құс ұстау құқығы мен мiндетiн анықтайды.
2 2. Мал және құс ұстауға қойылатын талаптар
3 3. Меншiк нысанынан байланыссыз мал және құс иеленушiлер мiндеттi:
1 1) мал және құс ұстау жөнiндегi белгiленген мал дәрiгерлiк-санитарлық нормаларды қатал сақтау;
2 2) мал мен құстың сәйкестендiрiлуiн қамтамасыз ету, мiндеттi мал дәрiгерлiк iс-шаралар өткiзуге қажеттi жағдай жасау. Қажеттi мал дәрiгерлiк iс-шаралар өткiзгенде мемлекеттiк-мал дәрiгерлiк қызмет мамандарының нұсқауларын орындау;
3 3) мал мен құс ауырған және өлген жағдайда, ол туралы тәулiктiк мерзiмде мал дәрiгерлiк инспекторына хабарлау және мал дәрiгерлiк инспекторы келгенше ауруында күдiк бар малдар мен құстарды бөлек ұстауды қамтамасыз ету және қатынасты шектеу;
4
4) жаңадан сатып алынған мал мен құсты сатып алған сәттен бастап 10 күндiк мерзiмде мал дәрiгерлiк мекемесiнде тексеруге әкелу және тiркеу, сондай-ақ мал дәрiгерлiк-санитарлық iс-шаралар жоспарлауды ұйымдастыру мақсатында жаңадан сатып алынған мал мен құстың саны және түрлерi туралы шынайы ақпарат беру. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен және жағдайда мемлекеттiк органдарға жеке қосалқы шаруашылығы туралы ақпарат беру;