Құжат мәтініне өту

Вопросы некоторых республиканских государственных предприятий Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қаулы · № 800 · қабылданған 23.08.2006
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-29430/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Вопросы некоторых республиканских государственных предприятий Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 800 ·23.08.2006
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Вопросы некоторых республиканских государственных предприятий Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 800 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Вопросы некоторых республиканских государственных предприятий Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының мәселелерi
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
800
Қабылданған күні
23.08.2006
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI29430_4.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060000800_
ЭКБ идентификаторы
29430
Редакция идентификаторы
AI29430_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:56

0 Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының мәселелерi

Iргелi зерттеулердiң басым бағыттарына арналған ғылыми-техникалық әлеуеттi шоғырландыру, iргелi ғылымды басқаруды жетiлдiру және елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiн шешуде оның үлесiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Химиялық-технологиялық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен оның "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты", "Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты", "Физикалық-техникалық институт", "Металлургия және кен байыту институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Геологиялық-географиялық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен оның "У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты", "Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты", "География институты", "Сейсмология институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (бұдан әрi - кәсiпорын) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

3 3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

4 4. Кәсiпорынға қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат берiлсiн.

5

5. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Физикалық-математикалық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Математика, информатика және механика институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып қайта аталсын.

6 6. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.

7 7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2 2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 21 шiлдедегi N 700 қаулысында :

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 1, 5-жолдар алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Математика, информатика және механика институты";
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 17-жолмен толықтырылсын:
"17. Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту орталығы".

8 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

11 Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң
2006 жылғы 23 тамыздағы
N 800 қаулысына
қосымша

1 1. Алынып тасталды - 2007.08.21. N 724

2 2. Алынып тасталды - 2007.08.21. N 724

3 3. "Физикалық-техникалық институты" Алматы қаласы

4 4. "У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология Алматы қаласы

және гидрофизика институты"

5 5. "Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары Алматы қаласы

институты"

6 6. "География институты" Алматы қаласы

7 7. "Сейсмология институты" Алматы қаласы

Қолданыстағы