О некоторых вопросах по проведению легализации недвижимого имущества
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах по проведению легализации недвижимого имущества
- Атауы (қаз.)
- Жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі кейбір мәселелер туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19
- Қабылданған күні
- 16.08.2006
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2008 29458_190009.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06G0001646
- ЭКБ идентификаторы
- 29458
- Редакция идентификаторы
- 29458_190009
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:58
0 Жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі кейбір мәселелер туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңына
, Қазақстан Республикасының "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы
Заңына
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" N 689
қаулысына
сәйкес
ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Аудандар мен Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдары:
1 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 689
қаулысында
белгіленген тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі комиссияларды құрсын;
2 2) Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" N 157
Заңында
белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары М.Н. Байбековке жүктелсін.
6 Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссия туралы ереже
Жамбыл облысы Әкімінің
2006 жылғы 16 тамыздағы
N 19 шешімімен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссия туралы ереже
7 1 . Жалпы ережелер
1
1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi-комиссия) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жанынан құрылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешiм шығаруға уәкiлеттi алқа органы болып табылады.
2 2. Комиссия өзiнiң қызметiн "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi
Заңына
(бұдан әрi - Заң), осы ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
3
3. Комиссия жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың, салық органдарының, сәулет және қала құрылысы органдарының, жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органның, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiнен құрылады.
4 4. Комиссияны төраға-тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнiң орынбасары басқарады. Комиссияның дербес құрамы жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiледi.
2 2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
5 5. Комиссияның негiзгi мiндетi жылжымайтын мүлiктi жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешiм қабылдау болып табылады.
6 6. Комиссияның функциялары:
1 1) Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiш жасаған азаматтары мен заңды тұлғаларының (бұдан әрi - жария ету субъектiлерi) өтiнiштерiн уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
2 2) жария ету объектiсi туралы мәлiметтердi белгiлеу;
3 3) құжаттардың мемлекеттiк органдар мен ұйымдар ұсынған мәлiметтерге сәйкес келуiн анықтау;
4 4) жария ету субъектiсiне жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiмдi беру;
5 5) жария ету объектiсi туралы мәлiметтердi Заңға 3-қосымшаға сәйкес нысанда жария етiлген мүлiк тiзiлiмiне енгiзу болып табылады.
3 3 . Комиссия жұмысының тәртiбi
7 7. Комиссия жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiш жасаған жария ету субъектiлерiнiң өтiнiштерiн белгiленген тәртiппен тiркейдi.
8 8. Жария ету мерзiмi iшiнде берiлген жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы өтiнiш тиiстi комиссияға өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күні iшiнде қаралуға тиiс.
9 9. Заңның
6-бабында
және
11-бабының
1-тармағында көзделген құжаттарды алғаннан кейiн комиссия жылжымайтын мүлiктi жария ету не жария етуден бас тарту туралы дәлелдi шешiм шығарады.
Шешiмге комиссияның төрағасы, мүшелерi және хатшысы қол қояды.