Қолданыстағы ред. 11.01.2006

«Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағы жөніндегі Ережені бекіту туралы от 11.01.2006 г. № 21/164 («Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағы жөніндегі Ережені бекіту туралы)

0

«Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағы жөніндегі Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 12-1) тармақшасына сәйкес, «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағын беруді реттеу мақсатында аудандық мәслихат шешеді:

1

1. Қоса беріліп отырған «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағы жөніндегі Ереже бекітілсін.

2

2. Бейнеу аудандық әкімиятына «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» омырау белгісі мен куәлік дайындау үшін қаражат қарастыру ұсынылсын.

3

3. Шешім мемекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Бейнеу аудандық әкімі
Б.Әзірханов
11.01.2006ж.

4

Үшінші сайланған аудандық
мәслихаттың 2006 жылғы 11 қаңтардағы
21/164 шешіміне қосымша
«Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағы жөніндегі ереже

1. 1. Кіріспе

1. Кіріспе

1

1. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағы ауданның өсіп-өркендеуіне, өндіріс, ағартушылық, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау және спорт меценаттық пен қайырымдылықтың дамуына ерекше маңызды үлес қосқан, қоғамдық өмірге, жастарды тәрбиелеу ісіне белсенді қатысып, аудан тұрғындары арасында биік бедел мен құрметке ие болған азаматтарға беріледі.

1. 1. Атақты беру тәртібі

1. Атақты беру тәртібі

2

2. «Бейнеу ауданының құрметті ауданы» атағы аудан әкімінің ұсынысына сай аудандық мәслихат сессиясына беріледі.

3

3. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсынысты село, селолық округ әкімдерінің, кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, азаматтардың жиналыстарының шешімдері мен ұсыныстары негізінде аудан әкімінің аппараты әзірлейді.

4

4. Тарапқа үміткер туралы төмендегідей мәліметтер қоса берілуі қажет:

1

1) сіңірген еңбегі толық баяндалған үміткердің өмірбаяны:

2

2) 3х18-2 дана суреттер

3

3) кәсіпорындар мен мекемелердің, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың жалпы жиналысының, азаматтардың жиналыстарының шешімдері немесе хаттамасы.

5

5. Аудандық мәслихаттың Әлеуметтік мәселелер ме заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Аудан әкімінің ұсынысын екі апта ішінде жан-жақты қарап қорытынды дайындайды және оны сессияға енгізеді.

6

6. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» куәлігі мен омырау белгісі Бейнеу ауданының құрметті азаматына аудандық мәслихаттың сессиясында немесе еңбек ұжымында салтанатты түрде тапсырылады.

2. 2. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» дипломының сипаттамасы

2. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» дипломының сипаттамасы

7

7. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» куәлігі тығыз ақ қағазда орындалады.Титулық беттегі «Бейнеу ауданының құрметті азаматы куәлігі» жазуы қазақ және орыс тілдерінде жазылады.
Куәліктің ішкі бетінде түрлі-түсті бейнедегі Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы аудандық мәслихат шешімінің мәтіні;
Сол жағында қазақ, оң жағында орыс тілдерінде.

4. 4. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» белгісі туралы

4. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» белгісі туралы

8

8. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» берлгісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы түстес боялған металдан жасалынады.Белгідегі «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» жазуы қазақ тілінде болады.

5. 5. Бейнеу ауданының құрметті азаматтарын тіркеу

5. Бейнеу ауданының құрметті азаматтарын тіркеу

9

9. Бейнеу ауданының құрметті азаматтарын тіркеу аудандық мұражайда сақталатын «Құрмет кітабында» жүргізіледі.

6. 6. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағынан айыру

6. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағынан айыру

10

10. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағынан айыру төменде көрсетілген жағдайларда аудандық мәслихат сессиясының шешімімен жүргізіледі:

1

1)Құрметті атақ иегері қасақана жасаған қылмысы үшін сотталғанда, соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін;

2

2)Құрметті атақ иегері үлкен қоғамдық толқу тудырған жағымсыз әрекеттер жасағанда, марапаттау туралы енгізген органның ұсынуы бойынша.

11

11. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағынан айырылған адам аудандық мәслихатқа куәлікті және омырау белгісін қайтарады.