«Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағы жөніндегі Ережені бекіту туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағы жөніндегі Ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 12-1) тармақшасына сәйкес, «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағын беруді реттеу мақсатында аудандық мәслихат шешеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағы жөніндегі Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бейнеу аудандық әкімиятына «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» омырау белгісі мен куәлік дайындау үшін қаражат қарастыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Шешім мемекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. Келісілді: Бейнеу аудандық әкімі Б.Әзірханов 11.01.2006ж.
Басқа 4
Үшінші сайланған аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 11 қаңтардағы 21/164 шешіміне қосымша «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағы жөніндегі ереже
Тарау 1. 1. Кіріспе
1. Кіріспе
Тармақ 1
1. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағы ауданның өсіп-өркендеуіне, өндіріс, ағартушылық, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау және спорт меценаттық пен қайырымдылықтың дамуына ерекше маңызды үлес қосқан, қоғамдық өмірге, жастарды тәрбиелеу ісіне белсенді қатысып, аудан тұрғындары арасында биік бедел мен құрметке ие болған азаматтарға беріледі.
Тарау 1. 1. Атақты беру тәртібі
1. Атақты беру тәртібі
Тармақ 2
2. «Бейнеу ауданының құрметті ауданы» атағы аудан әкімінің ұсынысына сай аудандық мәслихат сессиясына беріледі.
Тармақ 3
3. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсынысты село, селолық округ әкімдерінің, кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, азаматтардың жиналыстарының шешімдері мен ұсыныстары негізінде аудан әкімінің аппараты әзірлейді.
Тармақ 4
4. Тарапқа үміткер туралы төмендегідей мәліметтер қоса берілуі қажет:
Тармақша 1
1) сіңірген еңбегі толық баяндалған үміткердің өмірбаяны:
Тармақша 2
2) 3х18-2 дана суреттер
Тармақша 3
3) кәсіпорындар мен мекемелердің, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың жалпы жиналысының, азаматтардың жиналыстарының шешімдері немесе хаттамасы.
Тармақ 5
5. Аудандық мәслихаттың Әлеуметтік мәселелер ме заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Аудан әкімінің ұсынысын екі апта ішінде жан-жақты қарап қорытынды дайындайды және оны сессияға енгізеді.
Тармақ 6
6. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» куәлігі мен омырау белгісі Бейнеу ауданының құрметті азаматына аудандық мәслихаттың сессиясында немесе еңбек ұжымында салтанатты түрде тапсырылады.
Тарау 2. 2. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» дипломының сипаттамасы
2. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» дипломының сипаттамасы
Тармақ 7
7. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» куәлігі тығыз ақ қағазда орындалады.Титулық беттегі «Бейнеу ауданының құрметті азаматы куәлігі» жазуы қазақ және орыс тілдерінде жазылады. Куәліктің ішкі бетінде түрлі-түсті бейнедегі Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы аудандық мәслихат шешімінің мәтіні; Сол жағында қазақ, оң жағында орыс тілдерінде.
Тарау 4. 4. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» белгісі туралы
4. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» белгісі туралы
Тармақ 8
8. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» берлгісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы түстес боялған металдан жасалынады.Белгідегі «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» жазуы қазақ тілінде болады.
Тарау 5. 5. Бейнеу ауданының құрметті азаматтарын тіркеу
5. Бейнеу ауданының құрметті азаматтарын тіркеу
Тармақ 9
9. Бейнеу ауданының құрметті азаматтарын тіркеу аудандық мұражайда сақталатын «Құрмет кітабында» жүргізіледі.
Тарау 6. 6. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағынан айыру
6. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағынан айыру
Тармақ 10
10. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағынан айыру төменде көрсетілген жағдайларда аудандық мәслихат сессиясының шешімімен жүргізіледі:
Тармақша 1
1)Құрметті атақ иегері қасақана жасаған қылмысы үшін сотталғанда, соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін;
Тармақша 2
2)Құрметті атақ иегері үлкен қоғамдық толқу тудырған жағымсыз әрекеттер жасағанда, марапаттау туралы енгізген органның ұсынуы бойынша.
Тармақ 11
11. «Бейнеу ауданының құрметті азаматы» атағынан айырылған адам аудандық мәслихатқа куәлікті және омырау белгісін қайтарады.