О правилах оптовой торговли
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О правилах оптовой торговли
- Атауы (қаз.)
- Көтерме сауда ережесі туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18/10
- Қабылданған күні
- 16.09.1998
- Көрсетілген редакция
- 16.09.1998 2947_259373.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98V0000099
- ЭКБ идентификаторы
- 2947
- Редакция идентификаторы
- 2947_259373
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:32
0 Көтерме сауда ережесі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 11 наурыздағы № 10/145-III шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар туралы" Заңының 40 бабына сәйкес облыстық Мәслихаты ШЕШТІ:
"Көтерме сауда ережесi" бекiтiлсiн (қоса ұсынылып берiлуде).
1 Көтерме сауданың негізгі тәртібі
Облмәслихаттың 1998 жылғы
17 қыркүйектегі № 18/10 шешімімен
бекітілген
Көтерме сауданың негізгі тәртібі
Осы тәртiп "Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар туралы", "Тұтынушылар құқысын қорғау туралы", "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және сауда саласының жұмысын регламенттейтiн басқа нормативтi құжаттарға сәйкес әзiрленген, тауарлармен көтерме сауда жасау кезiнде талаптарды белгiлейдi, ол Шығыс Қазақстан облысының аумағында сауда саласында кәсiпкерлiк iс-қимылдармен шұғылданушы барлық Заңды және жеке тұлғалардың орындауларына мiндеттi.
1. Жалпы ереже
1.1. Толайым сауда - халық тұтынатын тауарларды өндiретiн және бөлшек сауда кәсiпорындары арасындағы тауарлық байланыстар нысаны.
1.2. Сауда қызметiн жүзеге асырушы Заңды және жеке тұлғалар көтерме сауда үшiн мүлiктiк кешендi - толайым, сауда базаларын, толайым қоймаларын, толайым және толайым - бөлшек сауда дүкендерiн пайдаланады.
Толайым сауда базасы - қоймалық орынжайлар кешенi бар, тауарлардың iрi партияларын қабылдаумен, сақтаумен, сұрыптаумен, тауарлар ассортиментiн қалыптастырумен, тауарларды бөлшек сауда жүйесiне жөнелту және өткiзумен байланысты операциялар атқаратын кәсiпорын.
Толайым қойма - тауарларды жинауға, сақтауға және бөлшек сауда кәсіпорындарына iрi де шағын партиялармен өткiзуге арналған кәсiпорын.
Толайым дүкен - тауарлардың шағын толайым партияларын саудалайтын сауда кәсiпорны.
📌 Ескерту. 5 абзац алынып тасталынды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 1999.02.25. № 1-552ө өкімімен.
1.3. Тауарлардың көтерме партиясы болып мыналар саналады:
- iрi көтерме партиялары - вагон, контейнер, машина;
- ұсақ көтерме партиялары - тауарлардың бiр және одан да көп
көлiктiк бiрлiгi (жәшiк, бөшке, фляга және басқалары).
1.4. Тауарлы ассортимент бойынша көтерме сауда кәсiпорны мамандандырылған (тар мамандырылған), қоспалы және аралас болуы мүмкiн.
Көтерме сауда кәсiпорнының тауарлы бейiнiн және мамандандырылуын оның меншiк иесi белгiлейдi.
1.5. Кәсiпорын үйiнiң алдыңғы жағындағы маңдайшада аталуы көрсетiлген жазу сол кәсiпорындiкi болады. Әрбiр кәсiпорын Шығыс Қазақстан Облысы Әкiмiнiң "Сауда кәсiпорынның бiркелкi үлгiдегi құжатын бекiту туралы" 1998 жылдың 21 маусымында бекiтiлген № 1-409ө өкiмiне сәйкес сауда кәсiпорынның құжатымен қамтамасыз етiледi. Маңдайшадағы жазу мен құжат мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ресiмделедi.
1.6. Көрнектi жерде тұтынушы үшiн толайым сауданың және сауданы реттейтiн басқа да нормативтiк актiлердiң негiзгi ережелерiнен алынған үзiндiлер қойылады. Әрбiр толайым кәсiпорны бақылаушы органдарын тексерулерiн жазуға арналған бақылаушы журналмен және тұтынушылардың өтiнiштерi мен ұсыныстары кiтабымен (қол жететiн жерге қойылған) қамтамасыз етiледi.
Жарамдылықтың кепiлдi мерзiмi нормативтiк құжаттамамен белгiленедi.
1.7. Кәсiпорын оның iс-қимылдар жасауы үшiн еңбек қорғау, денсаулық сақтау, экология, өнiмдi (тауарды) сақтау, өндiру және өткiзу талаптарына сәйкес жабдықтармен және мүкәммалдармен, сауда кәсiпорындарын техникалық жарақаттандырудың қолданылып жүрген нормаларына сәйкес өртке қарсы қауiпсiз техникасымен, азық-түлiк саудасының кәсiпорындары үшiн санитарлық тәртiп құралдарымен жарақтандырылады.
1.8. Кәсiпорында пайдаланылатын таразы өлшеу аспаптары (таразылар, гирлер және басқалары) тексерiлуi қажет және тексерiлгендiгi туралы мемлекеттiк таңбасы немесе сертификаты болуы тиiс.
1.9. Кәсiпорын тұтынушыларды қамтудың қажеттi дәрежесiн, тауарларды толық салмағында және өлшемiнде босатуды қамтамасыз етуi керек.
1.10. Көтерме және көтерме-бөлшек сауда дүкендерiнiң ветриналарында тек сатуда бар тауарлардың үлгiлерi қойылады. Тауардың әрбiр үлгiсi бағаның айқын ресiмделген Жарлығымен (баға көрсеткiшiмен) жабдықталады, онда тауардың атауы, бағасы, салмағы (кг, үшiн бiрлiгi және басқа көлемi) көрсетiледi.
Көтерме сауда базаларының, көтерме сауда қоймаларының өткiзiлетiн тауар үлгiлерiнiң бөлмелерi болуы қажет, сондай-ақ каталогтар бойынша жұмыс iстей алады, оларда тауарлар ассортиментi, тауарды әзiрлеушi кәсiпорын, бағасы, сапа сипаттамалары көрсетiледi.
Көтерме сауда кәсiпорындары импорттық өндiрiстiң өткiзiлетiн тауарларды пайдалану әдiстерi мен тәртiбi туралы халық үшiн қолдануға болатын тiлде ақпарат беруге мiндеттi.
Көтерме сауда кәсiпорын тұтынушылардың сұранымын зерттейдi және тауарлар ассортиментiн қалыптастырады.
2. Тауарларды қабылдау, сақтау және сатуға әзірлеу, кәсіпорынды ұстауға және оның қызметкерлеріне санитарлық талаптар
2.1. Көтерме сауда кәсiпорындарында тауарларды сапасы және саны бойынша қабылдау Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 қарашадағы № 1240 Қаулысымен, сондай-ақ басқа да нормативтi актiлермен және жеткiзiп берушiнiң жолдама құжаттарымен бекiтiлген өнiмдер мен тауарларды сан және сапа бойынша қабылдау тәртiбi туралы Нұсқауға сәйкес жүзеге асырылуы қажет.
Қабылдауға және кiрiске алуға тек стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сай келетiн жоғары сапалы тауарлар жатады.
Қабылдауға және өткiзуге мына тауарлар жатпайды:
- мiндеттi сертификациялауға жататын және сай келетiн сертификаттары жоқ, әзiрлеушi кәсiпорынның сапа куәлiгi жоқ тауарлар;
- жарамдық, сақтау (өткiзу) мерзiмдерi өтiп кеткендер.
Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерiнен тұратын комиссия бағасы бойынша тұтынуға (қолдануға) жарамсыз деп танылған тауарлар "¤нiмдер мен тауарларды оларды өткiзуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда өнiмдер мен тауарларды жою немесе бұдан былай қайта өңдеу жөнiндегi тәртiптi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1891 Қаулысына сәйкес жоюға немесе қайта өңдеуге жатады.
Жарамдылықтың кепiлдi мерзiмдерiн нормативтi құжаттама белгiлейдi.
Нормативтi құжаттама болмаған жағдайда сатушылар тұтынушы арасындағы келiсiм-шарттарда басқадай кепiлдi мерзiмдер белгiлеуге болады, алайда ол одақтық өндiрiстiң осындай өнiмiне берiлетiн кепiлдi мерзiмдерден кем болмауы тиiс.
2.2. Тауарларды қоймалық үйлерде, қоймаларда сақтау, көтерме және көтерме-бөлшек сауда дүкендерiндегi сауда залдарында орналастыру және жайып қою кезiнде нормативтi құжаттардың талаптарына, тауарлық көршiлiк принциптерiне сәйкес сақтау шарттары, тез бұзылатын өнiмдердi сақтау мерзiмдерi, қоймаларға қою нормалары және өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары қатаң сақталуы қажет.
2.3. Кәсiпорынның азық-түлiк товарларды өткiзетiн қызметкерлерi, сондай-ақ кәсiпорындағы өз қызметiне байланысты тамақ өнiмдерiмен тiкелей қатынаста болатын басқа да мамандар белгiленген тәртiпке сәйкес медициналық куәландырудан өтедi. Кәсiпорын басшысы кәсiпорынның жалпы санитарлық жай-күйi және тауарларды сақтаудың тиiстi жағдайы үшiн жеке жауап бередi.