Қолданыстағы ред. 28.06.2006 (Редакция 29497_324566.kaz)

Жылыой ауданы мемлекеттік органдарының жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу) жөніндегі жұмыстары мен қарым қатынастарын ұйымдастыру Ережелері туралы от 28.06.2006 г. № 25-3 (Жылыой ауданы мемлекеттік органдарының жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу) жөніндегі жұмыстары мен қарым қатынастарын ұйымдастыру Ережелері туралы)

0

Жылыой ауданы мемлекеттік органдарының жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу) жөніндегі жұмыстары мен қарым қатынастарын ұйымдастыру Ережелері туралы
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес аудандықң әкімияттың 2006 жылғы 27 наурыздағы № 92-I «Жылыой ауданы мемлекеттік органдардың жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын( алып қою (сатып алу) жөніндегі жұмыстары мен қарым қатынастарын ұйымдастыру Ережелері» туралы қаулысын талқылап, аудандық Мәслихаттың XXV сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Аудандық әкімият жасақтап, мақұлдап, ұсынып отырған «Жылыой ауданы мемлекеттік органдардың жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу) жөніндегі жұмыстары мен қарым қатынастарын ұйымдастыру Ережесі» бекітілсін. (Ереже мен ұсыну құжаттары жалғанды.)

1

Аудандық Мәслихаттың
2006 жылғы 28 маусым
№ 25-3 шешіміне қосымша
Жылыой ауданы мемлекеттік органдарының жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу) жөніндегі жұмыстары мен қарым қатынастарын ұйымдастыру Ережелері

1. 1. Жалпы Ережелер

1. Жалпы Ережелер

1

1. Жылыой ауданы мемлекеттік органдарының жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу) жөніндегі жұмыстары мен қарым – қатынастары ұйымдастыру ережелері (бұдан әрі Ережелер) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу) процесінде туындаған қатынастарды реттейді. Ережелермен Жылыой ауданы мемлекеттік органдарының осы қатынастар саласындағы қарым-қатынастар тәртібі белгіленеді.

2

2. Жалпы түсініктер мен терминдер

2. 2. Осы Ережелерде мынадай түсініктер мен терминдер қолданылады:

2. Осы Ережелерде мынадай түсініктер мен терминдер қолданылады:
Әкімдік – Жылыой аудандық әкімияты;
Аудандық комиссия – әкімдіктің қаулысымен арнайы құрылған жер қатынастары саласында туындайтын мәселелері қарау жөніндегі комиссия;
Сәулет органы – сәулет және қала құрылысы саласындағы реттеуді жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган;
Жер қатынастары органы – жер қатынастары саласында реттеуді жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган;
Тұрғын үй қатынастары жөніндегі орган – «мемлекеттік қажеттліктер үшін жер учаскелерін алып қою, соның ішінде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті неліктен айыру» бағдарламасын әкімгері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
Бағалаушы – бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлға;
Тіркеу органы – жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу жөніндегі орган.

3. 3. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін аудан бюджетінің қаражаттары есебінен жер учаскелерінің (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу)

3. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін аудан бюджетінің қаражаттары есебінен жер учаскелерінің (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу)

3

3. Әкімдіктін мемлекеттік қажеттіліктер үшін Жылыой ауданының бюджетті қаражаттары есебінен жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу) жөніндегі қызметті мынадай механизмдерді іске асыруды қарастырады:
Жылыой ауданының әкіміне тапсырыстар жіберу;
Жер учаскесің таңдау және келісу актісін дайындау;
Аудандық комиссияның тапсырыстарды қарауы;
Жер учаскелеріне зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізуге және жобалау туралы шешім қабылдау;
Жер учасклерін (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу) мүмкіндігі жөніндегі ұсыныстар дайындау;
Жер учаскелерінің құнын немесе оның және ондағы жылжымайтын мүліктің құқығын анықтау;
Мемлекеттік қажеттіктер үшін жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу) туралы шешім қабылдау;
Меншік иесі (жер пайдаланушыны) жер учаскесінің алып қойылатындығы (сатып алатындығы) туралы хабарландыру;
Меншік иесіне жер учаскесінің белгіленген бағасын төлеу;
Жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлікті бұзу;
Тіркеу органдарында құқық белгілеу құжаттарын тіркеу.

8. & 1. Аудан әкіміне өтініш беру

& 1. Аудан әкіміне өтініш беру

4

4. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін аудан бюджетінің есебінен жер учаскелерін алып қою процесі аудан әкімінің атына өтініш беруден басталады. Өтініш беру құқығын мемлекеттік органдар иеленеді.
Өтініште мынадай мәлеметтер болуы керек:
Жер учаскесінің орналасқан жері мен болжалған көлемі;
Пайдаланудың сұраныс құқығы;
Жер учаскесін пайдалану мақсаты;
Құрылыс объектісін жоспарлау туралы ақпарат.

5

5. Аудан әкімі өтінішті жер учаскесін таңдау және келісу актісін дайындау үшін сәулет органына жібереді.

11. & 2. Жер учаскесін таңдау және келісу актісін дайындау

& 2. Жер учаскесін таңдау және келісу актісін дайындау

6

6. Сәулет органы 30 күннің ішінде өтінішті болжанған объектіні салудың елді мекендердің бас жоспарларына сәйкестігін қарастырады, өтініште мазмұндалған мәлеметтерді тексереді.

7

7. Сәулет органы мемлекеттік органға елді мекендердің Бас жоспарларына сәйкес алып қою үшін баламалы жер учаскесін ұсынуға құқылы. Жер учаскесінің орналасқан жерін мемлекеттік органмен келістіргеннен кейін сәулет органы жер учаскесін таңдау және келісу актісін дайындайды және оны аудандық комиссияның қарауына жібереді.

14. & 3. Аудандық комиссияның тапсырыстарды қарауы

& 3. Аудандық комиссияның тапсырыстарды қарауы

8

8. Аудандық комиссия жеті күннің ішінде тапсырыстың елді мекендердің Бас жоспарларына, осы мәселе жөніндегі басқа да нормативтік-құқықтық және реттеуші актілерге сәйкестігін қарастырады және қорытынды қабылдайды.

9

9. Оң қорытынды болған кезде аудандық комиссия жер учаскесін таңдау және келісу актісін бекітеді және әкімдікке өтініш келіп түскен мемлекеттік органның пайдасына мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін алып қою туралы ұсыныс жібереді.

10

10. Теріс қорытынды болған кезде аудандық комиссия өтініш келіп түскен мемлекеттік органға дәлелденген бас тарту жібереді.

18. & 4. Жер учаскесін зерттеу, ісдестіру жұмыстарын жүргізу және жобалау туралы шешім қабылдау

& 4. Жер учаскесін зерттеу, ісдестіру жұмыстарын жүргізу және жобалау туралы шешім қабылдау

11

11. Аудандық комиссияның оң қорытындысы негізінде жер қатынастары органы бес күннің ішінде жер учаскесін зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу және жобалау туралы әкімдіктің қаулысын дайындайды.

12

12. Әкімдіктің қаулысын жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізу және алып қою (сатып алу) мүмкіндігіне ұсыныс әзірлеу туралы тапсырма болады.

21. & 5. Жер учаскесіне (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу) мүмкідігі жөніндегі ұсыныстар дайындау

& 5. Жер учаскесіне (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу) мүмкідігі жөніндегі ұсыныстар дайындау

13

13. Әкімдіктің тапсырмаларын орындауға және ұсыныстар дайындауға жауапты жер қатынастары бөлімі, тұрғын үй қатынастары жөніндегі орган және тиісті әкімшілік аумақ бірлігінің әкімі болып табылады. Ұсыныстар дайындау жиырма күннің ішінде жүргізіледі.
Ұсыныстар дайындау кезінде:
Жер қатынастары бөлімі меншік иесі мен жер пайдаланушыда олардың жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың болуын тексереді, сондай –ақ жер учаскесінің (жер пайдалану құқығының) кадастрлық кұнын анықтайды;
Тиісті әкімшілік аумақ бірлігінің әкімі жер учаскесінде жылжымайтын мүліктің болуы мен жағдайын нақтылайды;
Тұрғын үй қатынастары жөніндегі орган жер учаскесінің және (немесе) сол жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын анықтайды.

14

14. Жер учаскесін және ондағы жылжымайтын мүлікті зерттеу меншік иесі немесе жер пайдаланушының қатысуымен жүргізіледі және тиісті актімен ресімделеді.

24. & 6. Жер учаскесінің немесе оған құқықтын және ондағы жылжымайтын мүліктің бағасын анықтау

& 6. Жер учаскесінің немесе оған құқықтын және ондағы жылжымайтын мүліктің бағасын анықтау

15

15. Сатып алу бағасына жер учаскесінің немесе ондағы жылжымайтын мүлік құқығының нарықтық бағасы, сондай-ақ үшінші тұлға алдындағы міндеттерді уақытынан бұрын тоқтату нәтижесінде пайда болатын шағындарды қосқанда , жер учаскесін алып қоюга байланысты меншік иесіне және жер пайдаланушыларға келтірілген барлық шығындар енеді.

16

16. Жерді пайдалануға тегін берілген жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою жер пайдалану құқығын сатып алусыз жүзеге асырылады. Жерді пайдаланушыларға шығындар толық көлемде өтеледі, сондай-ақ олардың өтініштері бойынша басқа жер учаскесіне ауыстыру ұсынылуы мүмкін.

17

17. Мемлекеттік жерді пайдаланушылардан мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін алып кою жер пайдалану құқығын сатып алусыз, бірақ келтірілген шығындарды толық көлемде өтеу арқылы әкімдіктің біржақты шешімнің негізінде жүргізіледі.

28. & 7. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу) туралы шешім қабылдау

& 7. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу) туралы шешім қабылдау

18

18. жер қатынастары органының және тиісті әкімшілік аумақ бірлік әкімінің ұсынастары негізінде өтініш берген мемлекеттік органның пайдасына мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу) туралы әкімдік қаулысы он күн ішінде қабылданады. Жер қатынастары органы әкімдік қаулысының әзірленуіне және басылып шығарылуына жауапты болып табылады.

30. & 8. Меншік иесіне (жер пайдаланушыны) жер учаскесін алып қою (сатып алу) туралы хабарлау

& 8. Меншік иесіне (жер пайдаланушыны) жер учаскесін алып қою (сатып алу) туралы хабарлау

19

19. Жер қатынастары органы жер учаскесін сатып алғанға дейін бір жыл мерзімнен кешіктірмей, ол жайында меншік иесіне (мемлекеттік емес жер пайдаланушыға) жазбаша түрде хабарлайды.

20

20. Бағалаушы белгіленген жер учаскесінің бағасымен меншік иесі (мемлекеттік емес жер пайдаланушы) келіскен жағдайда жер қатынастары органы онымен жер учаскесін атып алу шартын жасасады. Шартта мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынатын (сатып алу бағасы), ондағы жылжымайтын мүлкі бар жер учаскесінің құны, мерзімі және сатып алудың басқа да шарттары бейнеленеді.

21

21. Меншік иесінің бағалаушының белгіленген бағасымен келіспеген жағдайда әкімдік жер учаскесін алып қою (сатып алу) туралы сотқа талаптануға бастама көтереді. Талап аудан әкімінің атынан беріледі, соттық тексеру үшін материалдар әзірлеуді, жер қатынастары органы жүзеге асырады.

22

22. «Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алып қою, соның ішінде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру» бағдарламасының әкімгері тұрғын үй қатынастары жөніндегі орган болып табылады. Меншік иесіне жылжымайтын мүлкі бар жер учаскесіне белгіленген кұнын төлеу меншік иесінің (жер пайдаланушының) есептік шотына ақшалай қаражат аудару төлеудің өзге де тәсілдеріне жол беріледі.

35. & 9. Жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлікті бұзу

& 9. Жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлікті бұзу

23

23. Жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлікті бұзу жер учаскесіне төлемақы төлеген соң жер учаскесін сатып алу шарты негізінде немемес сот шешімі күшіне енгенде жүргізіледі.

24

24. Жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлікті бұзу жөніндегі жұмыстарды орындауғы мердігерді анықтау мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй қатынастары жөніндегі органмен конкурс өткізу жолымен жүзеге асырылады.

25

25. Конкурс қорытындысы бойынша тұрғын үй қатынастары жөніндегі орган мен конкурс жеңімпазы арасында жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлікті бұзу жөнінідегі мердігерлік жұмыстарды орындауға шарт жасасады.

26

26. Тұрғын үй қатынастары жөніндегі орган өкілі мен мердігер қол қоятын жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлікті өндірістік бұзу туралы акт жасалады.

27

27. жер учаскесін сатып алу шарты мен жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлікті бұзу актісі негізінде тұрғын үй қатынастары жөніндегі орган тіркеу органында жер учаскесіне құқығын тіркейді.