Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения ежегодного отчета о деятельности субъекта естественной монополии по предоставлению регулируемых услуг (товаров, работ) перед потребителями и иными заинтересованными лицами

Бұйрық · № 198-ОД · қабылданған 10.08.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-29514/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения ежегодного отчета о деятельности субъекта естественной монополии по предоставлению регулируемых услуг (товаров, работ) перед потребителями и иными заинтересованными лицами Күшін жойған Бұйрық ·№ 198-ОД ·10.08.2006
28.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения ежегодного отчета о деятельности субъекта естественной монополии по предоставлению регулируемых услуг (товаров, работ) перед потребителями и иными заинтересованными лицами

Күшін жойған Бұйрық ·№ 198-ОД · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения ежегодного отчета о деятельности субъекта естественной монополии по предоставлению регулируемых услуг (товаров, работ) перед потребителями и иными заинтересованными лицами
Атауы (қаз.)
Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
198-ОД
Қабылданған күні
10.08.2006
Көрсетілген редакция
28.12.2011 AI29514_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004356_
ЭКБ идентификаторы
29514
Редакция идентификаторы
AI29514_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:00

0 Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу ережесін бекіту туралы

"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1 1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;

2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу ережесі

Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2006 жылғы 10 тамыздағы
N 198-НҚ бұйрығымен бекітілген
Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ереже "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және табиғи монополиялар салаларындағы қызметті реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Ереженің мақсаты тұтынушылар құқығын қорғау жүйесін күшейту, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың алдында табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

3 3. Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есеп (бұдан әрі - жыл сайынғы есеп) тыңдау нысанында өткізіледі.

4 4. Осы Ережеде пайдаланылатын анықтамалар мен терминдер табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген мәндерде қолданылады.

5 5. Жыл сайынғы есептерді өткізу қағидаттары:

1 1) жариялылық;

2 2) табиғи монополия субъектісінің ашықтығы;

3 3) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгерімін сақтау.

6

6. Жыл сайынғы есеп бойынша алда болатын тыңдау туралы хабарландыруды Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі аптасына үш реттен кем шықпайтын мерзімді баспасөз басылымында, ал Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі аптасына үш реттен кем шықпайтын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымында, он бес күннен кешіктірмей жариялайды және өзіне:

1 1) табиғи монополия субъектісінің атауы мен орналасқан жерін;

2 2) жыл сайынғы есепті өткізу күні мен орнын;

3 3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрін қамтуға тиіс.

7 7. Табиғи монополия субъектісі жыл сайынғы есепті өткізгенге дейін бір ай бұрын уәкілетті органды хабардар етеді.

2 2. Жыл сайынғы есепті өткізу тәртібі

8 8. Жыл сайынғы есептің тыңдауын табиғи монополия субъектісі өзі белгілеген үй-жайда өткізіледі. Табиғи монополия субъектісі тыңдауды есептіден кейінгі жылдың 1 мамырына дейін өткізеді.

9 9. Жыл сайынғы есепті өткізу үшін табиғи монополия субъектісі басшыларының ішінен тыңдаудың Төрағасы тағайындалады. Тыңдаудың Төрағасы табиғи монополия субъектісі қызметкерлерінің ішінен хаттама жүргізетін хатшыны тағайындайды.

10 10. Төраға тағайындалған уақытта тыңдауды ашуға, оның мақсатын және күн тәртібін бекітуге тиіс.

11 11. Табиғи монополия субъектісінің есебі мынадай:

1 1) оның ішінде уәкілетті органмен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды атқару туралы;

2 2) есепті кезеңдегі табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы;

3 3) есепті кезеңдегі ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері туралы;

4 4) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тұтынушыларымен жүргізіп отырған жұмыс туралы;

5 5) қызметтің перспективасы (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтері туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

Өз сөзінде табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну сапасы жөнінде егжей-тегжейлі түсіндірме беруге тиіс.
Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың алдында есеп беретін табиғи монополия субъектісінің атынан бірінші басшы не оның алмастыратын тұлға сөз сөйлеуге тиіс.

12 12. Тыңдауға қатысушылар қаралып отырған мәселелер бойынша өздерінің көзқарастарын айта алады, сөз сөйлеушілерге сұрақтар қоя алады, өздерінің сөздерінде көмекші материалдарды (плакаттарды, кестелерді және басқа да) пайдалана алады және хаттамаға жазбаша түрдегі сөзін қоса бере алады.

13 13. Тыңдауға қатысушылардың айтылған пікірлері ұсынымдық сипатта болады.

14 14. Тыңдауды өткізу кезінде тәртіпті бұзған тұлғаға Төраға ескерту жасайды.

15 15. Тыңдаудың төрағасы қорытынды шығарады және тыңдауды жабады.

16

16. Тыңдауды өткізу процесінде хаттама жасалады. Хаттама осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген ақпаратты, сондай-ақ тыңдаудың басталатын және аяқталатын уақыты, сөз сөйлегендердің әкесінің аты мен аты-жөндері туралы мәліметті және сөйленген сөздерінің мағынасын қысқаша жазуын қамтуға тиіс. Барлық хаттамалар нөмірленеді және жеке папкаға тігіледі.

17 17. Тыңдау хаттамасының көшірмесі тыңдауды өткізгеннен кейін үш күн ішінде уәкілетті органға ұсынылады.

18 18. Тыңдаудың хаттамасы тыңдау өткізілген күннен бастап үш жыл ішінде тыңдауды өткізген табиғи монополия субъектісінің мұрағатында сақталуға тиіс.

Қолданыстағы