Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы на водных объектах в сельских населенных пунктах Беткудук, Таврическое, Макеевка, Саратовка, Таргын, Манат и п. Асу-Булак Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 721 · қабылданған 14.08.2006
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-29534/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы на водных объектах в сельских населенных пунктах Беткудук, Таврическое, Макеевка, Саратовка, Таргын, Манат и п. Асу-Булак Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 721 ·14.08.2006
22.12.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы на водных объектах в сельских населенных пунктах Беткудук, Таврическое, Макеевка, Саратовка, Таргын, Манат и п. Асу-Булак Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 721 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы на водных объектах в сельских населенных пунктах Беткудук, Таврическое, Макеевка, Саратовка, Таргын, Манат и п. Асу-Булак Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бетқұдық, Таврия, Макеевка, Саратовка, Тарғын, Манат ауылдық елді мекендері мен Асу-Бұлақ кентіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оны шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
721
Қабылданған күні
14.08.2006
Көрсетілген редакция
22.12.2016 29534_165705.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06V0002429
ЭКБ идентификаторы
29534
Редакция идентификаторы
29534_165705
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:58

0 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бетқұдық, Таврия, Макеевка, Саратовка, Тарғын, Манат ауылдық елді мекендері мен Асу-Бұлақ кентіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оны шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 134-бабына, «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бетқұдық, Таврия, Макеевка, Саратовка, Тарғын, Манат ауылдық елді мекендері мен Асу-Бұлақ кентіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары» жобасына сәйкес жәнесу объектілерін ластану мен тартылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 1-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бетқұдық, Таврия, Саратовка, Тарғын, Манат ауылдық елді мекендері мен Асу-Бұлақ кентіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі белгіленсін.

2 2. 2-қосымшаға сәйкес су қорғау аймағының аумағында арнайы шаруашылықтық пайдалану режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.

3

3. Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті (В.Р.Колесников) "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бетқұдық, Таврия, Макеевка, Саратовка, Тарғын, Манат ауылдық елді мекендері мен Асу-Бұлақ кентіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары" жобасын мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және жер ресурстары мен су қорын қорғау және пайдалануға арналған мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен арнайы уәкілетті мемлекеттік органға тапсырсын.

4 4. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің санитарлық жай-күйіне бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне (В.С.Якупов) жүктелсін.

5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары И.В.Белихинге жүктелсін.

Келісілді:
Ертіс алаптық су
шаруашылығы басқармасы
бастығының орынбасары

6 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бетқұдық, Таврия, Саратовка, Тарғын, Манат ауылдық елді мекендері мен Асу-Бұлақ кентіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2006 жылғы 14 тамыздағы
№ 721 қаулысына 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бетқұдық,
Таврия, Саратовка, Тарғын, Манат ауылдық елді мекендері
мен Асу-Бұлақ кентіндегі су объектілерінің су қорғау
аймағы мен су қорғау белдеуі
Рет саны
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
шекарасының ұзындығы, (шақырым)
алаңы (га)
ені (метр)
шекарасының ұзындығы, (шақырым)
алаңы (га)
ені (метр)
1.
Бетқұдық ауылындағы  Бетқұдық бұлағы, сол және оң жағасы
3,4
181,3
500
3,55
14,7
20-90
2.
Таврия ауылындағы Песчанка өзені, сол және оң жағасы
6,37
380,5
450-925
7,33
50,74
20-260
3.
Саратовка ауылындағы Ертіс өзенінің тармағы (Лебяжья), сол жағасы
1,47
112,97
640-920
1,9
18,63
20-110
4.
Тарғын ауылындағы Тарғын өзені (оң жағасы), салаларымен:
5,56
375,8
320-500
10,78
47,86
20-240
4.1
Тарғын ауылындағы Тарғын өзенінің оң жағасындағы саласы - N 1 бұлақ, сол және оң жағасы
4.2
Тарғын ауылындағы Тарғын өзенінің оң жағасындағы саласы - N 2 бұлақ, сол және оң жағасы
4.3
Тарғын ауылындағы Тарғын өзенінің оң жағасындағы саласы - N 3 бұлақ, сол және оң жағасы
4.4
Тарғын ауылындағы Тарғын өзенінің оң жағасындағы саласы - N 4 бұлақ, сол және оң жағасы
5.
Манат ауылындағы Черновая өзені, сол жағасы
0,77
42,43
500
0,79
3,76
20-80
6.
Асу-Бұлақ кентіндегі Тайынты өзені (сол жағасы) салаларымен:
5,13
401,3
350-500
7,56
36,83
20-50
6.1
Асу-Бұлақ кентіндегі Тайынты өзенінің сол жағасындағы саласы - Үргүнді өзені, сол және оң жағасы
Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бетқұдық, Таврия, Саратовка, Тарғын, Манат ауылдық елді мекендері мен Асу-Бұлақ кентіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары" жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.

7 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бетқұдық, Таврия, Макеевка, Саратовка, Тарғын, Манат ауылдық елді мекендері мен Асу-Бұлақ кентіндегі су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін шаруашылыққа пайдалану режимі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2006 жылғы 14 тамыздағы
№ 721 қаулысына 2 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бетқұдық,
Таврия, Макеевка, Саратовка, Тарғын, Манат ауылдық
елді мекендері мен Асу-Бұлақ кентіндегі су объектілерінің
су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін
шаруашылыққа пайдалану режимі

1 1. Су қорғау аймағының шегінде мыналарға тыйым салынады:

1 1) тұрғындардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті, қоршаған ортаның өзгеруіне, өзенінің табиғи экологиялық жүйесінің бұзылуына жол беретін шаруашылықтық және өзге де қызметке;

2 2) міндетті мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасыз аумақта шаруашылықтық қызмет пен өндіріс, жұмыс пен қызмет көрсетуге;

3 3) өзен мен оның су қорғау аймағының ластануы мен қоқысталуына жол бермейтін имараттармен және қондырғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайтадан құрылған объектілерді пайдалануға енгізуге;

4 4) арнайы уәкілетті органдармен белгіленген тәртіппен келісілген жобаларсыз құрылыс, судың түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіру, кабель, құбыр желісі мен басқа да коммуникацияларды төсеу, бұрғылау, ауыл шаруашылықтық және өзге де жұмыстарды жүргізуге;

5

5) табиғи ортаны ластайтын, жер үсті және жер асты суларын химиялық сипатта ластау қаупі бар минералдық және органикалық тыңайтқыштарды, пестицидтерді және басқа да улы химикаттарды, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймалардың құрылысын салуға және орналастыруға, техникалық қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы техникасын, автокөлікті жуу пункттерін тұйықталған техникалық сумен қамтамасыз ету жүйесінсіз, өндірістік сарқынды суды, мал шаруашылығының сарқынды суларын жинақтаушы және басқа да объектілерсіз орналастыруға;

6 6) жер үсті және жер асты суларына микробтық сипаттағы ластау қаупі бар зираттарды, мал өлігін көметін орындарды, ассенизация аңыздарын, сүзу аңыздарын, сүремдік орларды, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы кәсіпорындары мен басқа да объектілерді орналастыруға;

7 7) улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдануға, жұқпасыздандыру, бұқырлау және дератизациялық іс-шараларын жүргізуге;

8 8) зиянсыздандыруға және қайта пайдалануға жарамайтын радибелсенді қалдықтар мен өнімдерді әкелуге, сонымен қатар сақтауға немесе көмуге;

9 9) өзенге (оның тармақтары мен ескі арналарына) радибелсенді және уытты заттарды төгуге және көмуге;

10 10) тазарту имараттары жоқ және тиімді тазартудың нормативтеріне сәйкес қамтамасыз етілмеген өнеркәсіп, тағам объектілерінің сарқынды суларының өзенге (оның тармақтары мен ескі арналарына) құйылуына;

11 11) өзенде (оның тармақтары мен ескі арналарында) радибелсенді және уытты заттарды бөлетін технологиялар пайдаланылатын жарылыс жасау жұмыстарын жүргізуге;

12 12) өзенде (оның тармақтары мен ескі арналарында) және су шаруашылығы имараттарында тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін техника мен технологияларды қолдануға;

13 13) өзенге (оның тармақтары мен ескі арналарына) қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды төгуге және көмуге;

14 14) өзеннің (оның тармақтары мен ескі арналарының) аумағы мен мұз жамылғысының, сондай-ақ су басатын жағалауларының шайылуы жер үсті және жер асты суларының сапасын нашарлатуға әкеліп соғатын қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтармен, қоқыстармен және үй малының көңімен ластануына;

15 15) суды лимиттен артық қайтарымсыз алуға;

16 16) малды тоғытуға және оларды санитарлық өңдеуге, өзеннің (оның тармақтары мен ескі арналарының) тартылуына әкеліп соғатын шаруашылық қызметтің түрлерін жүргізуге;

17 17) қамысты шабуға және құрғақ шөпті өртеуге, орманды шабуға және түбірлерді қопаруға (орманда күтім және санитарлық шабуларды ғана жүргізуге рұхсат беріледі);

18 18) өзенге (оның тармақтары мен ескі арналарына) алдын ала тазартылмаған өнеркәсіптік нөсерлік, мал шаруашылығының және жер үстінің ластанған сарқынды суларын бұруға;

19 19) малды мөлшерсіз жаюға.

2 2. Су қорғау белдеуінің шегінде, су қорғау аймағы үшін анықталған шектеулерден басқа, мыналарға тыйым салынады:

1 1) табиғат қорғау органдарымен келісілген жобалар бойынша орналастырылатын бас тоған имараттарынан, кеме айлақтарынан, жағалауды бекіту жұмыстарынан, сондай-ақ демалыс орындарынан басқа, табиғи ортаға зиян келтіретін құрылыс, шаруашылықтық және басқа да қызметтердің барлық түрлеріне;

2 2) өзенде, оның тармақтары мен ескі арналарында автокөлік құралдары мен басқа да механизмдерді жууға, сондай-ақ суды ластау көзі болып табылатын жұмыстар өндірісін жүргізуге;

3 3) жер жыртуға, мал жаюға, сүректік-бұталық өсімдіктерді шабуға;

4 4) палаткалы қалашықтарды, автомобильдердің тұрағын, малға арналған жазғы лагерьлер мен қора-қопсыларды салуға;

5

5) су қорғау белдеулерінің шегіндегі тұрғын секторларында, су қорғау белдеуінің, өзеннің (оның тармақтары мен ескі арналарының)  қоқысталуы мен ластануына жол бермейтін, жағаларында тұратын тұрғындардың өздерінің мекен ету орталарын сақтауларына арналған жеке жауапкершіліктеріне негізделген шектелген пайдалану режимін сақтау қажет.

Қолданыстағы