Құжат мәтініне өту

Об утверждении базовых ставок, размеров применяемых коэффициентов и порядка определения расчетных ставок арендной платы за пользование имуществом государственной коммунальной собственности Восточно-Казахстанской области

Қаулы · № 730 · қабылданған 22.08.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-29535/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении базовых ставок, размеров применяемых коэффициентов и порядка определения расчетных ставок арендной платы за пользование имуществом государственной коммунальной собственности Восточно-Казахстанской области Күшін жойған Қаулы ·№ 730 ·22.08.2006
29.10.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении базовых ставок, размеров применяемых коэффициентов и порядка определения расчетных ставок арендной платы за пользование имуществом государственной коммунальной собственности Восточно-Казахстанской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 730 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении базовых ставок, размеров применяемых коэффициентов и порядка определения расчетных ставок арендной платы за пользование имуществом государственной коммунальной собственности Восточно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысынының мемлекеттік коммуналдық меншік мүлкін пайдаланғаны үшін төленетін жалдық ақының базалық ставкаларын, қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері мен есеп айырысу ставкаларын анықтау тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
730
Қабылданған күні
22.08.2006
Көрсетілген редакция
29.10.2009 29535_198156.kaz
Соңғы өзгеріс
29.10.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06V0002430
ЭКБ идентификаторы
29535
Редакция идентификаторы
29535_198156
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:56

0 Шығыс Қазақстан облысынының мемлекеттік коммуналдық меншік мүлкін пайдаланғаны үшін төленетін жалдық ақының базалық ставкаларын, қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері мен есеп айырысу ставкаларын анықтау тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдедегі N№1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасының 1.5.4-тармағына , "Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi мемлекеттiк заңды тұлғаларға беру (бекiту), өтеусiз пайдалану, сенiмдi басқару, жалға беру мәселелерiн реттейтiн құқықтық актiлер туралы" Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі N 445 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлерiн (мүлiктерiн) мүлiктiк жалдауға (жалға) беру ережесінің 7-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік коммуналдық меншік мүлкін пайдаланғаны үшін жалдық ақының базалық ставкалары, қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері мен есеп айырысу ставкаларын анықтау тәртібі бекітілсін.

2 2. Шығыс Қазақстан облысының қаржы департаменті (А.А. Курмангалиев) коммуналдық меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалдауға (жалға) беру барысында:

1 1) осы қаулымен бекітілген базалық ставкаларға, қолданылатын коэффициенттер тәртібі мен мөлшерлеріне сәйкес жалгерлік төлемді анықтасын.

2 2) осы қаулының 1-тармағына сәйкес 2006 жылғы 1 қарашадан жалгерлік төлемді қайта есептесін және жалгерлермен мүлiктiк жалдаудың (жалға алудың) қолданыстағы барлық шарттары бойынша қосымша келісім жасасын.

3 3) әрбір келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап өткен жылдың қалыптасқан инфляция коэффициентін арттыру жолымен базалық ставкалар мөлшерлеріне түзету жүргізсін.

3

3. Қалалар мен аудандар әкімдіктері, Шығыс Қазақстан облысының қаржы департаменті (А.А. Курмангалиев) және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары коммуналдық меншiк объектiлерiн, соның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүлiктiк жалдауға (жалға) беру барысында Ережелерді сақтауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.В. Плотниковқа жүктелсін.

9 Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік коммуналдық меншік мүлкін пайдаланғаны үшін жалдық ақының базалық ставкаларын, қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері мен есеп айырысу ставкаларын анықтау тәртібі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2006 жылғы 22 тамыздағы
№ 730 қаулысымен бекітілген
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік коммуналдық меншік мүлкін пайдаланғаны үшін жалдық ақының базалық ставкаларын, қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері мен есеп айырысу ставкаларын анықтау тәртібі
N
р/с
Пайдалау мақсаты
1 шаршы метрге базалық ставкалардың өлшемі, теңге
1
Мектепке дейінгі және мектептік білім беру
150
2
Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыруды жүзеге асыру
150
3
Мәдениет және спорт (спорттық жаттығу секциялары, балет-би топтары)
250
4
Баспа өнімдерін сату және кеңсе тауарларын
250
5
Қоғамдық тамақтандыру пункттерінің жұмыстарын ұйымдастыру (спирттік сусынсыз)
450
6
Тұрғындарға қызмет көрсету
450
7
Арнаулы орта және жоғары білім беру
Дайындық курстарын, біліктілікті жоғарылату курстарын өткізу
500
8
Қоймалар
600
9
Аспаздық, нан-тоқаш өнімдерін және азық-түліктерді сату
600
10
Өнеркәсіптік тауарларды сату
650
11
Медициналық қызмет көрсету
650
12
Қызметтің, өндірістің басқа түрлері
650
13
Жеке меншік пәтерлер кооперативтері, жеке меншік пәтерлер өндірістік кооперативтері
250
14
Көлік қызметтері
700
15
Баспа, байланыс, радио және телехабар органдары
800
16
Кеңселер
800
17
Дәріханалық бизнес
800
18
Валюта айырбастау пунктерінің жұмысын ұйымдастыру
1000
19
Банктер, биржалар
1000
20
Қонақүй бизнесі
1000
21
Спирттік сусындарды сату
1000
22
Казино, ойын үйлері, мейрамханалар, түнгі клубтар, барлар мен дәмханалар
1300
Республикалық бюджеттен және әділет органдарында тіркелген мемлекеттiк емес коммерциялық емес білім, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері қаржыландырылатын заңды тұлғаларға мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беруде - 1 шаршы метрге 100 теңгеден;
кейіннен өтеусіз меншікке беру құқығымен ("Жеке кәсіпкерлік туралы"»Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124-ІІІ Заңына сәйкес) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммуналдық мүліктерді жалға беруде - 1 шаршы метрге 100 теңгеден;
қоғамдық бірлестіктерге - 1 шаршы метрге 200 теңгеден;
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға - 1 шаршы метрге 300 теңгеден.
Мына көшелер шегінде орналасқан объектілерді жалға беруде:
Өскемен қаласы бойынша: Пролетар, Буров, Қызыл қырандар жағалауы, Абай даңғылы, Бажов, Металлургтер, Карбышев, Солнечная көшелері және жібек маталар комбинаты ауданы;
Семей қаласы бойынша: Полковников аралы, Сорокин көшесі, Алматыға баратын темір жол шегіндегі қалалық аумақ, Первомайская көшесі, Карменов көшесі және Дзержинец кентіне қоса Щорс көшесіне дейін: қаланың орталық бөлігі темір жол бойындағы литейлік зауыттан Районный көшесіне дейін, Жангелдин көшесі, Сеченов көшесі, Жамақаев көшесі, темір жолды бойлай Шығыс кентіне баратын бұрынғы аграрлық-өнеркәсіп трест өндірістік базасына дейін және Семей жолдары жоғарылатылған коэффициент қолданылады - 1,5.
Облыстың өзге елді мекендері үшін жалдық төлем жоғарылату коэффицентін есептемесіндегі базалық ставкалардан саналады.
Кент, ауылда орналасқан объектілерді жалға беруде төмендетілген коэффициент қолданылады - 0,7.
Қолайлы жабдықталмаған (жылыту, ыстық және суық су жоқ болғанда), сондай-ақ жертөле және жартылай жертөле үй жайларын жалға беруде төмендетілген коэффициент қолданылады - 0,7.
Мүліктік кешендерге, көліктерге, жабдықтарға және басқа негізгі құралдарға (ауданнан басқа) жалдық ақы есебі бағалау құны болмаған жағдайда олардың бастапқы баланстық құнының 15% мөлшерінде жүргізіледі.
Базалық ставкаларды тараптар өткен жылдың инфляциясы коэффицентін арттыру жолымен жыл сайын қайта қарайды.

Қолданыстағы