Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан

Қаулы · № 66 · қабылданған 25.07.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-29537/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 66 ·25.07.2006
30.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 66 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
66
Қабылданған күні
25.07.2006
Көрсетілген редакция
30.05.2016 AI29537_18.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004360_
ЭКБ идентификаторы
29537
Редакция идентификаторы
AI29537_18
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:04

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен кейін қолданысқа енгізіледі, ал оның күші 2006 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

3 3. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М.Сартбаевқа жүктелсін.

"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2006 жылғы 8 тамыз

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесі

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 25 шілдедегі
N 66 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрі - Қор) активтерінің бір бөлігін шетелдік банктердің және активтерді басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқаруына берудің жалпы тәртібі мен талаптарын реттейді.

2 2. Қордың бір бөлігі:

1 1) басқаруға байланысты тәуекелдер деңгейін, басқаруды әртараптандыру салдарын төмендету;

2 2) сыртқы басқарушының тәжірибесін, талдау материалдарын, зерттеулері мен техникалық ресурстарын пайдалану нәтижесінде Ұлттық қорды басқару кірістілігін ұлғайту;

3 3) активтерді басқару, қызметкерлерді оқыту саласында қосымша сараптама алу;

4 4) олар бойынша ішкі басқару тәжірибесі жинақталмаған активтердің жаңа кластарын ендіру мүмкіндіктері үшін сыртқы басқаруға беріледі;

5

5) сыртқы басқарушылардың санын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысында белгіленген сыртқы басқарудың тиісті көлемдерде ұстап тұру үшін сыртқы басқаруға беріледі.

2-1 2-1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) аймақтық мандат – инвестициялары бір елдің (нарықтың, аймақтың) шеңберінде шоғырландырылған портфель;

2 2) активтерді активтік басқару - кірістілік ауытқуы мәнінің (tracking error) пайыздық шегі 0.5 пайыздан (нөл бүтін оннан бес) асуына жол берілетін басқару түрі;

3 3) активтерді пассивтік басқару – кірістілік ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0.5 пайыздан аспаған кездегі басқару түрі. Пассивтік басқару кезінде сыртқы басқарудағы портфельдің кірістілігі шамамен эталондық портфельдің кірістілігіне тең болады;

4 4) активтерді сыртқы транзиттік басқару – бұл бір сыртқы басқарушыдан басқасына аударуға арналған активтер берілетін активтердің ауысуымен қатар жүретін тәуекелдерді төмендету мақсатында сыртқы транзиттік басқарушыға 6 (алты) айға дейінгі мерзімге берілетін басқару түрі;

5 5) ақпараттық коэффициент (information ratio) – тарихи жоғары кірістіліктің тәуекелдің тарихи деңгейіне (кірістілік ауытқуының өзгермелілігіне) қатысы;

6 6) ауқымды мандат – инвестициялары бір елдің (нарықтың, аймақтың) шеңберінен шығатын портфель;

7 7) бас ұйым – еншілес ұйымдар акцияларының бақылау пакетіне ие компания;

8 8) жоғары кірістілік деңгейі – кірістіліктің нақты жеткен деңгейі және эталондық портфель кірістілігінің деңгейі арасындағы айырма;

9

9) өкілетті өкіл – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Басқармасының шешімімен белгіленетін, өкілеттіліктеріне Ұлттық Банктің атынан Қорды сенімгерлік басқару бойынша шешімдерді жедел қабылдау кіретін арнайы лауазымды тұлға (Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде);

10 10) мамандандырылған мандат – басқару стильдерін әртараптандыру және сыртқы басқарушылар арасында теріс байланыс орнату мақсатында берілетін мандат;

11 11) мандат – белгілі бір инвестициялық сипаттамалары бар портфель;

12 12) маржа шоты – бұл туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізу үшін биржалармен аффилиирленген ұйым болып табылатын, туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есеп айрысулардың шынайылығын, жеткізуді және жүргізуді қамтамасыз ететін клирингтік ұйымда ашылған шот;

13 13) сыртқы басқарушы – клиенттердің активтерін сенімгерлік басқаруға маманданатын және қызметін халықаралық қаржы нарықтарында жүзеге асыратын инвестициялық компания және/немесе инвестициялық банк;

14 14) сыртқы транзиттік басқарушы – клиенттердің активтерін транзиттік басқаруға маманданатын және өз қызметін халықаралық қаржы нарығында жүзеге асыратын инвестициялық компания және/немесе инвестициялық банк;

15 15) уәкілетті бөлімше - Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті.

2 2-тарау. Негізгі ұғымдар

3 3. Сыртқы және сыртқы транзиттік басқарудың негізгі талаптары

11 11. Сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқаруға Қордың құрамына кіретін ақша және басқа активтер берілуі мүмкін.

12 12. Бір сыртқы басқарушыға сыртқы басқаруға берілетін Қордың жалпы рұқсат етілген көлемі Қордың жинақ портфелінің 10 пайызынан аспайды.

13 13. Активтерді басқару түрі (активтік, пассивтік) және эталондық портфельдің өлшемдері Ұлттық Банктің Қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру шеңберінде айқындалады.

14 14. Сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқарушыға белгіленген сыйақы және/немесе басқару нәтижесіне тәуелді сыйақы активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімде белгіленген тәртіппен төленеді.

4 4. Шешім қабылдау және Қордың активтерін сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқаруға беру тәртібі

15

15. Активтерді сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқаруға беру қажеттілігі туралы шешімді уәкілетті бөлімшенің ұсынысы бойынша не Төрағаның немесе Төрағаның уәкілетті бөлімшеге жетекшілік жасайтын Орынбасарының тапсырмасына сәйкес Өкілетті өкіл немесе Төраға немесе Төрағаның уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін Орынбасары қабылдайды.

15-1

15-1. Егер Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін сыртқы басқаруды жүзеге асыратын сыртқы басқарушы осы Ереженің 19-1 және 19-2-тармақтарында белгіленген критерийлерді қанағаттандырса, онда Өкілетті өкілдің, Төрағаның немесе Төрағаның уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасарының шешімі бойынша оның кандидатурасы Ұлттық Банк Басқармасының қарауына осы Ереженің 16, 17, 18 және 19-тармақтарында көзделген рәсімдер өткізілместен енгізіледі.

16

16. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің халықаралық Интернет желісіндегі интернет-ресурсында сыртқы басқарушыны таңдау бойынша алда болатын тендер туралы ақпарат жариялайды, әлеуетті сыртқы басқарушылардың тізімін жасайды, осы ақпаратты әлеуетті сыртқы басқарушыларға жібереді. Алда болатын тендер туралы ақпаратта мыналар болады:

1 1) мандат түрінің сипаты және оның сипаттамалары (эталондық портфель, басқару мақсаты, инвестициялық шектеулер, мандаттың болжамды көлемі);

2 2) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес сыртқы басқарушыдан сұратылатын шағын ақпарат және жауаптарды беру мерзімі;

3 3) әлуетті сыртқы басқарушыларға қойылатын талаптар;

4 4) Ұлттық Банктің тендер өткізуге жауапты тұлғалары туралы мәліметтер.

17 17. Сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқарушыларды таңдауды уәкілетті бөлімше жүзеге асырады.

18 18. Әлеуетті сыртқы басқарушылар осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес сұратылатын ақпаратқа жауаптарды электрондық түрде және/немесе қағазға басып ұсынады.

19 19. Уәкілетті бөлімше осы Ереженің 19-1 және 19-2-тармақтарында белгіленген сыртқы басқарушыларды таңдаудың міндетті критерийлерін ескере отырып, келіп түскен барлық ұсыныстарға салыстырмалы талдау жүргізеді.

Егер сыртқы басқарушы міндетті критерийлерді қанағаттандырған жағдайда, ұсыныс одан әрі қаралады және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес бағалау критерийлері бойынша салыстырмалы талдау жүргізіледі.
Осы Ереженің 19-1 және 19-2-тармақтарында белгіленген критерийлерді қанағаттандырмайтын компания Ұлттық Банк Басқармасының шешімі бойынша сыртқы басқарушы ретінде бекітіледі.
Сыртқы басқарушының ұсынысын бағалау тәртібі осы Ереженің 3-қосымшасында келтірілген.

19-1 19-1. Активтердің бір сыртқы басқарушыға берілетін активтерінің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан асатын мандаттар үшін міндетті критерийлер:

1 1) Қордың активтерін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесінің, оның кемінде 5 (бес) жылы мандаттың жарияланған түрі бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.

Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2 2) басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушының басқаруында клиенттердің кемінде 25 (жиырма бес) миллиард АҚШ доллары баламасындағы жиынтық активтерінің (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі) болуы;

3 3) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушыда қарастырылып отырған мандат түрі бойынша клиенттердің жиынтық активтері 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем болмайды.

Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем болмайды.

19-2 19-2. Активтердің бір сыртқы басқарушыға берілетін активтерінің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан аспайтын мамандандырылған мандаттар үшін міндетті критерийлер:

1 1) Қордың активтерін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің, оның кемінде 3 (үш) жылы мандаттың жарияланған түрі бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.

Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2

2) басқарудағы активтердің мөлшері: басқаруында клиенттердің жиынтық активтерінің мөлшері кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары болуы тиіс баламалы құралдар мандаттары бойынша сыртқы басқарушыларды қоспағанда, сыртқы басқарушының басқаруында баламасы 3(үш) миллиард АҚШ долларынан кем емес клиенттердің жиынтық активтері (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі) болады;

3 3) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушыда мандаттың қарастырылып отырған түрі бойынша 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасынан кем емес клиенттердің жиынтық активтері болады.

Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасынан кем болмайды.
Мамандандырылған мандат қолданыла бастағаннан кейін бір сыртқы басқарушыға оның басқару нәтижелері бойынша 300 (үш жүз) миллион АҚШ долларынан асатын, бірақ осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген шектеуден аспайтын мөлшердегі активтер беріледі.

20 20. Қажет болған кезде уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушының басқару нәтижелері және сапасы туралы сұрату жасай отырып, оның клиенттеріне өтініш жасайды.

21 21. Сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын талдау жөніндегі қорытындыны дайындау мерзімі сыртқы басқарушы сұратылған ақпаратты ұсынған күннен бастап 2 (екі) айдан аспайды.

22

22. Уәкілетті бөлімше дайындаған, сыртқы басқару жөніндегі ұсыныстарды салыстырмалы талдаудан және сыртқы басқарушыны таңдау жөніндегі ұсынымдардан тұратын қорытынды қарау нәтижесі бойынша сыртқы басқарушылардың неғұрлым тиімді ұсыныстарын (қысқа тізім - short list) бекітетін Өкілетті өкілдің қарауына беріледі. Уәкілетті бөлімше қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылармен ұсыныстардың талаптарын жақсарту мақсатында келіссөздер жүргізеді.

23 23. Уәкілетті бөлімше қажет болған жағдайда сыртқы басқарушы, инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі және тәуекелдерді бақылау рәсімдері туралы неғұрлым нақты және дәл ақпарат алу үшін әлуетті сыртқы басқарушылармен кездесулер жүргізеді.

23-1 23-1. Әрбір сыртқы басқарушы Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен не Өкілетті өкілдің Ұлттық Банк пен тиісті сыртқы басқарушы арасында активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісім жасауды көздейтін шешімімен бекітіледі.

24 24. Ұлттық Банк Басқармасы не Өкілетті өкіл сыртқы басқарушыны бекіткеннен кейін уәкілетті бөлімше тендердің әрбір қатысушысына тендердің қорытындысы туралы хабарлама ұсынады.

24-1 24-1. Сыртқы транзиттік басқарушыны таңдау тендер өткізілместен жүзеге асырылады. Сыртқы транзиттік басқарушыны Өкілетті өкіл бекітеді.

25

25. Уәкілетті бөлімше Қордың Өкілетті өкілінің сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқарушыны бекіту туралы шешімі негізінде сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқарушымен келісім дайындау және жасау рәсімдерін жүргізеді және одан әрі мониторинг пен Ұлттық қордың сыртқы басқарушымен келісімнің барлық талаптарын орындауды бақылауды жүзеге асырады.

5 5. Активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімнің талаптары

26 26. Активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімде мынадай талаптар болуы тиіс:

1 1) Ұлттық Банктің активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімді кез келген уақытта себептерін түсіндірместен, мерзімінен бұрын бұзу құқығы;

2 2) Ұлттық Банктің сыртқы басқарудағы активтердің бір бөлігін өзінің қалауы бойынша толықтыру/қайтарып алу құқығы;

3 3) мемлекеттік және тараптарға қолайлы тілдегі келісімге қол қою;

4 4) сыртқы басқарушының оның Ұлттық қордың сыртқы басқаруға берілген активтерін басқаруға жауапты қызметкерінің қозғалысы туралы ақпарат ұсынуы;

5

5) Ұлттық Банк, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Қаржы министрлігі) мамандарының және тәуелсіз аудиторлардың шот бойынша операцияларды тексеру, сондай-ақ сыртқы басқарушы, инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі және тәуекелдерді бақылау рәсімдері туралы неғұрлым нақты және дәл ақпарат алу үшін сыртқы басқарушыға келуі;

6 6) сыртқы басқарушымен аффилирленген ұйымдарды Қордың сыртқы басқаруға берілген активтерімен мәмілелер бойынша брокерлер ретінде пайдалану мүмкіндігінің болмауы;

7 7) сыртқы басқарушының кірістілік ауытқуының күтілетін өзгермелілігінің (еxpected tracking error) белгіленген лимитін бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы;

8 8) сыртқы басқарушы тарапынан болған ұқыпсыз қарау, міндеттемелерді қасақана орындамау немесе алаяқтық салдарынан Қорға келтірілуі мүмкін шығындар үшін жауапкершілік туралы;

9 9) Ұлттық Банктің және Қаржы министрлігінің Қордың активтерін басқаруды және мониторингін жүзеге асыратын қызметкерлеріне консультация беру, оқыту немесе тағылымдамадан өткізу;

10 10) келісім бұзылған жағдайда сыртқы басқарушы портфель бойынша кастодиан банкпен (банктермен) салыстырып тексерілген келісімді бұзу күнгі толық есептілікті ұсынады. Сыртқы басқару кезеңіндегі портфельге байланысты күтілетін барлық шығыстарын тараптардың келісімімен айқындалады;

11 11) сыртқы басқарушы мынадай негізгі бағыттарға сәйкес есептілікті жүйелі түрде Ұлттық Банкке ұсынады:

алдыңғы жұмыс күні жасалған операциялар бойынша күн сайынғы есептілік;
портфельді бағалау (активтерді валюталардың кластары және түрлері бойынша бөлу, портфельдің есептік ай соңындағы құрамы, активтердің есептік ай соңындағы нарықтық құны);
портфельдегі қозғалыс (есептік тоқсанда жасалған, әртүрлі кластар және валюталар бойынша сұрыпталған барлық мәмілелердің тізбесі, дивидендтерді және жинақтаушы пайыздарды өтеу, төлеу);
портфельді басқару нәтижелерін талдау (қол жеткен кірістілік, эталондық портфельмен салыстырғанда портфель тәуекелінің көрсеткіштері және кірістілік ауытқуының өзгермелілік деңгейі (tracking error) бөлігінде портфельді басқару бойынша ай сайынғы, тоқсандық және жалпы нәтижелер);
тиісті нарықтардың жай-күйі және олардың портфельге әсері жөніндегі жазбаша есеп;
экономикалық шолу;
стратегияға шолу және портфельдің құрылымындағы неғұрлым маңызды өзгерістерді түсіндіру;
ағымдағы инвестициялау стратегиясы;
мандаттың активтік түрі үшін әртүрлі факторлардың портфельдің кірістілігіне (performance attribution report) әрбір тоқсанның және жылдың соңына кезеңділікпен салымы;

12 12) сыртқы басқарушы ай сайын әрбір айдың соңында белгіленген мерзімдерге сәйкес сыртқы басқаруға берілген портфельдің құрамын кастодиан банктің (банктердің) деректерімен салыстырып (reconciliation) тексереді;

13 13) активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімге тараптардың жазбаша келісімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігі.

Сыртқы басқарушының ұсынысын қараудың міндетті талабы оның осы тармақтың талаптарын сыртқы басқару бойынша келісімге қосу жөніндегі растауы болып табылады.

27 27. Активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімге Ұлттық Банк тарапынан Өкілетті өкіл немесе Ұлттық Банктің Төрағасы немесе Төрағасының орынбасары қол қояды.

28 28. Қол қойылған келісімдерге сәйкес Ұлттық Банк Қор активтерінің бір бөлігін Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (банктердегі) сыртқы басқаруға арналған шоттарына ақша және бағалы қағаздар аудару арқылы сыртқы басқаруға беруді жүзеге асырады.

29 29. Активтерді сыртқы басқаруға беру кезінде активтерді бір түрден басқасына аудару бойынша өтпелі кезең (transition period) ескеріледі. Өтпелі кезеңнің ұзақтығы 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

30 30. Қор активтерінің сыртқы басқаруға берілетін бір бөлігі Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (банктердегі) шоттарында және Қордың клирингтік ұйымындағы (ұйымдарындағы) маржа шоттарында Ұлттық Банктің рұқсатымен сақталады.

31 31. Активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімнің талаптары және шектеулер Ұлттық Банктің Қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру шеңберінде белгіленген талаптары мен шектеулеріне сәйкес айқындалады.

31-1 31-1. Осы Тарауда белгіленген талаптар 26-тармақтың 6) тармақшасын қоспағанда, сыртқы транзиттік басқарушы сыртқы транзиттік басқаруды жүзеге асырған кезде Ұлттық Банк және сыртқы транзиттік басқарушы арасында туындайтын қатынастарға қолданылады.

6 6. Сыртқы басқару нәтижелері және мониторинг

32

32. Активтерді сыртқы басқаруға берген уақыттан бастап уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушы қызметінің күн сайынғы мониторингін жүргізеді: активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімде көрсетілген шектеулерге сәйкес келуі тексеріледі, сыртқы басқарушы жасайтын мәмілелердің мониторингі жүзеге асырылады, сыртқы басқарудағы портфель тәуекелінің және кірістілігінің көрсеткіштері бағаланды.

33 33. Сыртқы басқарушының қызметін бағалау осы Ереженің 4-қосымшасында келтірілген көрсеткіштер және Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің мамандарына ұсынылған оқытудың және технологиялардың сапасы негізінде жүргізіледі.

34 34. Уәкілетті бөлімше жылына бір рет кезеңділікпен сыртқы басқарушымен көздесу өткізеді, онда сыртқы басқарушы басқару нәтижелері туралы, инвестициялық шектеулердің орындалуы туралы есеп береді, нарықтық ахуалға және оның портфель мен басқару стратегиясына ықтимал әсер етуіне баға береді.

35

35. Сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау рәсімі осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес келтірілген сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады және жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Ұлттық Банк Басқармасы не Өкілетті өкіл осы сыртқы басқарушымен жұмысты жалғастыру туралы немесе оны тоқтату туралы тиісті шешім қабылдайды. Шешім сыртқы басқарушының нәтижелері негізінде 3 (үш) жыл басқару кезеңі үшін қабылданады.

35-1

35-1. Сыртқы басқарушының өткен кезең үшін алған кумулятивтік үстеме кірістілігі теріс болған жағдайда және оның абсолюттік мәні тиісті мандат бойынша кірістіліктің ауытқу өзгермелілігі (tracking error) көрсеткішінің белгіленген лимитінің абсолюттік мәнінен асып кетсе, Ұлттық Банк Басқармасының қарауына осы сыртқы басқарушымен сенімгерлік басқару туралы келісімді бұзу туралы мәселе шығарылады.

36

36. Егер сыртқы басқаруға берілетін Қордың лимиті жұмыс істеп тұрған екі сыртқы басқарушының бірігуіне байланысты бұзылса, уәкілетті бөлімше Өкілетті өкілдің қарауына екі сыртқы басқарушының осы Ереженің 4-қосымшасында келтірілген сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне сәйкес төмен нәтиже көрсеткен біреуімен келісімді бұзу туралы мәселені енгізеді. Көрсетілген бұзушылық туындаған күнінен бастап 4 (төрт) айдың ішінде жойылады.

37 37. Сыртқы басқарушымен келісім:

1 1) сыртқы басқарушы сыртқы басқарудағы портфельді басқару бойынша эталондық портфельмен салыстырғанда үстеме кірістілікке қол жеткізбеген жағдайда;

2 2) келісім талаптары бұзылған жағдайда;

3 3) Қордың инвестициялау стратегиясы өзгерген жағдайда;

4 4) Өкілетті өкілдің, Ұлттық Банк Басқармасының, Төрағасының немесе Төрағаның уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін Орынбасарының шешімі бойынша бұзылады.

1 Сыртқы басқарушыдан сұратылатын ең аз ақпарат

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды таңдау
ережесіне 1-қосымша
Сыртқы басқарушыдан сұратылатын ең аз ақпарат

1 1. Ұйымның қаралатын мандат түрі бойынша жұмыс тәжірибесі.

2 2. Клиенттердің соңғы 5 жылда басқарудағы активтері, оның ішінде:

1 1) басқарудағы жалпы активтер;

2 2) қаралатын мандат түрі бойынша активтер;

3 3) институционалдық клиенттердің активтері;

4 4) орталық банктердің активтері.

3 3. Портфельдік менеджерлер және сыртқы басқаруға берілген активтер үшін жауапты болатын клиенттермен байланыс жөніндегі менеджерлер туралы ақпарат.

4 4. Портфельдік менеджерлер мен талдаушылар арасында соңғы 5 жылда қызметкерлердің тұрақтамауы туралы ақпарат.

5 5. Инвестициялық үдерістің, портфельді басқару әдістерінің, нарықты зерттеудің толық сипаты, қаржылық ақпараттың пайдаланылатын көздері немесе қаржы құралдарын бағалаудың модельдері.

6 6. Активтік нарық тәуекелінің үлгісін жасау, мониторингі және басқару қалай жүзеге асырылады (қарастырылатын мандат түрі активті басқаруға жататын болса).

7 7. Тәуекелдерді бақылау және басқару бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы.

8 8. Соңғы 5 жылда ұқсас немесе жақын эталондық портфель және мандат түрі бар портфельді басқарудың тарихи нәтижесі.

9 9. алынып тасталды

10 10. Бухгалтерлік және талдау есептіліктерінде қолданылатын кірістілікті, тәуекелді есептеу үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің сипаты.

11 11. Ішкі корпоративтік этиканың сипаты.

12 12. Сыртқы басқару бойынша келісім талаптарын бұзған жағдайда Ұлттық Банктің алдында сыртқы басқарушының жауапкершілігі.

13 13. Клиентті сыртқы басқарушының қателерінен қорғау үшін сақтандырудың қандай түрлері пайдаланылады.

14

14. Бас ұйымның кредиттік рейтингі (егер бар болса), сыртқы басқарушының оның бас ұйымына сыртқы басқаруға активтер беру туралы келісім талаптарын сыртқы басқарушы орындамаған жағдайда зиянды өтеу туралы кепілдік беру мүмкіндігі не активтерді тікелей сыртқы басқаруға беру туралы бас ұйыммен не Ұлттық Банк, сыртқы басқарушы және оның бас ұйымы арасында жасалған үш жақты келісімге қол қою мүмкіндігі.

15 15. Клиенттер үшін ұсынылатын тренингтің талаптары.

16 16. Басқару үшін комиссияның болжамды деңгейі туралы ақпарат.

17 17. Сыртқы басқарушының қаржылық есептілігінің соңғы аудиторлық қорытындысы.

18 18. алынып тасталды

2 Сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдау үшін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды таңдау
ережесіне 2-қосымша
Сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдау үшін бағалау критерийлері
Кри­те­рий­лер
Кри­те­рий­дің мәні (пай­ы­з­бен)
1.
Порт­фель­ді бас­қа­ру­дың та­ри­хи нәти­же­ле­рі (ай­мақ­тық ман­дат­тар­ға ма­ман­дан­ған және ауқым­ды ман­дат бой­ын­ша бас­қа­ру­шы­ны таң­да­у­ға қа­ты­са­тын әле­ует­ті сырт­қы бас­қа­ру­шы­лар­дың ұсы­ны­ста­ры­на са­лы­стыр­ма­лы тал­дау жүр­гіз­ген кез­де көр­сет­кіш­тер ти­іс­ті ман­дат­тың қам­туы­на бай­ла­ны­сты нор­ма­ла­на­ды)
35
үсте­ме кі­рі­сті­лік­тің соң­ғы 3-5 жыл­да­ғы ор­та­ша көр­сет­кі­ші (егер үсте­ме кі­рі­сті­лік көр­сет­кі­ші 5 жыл­дан кем ке­зең­де оң бол­са, көр­сет­кіш 5 жыл­дық ке­зең­ге қа­ты­сты нор­ма­ла­на­ды)
40
ақ­па­рат­тық ко­эф­фи­ци­ент­тің соң­ғы 3-5 жыл­да­ғы ор­та­ша көр­сет­кі­ші (егер ақ­па­рат­тық ко­эф­фи­ци­ент­тің көр­сет­кі­ші 5 жыл­дан кем ке­зең­де оң бол­са, көр­сет­кіш 5 жыл­дық ке­зең­ге қа­ты­сты нор­ма­ла­на­ды)
60
2.
Ак­тив­тер
10
осы ман­дат тү­рі бой­ын­ша ак­тив­тер кө­ле­мі­нің бас­қа­ру­да­ғы жал­пы ак­тив­тер­ге қа­ты­сты пай­ы­зы (ай­мақ­тық ман­дат­тар­ға ма­ман­дан­ған және ауқым­ды ман­дат бой­ын­ша бас­қа­ру­шы­ны таң­да­у­ға қа­ты­са­тын әле­ует­ті сырт­қы бас­қа­ру­шы­лар­дың ұсы­ны­ста­ры­на са­лы­стыр­ма­лы тал­дау жүр­гіз­ген кез­де ай­мақ­тық ман­дат­тар бой­ын­ша ак­тив­тер­дің кө­ле­мі пай­да­ла­ны­ла­ды. Бұл мән ти­іс­ті ман­дат­тың қам­туы­на бай­ла­ны­сты нор­ма­ла­на­ды)
65
ин­сти­ту­ци­о­нал­дық ин­ве­стор­лар­дың ак­тив­те­рі кө­ле­мі­нің бас­қа­ру­да­ғы жал­пы ак­тив­тер­ге қа­ты­сты пай­ы­зы
35
3.
Ко­ман­да
15
ти­іс­ті ман­дат бой­ын­ша ак­тив­тер­ді бас­қа­ру­ға жа­у­ап­ты порт­фель­дік ме­не­джер­лер­дің және тал­да­у­шы­лар­дың ор­та­ша жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
50
ком­па­ния бой­ын­ша тұ­та­стай ал­ған­да порт­фель­дік ме­не­джер­лер мен тал­да­у­шы­лар­дың ара­сын­да ма­ман­дар­дың тұ­рақ­та­мауы­ның тө­мен бо­луы
50
4.
Кре­дит­тік мәр­те­бе
5
- егер бас ұй­ым­ның ке­піл­ді­гі бол­са не ке­лі­сім­ге бас ұй­ым қол қой­ған жағ­дай­да, бас ұй­ым­ның кре­дит­тік рей­тин­гі­сі (S&P неме­се Moody's), олай бол­ма­ған жағ­дай­да ком­па­ни­я­ның кре­дит­тік рей­тин­гі­сі
5.
Бас­қа­ру үшін тө­ле­не­тін ко­мис­си­я­ның дең­гейі
20
Ба­за­лық ко­мис­си­я­ның дең­гейі
90
Net new high basis since inception қа­ғи­да­тын қа­был­дау
10
6.
Сер­вис
10
Ұлт­тық Банк­тің ма­ман­да­рын оқы­ту
70
күн сай­ын­ғы есеп­ті­лік
30
7.
Тәу­е­кел­дер­ді ба­қы­лау және бас­қа­ру бой­ын­ша ма­ман­дан­ды­ры­л­ған бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің бо­луы
2
8.
Сырт­қы бас­қа­ру бой­ын­ша ке­лі­сім­нің та­лап­та­рын бұз­ған жағ­дай­да Ұлт­тық Банк ал­дын­да жа­у­ап­кер­ші­лік қа­был­дау
3

3 Сыртқы басқарушының ұсыныстарын бағалау критерийлерінің кестесіне сәйкес бағалау тәртібі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды таңдау
ережесіне 3-қосымша
Сыртқы басқарушының ұсыныстарын бағалау критерийлерінің кестесіне сәйкес бағалау тәртібі

1 1. Тиісті салмақтары бар бағалау критерийлері кестесінде (бұдан әрі -Кесте) келтірілген барлық көрсеткіштер сомасы сыртқы басқарушының ұсынысын бағалау болып табылады.

2 2. Қандай да болмасын көрсеткіш Кестеге енгізілмес бұрын, төмендегі формуланы пайдалана отырып қаралатын критерийдегі ең жақсы көрсеткішке қатысты нормаланады:

Басқарушының нормаланған көрсеткіші = Басқарушының көрсеткіші/барлық сыртқы басқарушылар бойынша көрсеткіштің ең көп мәні.

3 3. Егер сыртқы басқарушы мандаттың жарияланған түрі бойынша активтерді басқа мандаттың шеңберінде басқарса, онда осы активтерді басқарудың тарихи нәтижелерін басқа мандаттың шеңберінде бағалау жүзеге асырылады.

4 4. Бас ұйымның және/немесе сыртқы басқарушының кредиттік рейтингісін бағалау кезінде мынадай көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады:

Кре­дит­тік рей­тинг (S&P)
Көр­сет­кіш
AAA
1
АА+
0,8
АА
0,7
АА-
0,6
А+
0,5
A
0,4
А-
0,3
ВВВ+
0,2
ввв
0,1
ВВВ тө­мен
0

5 5. Ұлттық Банктің мамандарын оқытуды бағалау кезінде көрсеткіштердің мынадай жүйесі пайдаланылады:

Тре­нинг та­лап­та­ры
Көр­сет­кіш
Сырт­қы бас­қа­ру­шы ұшу, тұ­ру, та­мақ­та­ну ақы­сын тө­лей­ді
1
Сырт­қы бас­қа­ру­шы тұ­ру, та­мақ­та­ну ақы­сын тө­лей­ді
0.5
Сырт­қы бас­қа­ру­шы тұ­ру ақы­сын тө­лей­ді
0.2

4 Сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау көрсеткіштері

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды таңдау
ережесіне 4-қосымша
Сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Сыртқы басқарушының жұмысын бағалау кезінде субъективтілікті болдырмау үшін сыртқы басқарушыларды сандық және сапалық көрсеткіштерге сәйкес бағалау және балл қою негізгі мақсат болып табылады.
Сандық көрсеткіштер:
Ақпараттық коэффициент (Information ration)
Пай­ы­здар
Ақ­па­рат­тық ко­эф­фи­ци­ент (Information ration)
>1
3 балл
0,5 – 1
2 балл
0 – 0,5
1 балл
0
0 балл
(-) 0,5 – 0
(-) 1 балл
(-) 1 – (-) 0,5
(-) 2 балл
<(-)1
(-) 3 балл
Сапалық көрсеткіштер

1 1) Қызметкерлерді жылжыту (Staff turnover);

Пай­ы­здар
Қыз­мет­кер­лер­ді жы­л­жы­ту (Staff turnover)
>30
(-) 0,5 балл
5 – 30
(-) 0,25 балл
0 – 5
0 балл

2 2) Операциялық тәуекел (Operational risk).

Операциялық қате салдарынан инвестициялық шектеулерді бұзудың әрбір фактісі үшін бағадан 0,2 балл алынады;
Есептілікті көрсетілген мерзімде жүйелі түрде ұсынбаған жағдайда бағадан 0,2 балл алынады;

3 3) Іскерлік этиканы сақтау (compliance with a Code of Business Ethics).

Сыртқы басқарушының іскерлік этиканы бұзуының әрбір фактісі үшін бағадан 0,5 балл алынады;
Клиенттің тапсырмаларын жүйелі түрде уақтылы орындамаған жағдайда бағадан 0,5 балл алынады.

Қолданыстағы