Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил утверждения нормативов численности персонала субъектов естественных монополий

Бұйрық · № 188-ОД · қабылданған 04.08.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-29603/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил утверждения нормативов численности персонала субъектов естественных монополий Күшін жойған Бұйрық ·№ 188-ОД ·04.08.2006
13.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил утверждения нормативов численности персонала субъектов естественных монополий

Күшін жойған Бұйрық ·№ 188-ОД · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил утверждения нормативов численности персонала субъектов естественных монополий
Атауы (қаз.)
Табиғи монополиялар субъектілерінің персоналы санының нормативтерін бекіту ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
188-ОД
Қабылданған күні
04.08.2006
Көрсетілген редакция
13.03.2009 AI29603_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004375_
ЭКБ идентификаторы
29603
Редакция идентификаторы
AI29603_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:02

0 Табиғи монополиялар субъектілерінің персоналы санының нормативтерін бекіту ережесін бекіту туралы

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілері персоналының саны нормативтерінің ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В.Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:

1 1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2006 жылғы 17 тамыз

0 Табиғи монополиялар субъектілерінің персоналы санының нормативтерін бекіту ережесі 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2006 жылғы 4 тамыздағы
N 188-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің персоналы санының нормативтерін бекіту ережесі 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің персоналы санының нормативтерін бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Ереже табиғи монополиялар субъектілерінің персоналы санының нормативтерін ұсынудың, қараудың және бекітудің бірыңғай тәртібін айқындайды.

3 3. Осы Ереженің мақсатында пайдаланылатын ұғымдар:

1 1) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2 2) өтінім - табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органға табиғи монополия субъектісінің персоналы санының нормативтерін бекіту туралы ресми өтініші (арызы).

Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2 2. Табиғи монополиялар субъектілерінің персоналы санының нормативтерін бекітуге арналған өтінімді ұсыну және қабылдау

4

4. Табиғи монополия субъектісі (бұдан әрі - Субъект) уәкілетті органға қажетті негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қарау және бекіту кезінде қабылданатын персонал санының нормативтерін (бұдан әрі - сан нормативтері) бекітуге арналған өтінімді ұсынады.

5 5. Сан нормативтерін бекітуге арналған өтінімге:

1 1) ұсынылатын материалдардың тізбесімен Субъектінің ресми бланкісіндегі ілеспе хат;

2 2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген сан нормативтері;

3 3) сан нормативінің есебін негіздейтін материалдар (қажетті есептер, жабдықтың тізбесі және оның сипаттамалары);

4

4) осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған филиалдар мен персоналдың (негізгі өндірістік және көмекші өндірістік персоналдың, әкімшілік персоналдың, сондай-ақ қызмет ететін шаруашылықтар мен өндірістерде жұмыс атқаратын персоналдың) санаттары бойынша ағымдағы кезең және өткен екі жыл ішінде қызметкерлердің нормативтік саны және қалыптасқан нақты саны деректерінің жиынтық кестесі;

5 5) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген сан нормативтері есептерінің негізіне қабылданатын санның үлгі нормативтері;

6 6) ағымдағы жыл және өткен екі жыл ішіндегі (1-т нысаны) еңбек жөніндегі есеп қоса беріледі. Жаңадан құрылған Субъектілер үшін - Субъектінің заңды тұлға ретінде құрылған сәтінен бастап жұмыс кезеңіндегі еңбек жөніндегі есебі.

6 6. Өтінімге берілетін есептерге және негіздеуші материалдарға Субъектінің бірінші басшысы не оның орынбасары қол қоюға тиіс. Бұл ретте есептер мен негіздеуші материалдардың әрбір бетіне Субъектінің бірінші басшысы не оның орынбасары қол қоюға тиіс.

7

7. Уәкілетті орган қызметтің ұқсас түрімен айналысатын Субъектілер персоналының санына салыстырмалы талдау жүргізуге құқылы. Бұл ретте өтінімді қарау мерзімі сұратып отырған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады. Бірақ ол отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Уәкілетті орган өтінімді қарауды тоқтату туралы Субъектіні жазбаша хабардар етеді.
Жүргізілген салыстырмалы талдаудың нәтижесінде уәкілетті орган берілген өтінімге сәйкес есептік нормативтік санды ескермеуге құқылы.

8 8. Сан нормативтері нөмірленуге және осы Ереженің қосымшасына сәйкес үш данадағы»"Келісілген" және "Бекітілген" деген тиісті белгілері бар тақырыбымен (мазмұнымен) бетпарағын және қызметкерлердің нормативтік және нақты санының жиынтық кестесін қамтуға тиіс.

9 9. Уәкілетті орган өтінім алған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және Субъектіні өтінімді қарауға қабылдағаны не оны қабылдаудан дәлелді бас тартқаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді. Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартудың негізі:

1 1) осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттарды және ақпаратты ұсынбау немесе оларды толық емес көлемде ұсыну;

2 2) осы Ереженің 6 және 9-тармақтарының талаптарын бұза отырып, құжаттарды ұсыну;

3 3) шынайы емес ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну болып табылады.

10 10. Осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартылған жағдайда, Субъект бас тартылған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін өтіммен уәкілетті органға өтініш жасай алады.

3 3. Сан нормативтерін бекітуге арналған өтінімді және тәртіпті қарау

11 11. Өтінімді уәкілетті органның талаптарына сәйкес негізделген есептерді ұсынған кезде уәкілетті орган отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды. Өтінімді қарау мерзімі уәкілетті органға өтінім түскен күннен бастап есептеледі.

12 12. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды, қоғамдық бірлестіктерді, сан нормативтерінің жобасын ұсынған Субъектіні тарта отырып, сан нормативтерінің жобасына сараптама жүргізеді.

13

13. Сан нормативтерін бекіту туралы уәкілетті органның шешімі уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді. Сан нормативтерін бекітуден бас тартылған жағдайда, Субъектіге дәлелді қорытынды жолданады. Уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды бес жұмыс күннің ішінде Субъектіге сан нормативтерін бекітуден бас тартқаны туралы хабардар етеді.

4 4. Қорытынды ережелер

14 14. Сан нормативтерін уәкілетті орган үлгі нормативтік санның мерзімінен аспайтын кезеңге бекітеді.

15 15. Уәкілетті орган бекіткен сан нормативінің бір данасы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі.

1 ______________ағымды және өткен кезеңдегі нормативтік және нақты санының жиынтық кестесі

Табиғи монополиялар субъектілерінің
персоналы санының нормативтерін
бекіту ережесіне қосымша
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
200__жылғы "__"____N___
КЕЛІСІЛГЕН
___________________________
(еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органның басшысы
лауазымының атауы)
___________________________
(қолы)
200___ жылғы "___"________
Қолданыс мерзімі:
200__жылғы "__"______бастап
200__жылғы "__"_______дейін
______________ағымды және өткен кезеңдегі нормативтік және нақты санының жиынтық кестесі
Сан нор­ма­ти­ві
Рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің тү­рі
Өн­ді­рі­стік пер­со­нал
Әкім­ші­лік пер­со­нал
Қыз­мет ете­тін өн­ді­рі­стер мен ша­ру­а­шы­лық­тар­да жұ­мыс ат­қа­ра­тын
пер­со­нал
1
2
3
4
кестенің жалғасы
Нақ­ты сан
Ағым­ды ке­зең­де
Соң­ғы 2 жыл­да
Өн­ді­рі­стік  пер­со­нал
Әкім­ші­лік  пер­со­нал
Қыз­мет ете­тін өн­ді­рі­стер  мен  ша­ру­а­шы­лық­тар­да  жұ­мыс ат­қа­ра­тын
пер­со­нал
Өн­ді­рі­стік пер­со­нал
Әкім­ші­лік пер­со­нал
Қыз­мет ете­тін өн­ді­рі­стер мен
ша­ру­а­шы­лық­тар­да жұ­мыс ат­қа­ра­тын пер­со­нал
Өн­ді­рі­стік пер­со­нал
Әкім­ші­лік пер­со­нал
Қыз­мет ете­тін өн­ді­рі­стер мен ша­ру­а­шы­лық­тар­да жұ­мыс ат­қа­ра­тын пер­со­нал
5
6
7
8
9
10
11
12
13

Қолданыстағы