Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений и Ставок платы за снос зеленых насаждений в городе Степногорске Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қаласындағы жасыл көшеттерді қорғау мен оларды ұстау ережесі және жасыл көшеттерді кесуге төленетін құн көлемін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 49 бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабы 2 тармағына және Степногорск қаласы әкімінің 2006 жылғы 26 маусымдағы № 03-20ш/1399 хатына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласындағы жасыл көшеттерді қорғау және оларды ұстау Ережесі (бұдан әрі-Ереже) 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Степногорск қаласындағы жасыл көшеттерді кесуге төленетін құн көлемі (бұдан әрі-Құн көлемі) 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімді іске асыру барысын бақылау қалалық мәслихаттың сауда, тұрғын үй-коммуналдық қатынастар және құқық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Бұл шешім Степногорск қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Степногорск қалалық мәслихатының 2006 жылғы 11 тамыздағы № ЗС-31/8 «Степногорск қаласындағы жасыл көшеттерді қорғау және оларды ұстау ережесі және жасыл көшеттерді кесуге төленетін құн көлемін бекіту туралы» шешіміне 1 қосымша Степногорск қаласындағы жасыл көшеттерді қорғау және оларды ұстау ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы жағдай
1. Жалпы жағдай
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
Тармақша 1
1) жасыл көшет - қолдан отырғызылған және табиғи шығу тегі шөп өсімдігі мен ағашты - шіліктер, олар азаматтық заңдылықтарға сәйкес жылжымайтын мүлік болып біртұтас қаланың жасыл қорын құрайды;
Тармақша 2
2) көгалдандырылған аумақ - жасыл көшеттер орналастырылған жер учаскесі.
Тармақша 3
3) жалпы пайданылатын жерлер - халықтың қажеттігін қанағаттандыруға арналған көше, тротуар, өтпелі жүретін жолдар, жағалаулар, парктер мен бақ, бульварлар, басқа да нысандар орналасқан жерлер;
Тармақша 4
4) жасыл алап - көгалдандырылған аумақ, саны 50 ағаштан кем емес бірыңғай аумақ құрайтын 0,125 гектардан аз емес көріну құрамына ие алқап;
Тармақша 5
5) жасыл көшеттерді қорғау - көгалдандырылған аумақ және жасыл алаптарды құқықты, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралармен жасыл көшеттерді үдемелі өндіріп және сақтауға, жасауға бағыттанған жүйе (соның ішінде жойылған немесе жарақаттанған жасыл көшеттерді қалпына келтіру орнын толтыру);
Тармақша 6
6) санитарлық кесінді - жарақаттанған, ауру, кепкен, кебуге айналған сабақтарды алып тастау;
Тармақша 7
7) жасыл көшеттерді крониловкалау - жасыл көшеттерге табиғи түр беру үшін сабақтарын кесіп ықшамдау;
Тармақша 8
8) жасыл көшеттерді зақымдау - өсуін тоқтатпайтын өсімдіктердің сабағына, тамыр жүйесіне, жер асты бөліктеріне, барлық ағашты - шілікті, шөп тәріздес өсімдіктердің түрлеріне зиян келтіру; Зақымдау дегеніміз тамыр жүйелеріне, сыртқы қабықтарына механикалық бұзушылық жасау;
Тармақша 9
9) жасыл көшеттерді жою - өсуін тоқтатқан жасыл өсімдіктерді бұзу;
Тармақша 10
10) дендралогиялық жоспар (дендржоспар) - Степногорск қаласының шағын аудандарына, Ақсу, Заводской, Бестөбе, Шаңтөбе және Қарабұлақ ауылдық округіне жасыл көшеттердің саны, түрі, құрамы бойынша бар және жобалау арқылы ағашты - шілікті, өсімдіктерді орналастыру, ашық газондар, алаңдар, жол, су қоймалары мен келісім үйлестік жасау;
Тармақша 11
11) Степногорск қаласының, Ақсу, Заводской, Бестөбе, Шаңтөбе және Қарабұлақ ауылдық округінің жасыл көшеттерінің тізімдемесі - Степногорск қаласы, Ақсу, Заводской, Бестөбе, Шаңтөбе және Қарабұлақ ауылдық округінің аумағында жасыл көшеттердің түрлері, құрамы саны туралы мәліметтер жинағы;
Тармақша 12
12) жасыл көшеттерді қорғау және ұстау Ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік - қолданыстағы ҚР Заңнамаларына сәйкес жеке және Заңды тұлғаларға әкімдік және экономикалық шаралар ықпалын жасау;
Тармақша 13
13) жасыл көшеттерді қорғау бойынша өкілетті орган - жасыл көшеттерді қорғау және ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін Степногорск қаласы үшін-Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген орган, кенттерде-кент әкімдері.
Тармақша 14
14) жасыл көшеттердің мәні - көгалдандырылған аумақпен жасыл алқаптардағы жасыл көшеттерді сақтауға бағытталған жұмыстардың агротехникалық шараларының шаруашылық жүйесі;
Тармақша 15
15) мамандандырылған ұйым - жасыл көшеттерді жасап, оған күтім көрсететін өзінің штатында осы саланың маманы жұмысшылары бар, арнайы техникалармен жабдықталған (автокөтергіш, су таситын, трактор негізіндегі бұрғылау қондырғы, автокөліктер, жүк тиейтін техникалар, жүк автокөліктері) кәсіпорын;
Тармақша 16
16) Бөлінген аумақ-жер пайдаланушының иелігіне тапсырылған немесе өкілетті органның шешіміне сәйкес пайдалану үшін, өзіне жататын обьектілерді (ғимарат, құрылыс, көлік магистралдары және тиісінше) орналастыруға берілген жер телімі;
Тармақша 17
17) бекітілген аумақ-белгіленген аумақтан периметрі бойынша 25 м қашықтыққа дейінгі аумақтар;
Тарау 2. 2. Жасыл көшеттерді қорғау және ұстаудың басты қағидалары
2. Жасыл көшеттерді қорғау және ұстаудың басты қағидалары
Тармақ 2
2. Степногорск қаласының, Ақсу, Заводской, Бестөбе, Шаңтөбе кенттері мен Қарабұлақ ауылдық округінің барлық жасыл көшеттері қаланың қол сұғуға болмайтын жасыл қорын қүрайды.
Тармақ 3
3. Жасыл көшеттерді қорғау және сақтау бойынша кешенді шараларды меншік түрлерінің қандайы болмасын заңды тұлғалармен және қызметтік лауазымдар арқылы жүзеге асады.
Тармақ 4
4. Жобалық кұрылыс және шаруашылық жұмыстары жасыл көшеттерді қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының белгіленген заңдарымен және осы Ережемен жүзеге асырылады. Құрылыстық, шаруашылық, басқа да жұмыстардың, жоба алдындағы және жобалық құжаттарды ұйымдастыру жасыл көшеттердің жағдайы, жасалған топографиялық түсірулер туралы толық айғақты мәліметтері болуы қажет.
Тармақ 5
5. Жасыл алаптар (соның ішінде парктер, бақтар, скверлер, аллеялар, т.с.с) қала аумағының ішіне орналасқан тұстарға құрылыс жүргізуге жатпайды, тек қала дамуының бас жоспарына жататын белгіленген тәртіп бойынша учаскелерге ғана болады.
Тармақ 6
6. Жалпы пайдаланылатын жерлерде көгалдандыру аумағын дамыту қаланың ұзақ уақыттық кешенді көгалдандыру сызбасына сәйкес жүргізіледі, ол атқарушы органмен келісім бойынша сәулет және қала құрылысы органдарының тұжырымдамасы негізінде орындалады.
Тарау 3. 3. Жасыл көшеттерді ұстау және қорғау бойынша өкілеттік органның өкілдігі
3. Жасыл көшеттерді ұстау және қорғау бойынша өкілеттік органның өкілдігі
Тармақ 7
7. Жасыл көшеттерді ұстау және қорғау бойынша өкілетті органның құзырына енеді:
Тармақша 1
1) Степногорск қаласы және кенттер аумағында жасыл көшеттерді санитарлық кесуге, түрлі үлгілерде қысқартуға, қайта отырғызуға, бұзуға немесе бұзбауға рұқсат ету және рәсімдеу;
Тармақша 2
2) жасыл көшеттерді күту, ұстау, қалпына келтіру бойынша шараларды орындау үшін бақылау;
Тармақша 3
3) ҚР қолданыстағы белгіленген Заңнамалары шегіндегі өкілеттілікпен мемлекеттік бақылау функциясын жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Жасыл көшеттерді қорғау және ұстау, есебі
4. Жасыл көшеттерді қорғау және ұстау, есебі
Тармақ 8
8. Степногорск қаласы, Ақсу, Заводской, Бестөбе, Шаңтөбе кенттері мен Қарабұлақ ауылдық округіндегі жасыл көшеттердің есебі есеп нысандардың шеңберіне орналасқан жасыл көшеттер түгендеуімен Тізбеге енгені бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Есепке жасыл көшеттердің барлық түрлері алынады: ағаштар, талдар, газондар. Жасыл көшеттерге түгендеу жүргізу тендерлік негізде мамандандырылған ұйымдармен, санитарлық жағдайды және санаттары деңгейімен (тұрақтылық сатысы) жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Степногорск қаласы, Ақсу, Заводской, Бестөбе, Шаңтөбе кенттері мен Қарабұлақ ауылдық округіндегі жасыл көшеттердің есебін бейнелейтін жасыл көшеттерге тізімдеме және құжат дендроплан болып табылады, ол 10 жыл ішінде 1 рет жаңартылады.
Тармақ 11
11. Степногорск қаласы, Ақсу, Заводской, Бестөбе, Шаңтөбе кенттері және Қарабұлақ ауылдық округінің жасыл көшеттеріне Тізімдеме жүргізу мақсаты: қала және кенттердегі жасыл көшеттердің жағдайы және сапасы, саны туралы нақты мәліметтер және есеп; қаланың көгалдандырылған аумағының дамуы және жасыл көшеттерді сақтап, қорғау шеңберіндегі қалалық басты саясат бағытын айқындау; қаладағы жасыл көшеттер жағдайын және саны туралы билік органдары мен басқармаларды, тұрғындарды сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету.
Тармақ 12
12. Жасыл көшеттерге тізімдеме жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру табиғат қорғау қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Жасыл көшеттерді көгалдандырылған аумақтарды жалға алған және меншік иеліктері, жеке және заңды тұлғалар міндетті:
Тармақша 1
1) аумағына жататындар жер участкелеріне, өз участкелеріне жасыл көшеттерді қорғап және ұстауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Степногорск қаласы және кенттердегі жасыл көшеттерін қорғау бойынша өкілетті органның нұсқаулық-әдістемелік сілтемелеріне сәйкес газондарды шабу зиянкестер мен аурулар, арамшөптермен күрес, соның ішінде газондармен ағаш және шіліктерді суару, бүкіл кешенді агротехникалық шараларды әрдайым жүргізіп түру;
Тармақша 3
3) Өз есебінен санитарлық-гигиеналық, экологиялық, қалақұрылысы нормаларына сәйкес жасалған, дендрологиялық жоба бойынша бекітілген аумақтық жасыл көшеттердің ағымдағы жөндеуі мен көгалдандыруын жүргізу;
Тармақша 4
4) жасыл көшеттерді бұзу (қайта отырғызу) осы Ережеде көрсетілген тәртіпте рәсімделсін;
Тармақша 5
5) ағаштарды жасартуға әсері бар, ағаш-шілікті өсімдіктерді кесу жүргізілсін;
Тармақша 6
6) бақылау аумағында (радиусы 1 метр) ток сымдары өтетін, және көше көрсеткіштерін жауып тұратын, үй нөмірлерін көрсетпейтін бұтақтарды кесу өз уақытында жүргізілсін. Бұталарды кесу кесте бойынша электр желілерінің иелері келісімімен, олардың бақылауы бойынша техника қауіпсіздігінің ережесін сақтай отырып атқарылсын;
Тармақша 7
7) сынған ағаштармен шіліктерді алып тастау, аумақтың санитарлық тазалауы өткізіліп отырсын;
Тармақша 8
8) парктерге, бақтарға, скверлерге, алаңдарға барғандар жасыл көшеттерді қорғау бойынша талаптарды сақтауға міндетті;
Тармақша 9
9) жер телімдерін жалға беру, алу, сатып алу, беру, сыйға беруде жасыл көшеттермен бірге кететін жағдайда, басқа да айналымдарда көрсетілген жер заңдылықтарына орай, жаңа желіктерге, жалға алушыларға жасыл көшеттерді сақтау талаптары міндеті мен құқығы бірге өтеді.
Тармақ 14
14. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі жасыл көшеттерді қорғау және ұстау жұмыстары тендерлік негізде мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асырылады. Мамандандырылған ұйымдар ағаш-шілікті өсімдіктерді жою, отырғызу, қайта отырғызу, санитарлық, түрлі үлгілерде кесу жұмыстарын тек қана өкілетті органның жазбаша рұқсатымен, санитарлық-гигиеналық, экологиялық қала құрылысы нормаларын сақтай отырып жүргізіледі. Өкілетті органның рұқсатымен жүргізілген жасыл көшеттерді бұзғандағы өтемді қалпына келтіру жұмыстары ағаш отырғызу жолымен жүргізіледі, белгіленген жер учаскесі аумағының көлемі үш еселік жапырақты ағаш биіктігі 2 шаршыдан кем емес, ал қылқанды ағаш тұқымы биіктігі 1,5 шаршыдан кем емес. Ағаш отырғызуға бос кеңістік болмаған жағдайда өкілетті орган жасыл көшеттердің қалпына келтіру құнын бір еселік көлемде жергілікті бюджетке, жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға өтеуді жүргізеді.
Тармақ 16
16. Жасыл көшеттерді рұқсат етілмей бұзған жағдайда, өтемді қалпына келтіру, ағаш отырғызу арқылы жапырақты ағаш түрі биіктігі 2 шаршыдан кем емес, ал қылқанды тұқымы биіктігі 1,5 шаршыдан кем емес он есе мөлшерінде, немесе қалпына келтіру құны жасыл көшеттің, жергілікті бюджетке екі есе мөлшерінде жеке және заңды тұлғалармен өтеу жүргізіледі, бұзылған жасыл көшеттерді қалпына келтіру құнының мөлшерін жергілікті бюджетке аудару үшін Степногорск қалалық мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Тармақ 17
17. Жасыл көшеттерді қалпына келтіру азаматтар мен Заңды тұлғалардың есебіне, бұзушылық жүргізгендердің мүддесінен жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Жасыл көшеттерді өтемді қалпына келтіру азаматтармен немесе заңды тұлғалармен өз еріктерімен жүргізілуі мүмкін, немесе шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорынмен оларды одан әрі ұстау міндеттерін сақтап отырады.
Тармақ 19
19. Жасыл көшеттерді, заңсыз бұзушылықтан, жойылу, табиғи өлу фактілері бойынша жауапты адамдарды айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, жасыл қорларды қалпына келтіру қала бюджеті есебінен жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Отырғызылған жасыл ағаштарды өлген жағдайында бұзу жүргізген адам екінші рет жасыл ағаш отырғызып оның одан әрі күтімін қамтамасыз етеді.
Тарау 5. 5. Жасыл көшеттерді қайта отырғызу және бұзу
5. Жасыл көшеттерді қайта отырғызу және бұзу
Тармақ 21
21. Бұзу, қайта отырғызу (қысқы тыныштық жағдайында) жалпы пайдаланылатын жерлерде осы Ереже белгілеген тәртіппен, тек өкілетті органның арнайы рұқсатымен жүргізіледі, жер учаскілерін жалға алатын немесе жер пайдалану құқығы туралы құжаттарды берерде осылай дәлелдейді. Көгалдандырылған аумақтың жалға алушылары, жалпы пайдаланылатын жерлерде иеліктері, пайдаланушылары, азаматтармен заңды тұлғалардың өтініші бойынша Степногорск қаласы және кенттердің әкімдері, ауырған немесе кеуіп қалған, қу ағаштармен шіліктерді олардың қандай орындарда тұрғанына қарамастан есебі мен таңбалау жұмыстарын жүргізеді.
Тармақ 22
22. Ереженің күші азаматтардың саяжайлық учаскелеріне және жеке меншік үй құрылысына пайдалану аумағына таралмайды. Жасыл көшеттерді қайта отырғызу, бұзу олардың өз таңдаумен, рұқсат рәсімдеуінсіз, жалпы табиғат пайдалану тәртібі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Жалпы пайдаланылатын жерде ағаштармен шіліктерді бұзу тендерлік негізде өкілетті органның міндетті рұқсатын рәсімдеп мамандандырылған ұйым жүргізеді.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын қалақұрылысы жұмыстарын жүргізуде жасыл көшеттерді қалпына келтіру бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Төтенше және апатты жағдайларда, ағаш құлаулары адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенде, ғимараттар мен үйлер зақымданып, коммуникациялар жол қозғалыстары қауіпсіздігі туындағанда көрсетілген ағаштар екпесі шүғыл тәртіпте бұзылады, өкілетті органдар дереу хабарланады. Бұзу фактісі акті бойынша айқындалып анықталады, осыны жұмыс басталған уақыттан 72 сағат ішінде өкілетті орган жасайды.
Тармақ 26
26. Кесілген жасыл көшеттер мен шабылған қалдықтарды өндіріс орнында сақтау және жиып қоюға тыйым салынады. Құлату, бөлу және кесілген қалдықтарды тасымалдау сияқты барлық жұмыстар толық техника қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жүргізілуге тиіс.
Тармақ 27
27. Жасыл көшеттерді қайта отырғызу бойынша жұмыстарды жүргізгеннен кейін тапсырыс беруші оларды одан әрі ұстап және баптауды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 28
28. Жасыл көшеттерді қайта отырғызу, бұзуға рүқсатты рәсімдеу үшін мынандай құжаттар беру кажет: Заңды тұлғалар үшін: өкілетті органның басшысы атына өтініш; жергілікті атқару органы шешімінің көшірмесі (жеке меншік түрғын-үй құрылысы және нысандар құрылысына (қайта жаңартуға) жер участкесін бөлерде); жер участкелеріне құқық беретін құжаттар көшірмесі; мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (салынатын және қайта жаңартатын нысандарға); Степногорск қаласының қалақұрылысы және сәулет бөлімінің жаңа салынатын нысандары үшін сәулеттік - жоспарлау техникалық тапсырыстары бойынша қорытындысы; жеке тұлғалар үшін, жалпы пайдаланатын жер учаскелеріне жататын соларға жақын жасыл көшеттерді бұзар алдында; өкілетті органның басшысы атына өтініш; жер - заңдылық құжаттардың көшірмесі; Степногорск қаласының қалақұрылысы және сәулет бөлімінің жаңа салынатын нысандары үшін сәулеттік - жоспарлау техникалық тапсырыстары бойынша қорытындысы;
Тармақ 29
29. Осы Ережелермен көгалдандырылған аумақтарда тыйым салынады:
Тармақша 1
1) жасыл көшеттерді зақымдауга немесе жоюға;
Тармақша 2
2) от жағуға, түскен жапырақтармен кепкен шөптерді өртеуге;
Тармақша 3
3) тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарымен, лас сулармен ластауға;
Тармақша 4
4) ағаштардан сок алуға, жазу, кесу, хабарландырулар ілу, әр түрлі көрсеткіштер мен нөмір белгілерін, сымдар ілуге, шеге кағып шотаяқтар кадауға;
Тармақша 5
5) автокөлік құралдарымен өтіп, тұрақ жасап, басқа да техникалармен жүруге, тек аумаққа күтім үшін жасыл көшеттерді бағатын техникаларға ғана мүмкіндік беріледі;
Тармақша 6
6) автокөлік құралдарын жууға;
Тармақша 7
7) газондарға автокөлік құралдарын қоюға;
Тармақша 8
8) мал бағуға;
Тармақша 9
9) әр түрлі жүктерді соның ішінде құрылыс материалдарын үюге;
Тармақша 10
10) ағаштардың, шіліктердің сақталуын қамтамасыз ететін шаралар жасамай, төбе, шатыр қарларын төгуге;
Тармақша 11
11) жасыл көшеттерге зиян келтіретін басқа да әсер - әрекеттерді болдырмау;
Тармақша 12
12) парктердің, скверлердің, газондардың жабдықталмаған бөліктеріне сауда дүкендерін, дүңгіршектерді, столдарды, балмұздақ тіркемелерін орналастыруға;
Тармақша 13
13) өкілетті органның келісімінсіз көгалдар мен гүлзарлардағы гүлдерді жұлуға, көгалдар мен гүлзарлардағы гүлдердің тұқымын алуға тыйым салынады.
Тарау 6. 6. Жасыл көшеттерге ұстау және қорғау барысында құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
6. Жасыл көшеттерге ұстау және қорғау барысында құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Тармақ 30
30. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары негізінде жасыл көшеттерді заңға қайшы зақымдау немесе жоюға әкімшілік жауапкершілік етеді.
Тармақ 31
31. Жеке, лауазымды және заңды тұлғалар осы Ереженің жағдайын бұзғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Басқа 84
Степногорск қалалық мәслихатының 2006 жылғы 11 тамыздағы № ЗС-31/8 «Степногорск қаласындағы жасыл көшеттерді корғау мен оларды ұстау ережесі және жасыл көшеттерді кесуге төленетін құн көлемін бекіту туралы» шешіміне 2 қосымша Степногорск қаласындағы жасыл көшеттерді кесуге төленетін құн көлемі 1 Кесуге мәжбүр болған жасыл көшеттер үшін қалпына келтіру құны: Баяу өсетін, мәңгі жасыл қылқан жапырақты ағаштарды (канада шыршасы, тікенді шырша, еуропа шыршасы, тянь-шань шыршасы) амалсыз кесу Діңінің диаметрі 4 см-ге дейін данасы/теңге 11378 Діңінің диаметрі 8 см-ге дейін данасы/теңге 64862 Діңінің диаметрі 12 см-ге дейін данасы/теңге 84172 Діңінің диаметрі 16 см-ге дейін данасы/теңге 108103 Діңінің диаметрі 20 см-ге дейін данасы/теңге 134275 Діңінің диаметрі 24 см-ге дейін данасы/теңге 153620 Діңінің диаметрі 28 см-ге дейін данасы/теңге 161586 Діңінің диаметрі 32 см-ге дейін данасы/теңге 168413 Діңінің диаметрі 36 см-ге дейін данасы/теңге 177517 Діңінің диаметрі 40 см-ге дейін данасы/теңге 182068 Діңінің диаметрі 44 см-ге дейін данасы/теңге 191172 Діңінің диаметрі 48 см-ге дейін данасы/теңге 197999 Діңінің диаметрі 52 см-ге дейін данасы/теңге 204827 Діңінің диаметрі 80 см-ге дейін данасы/теңге 233275 2 Кесуге мәжбүр болған жасыл көшеттер үшін қалпына келтіру құны: Жылдам өсетін, мәңгі жасыл қылқан жапырақты ағаштарды (сары қарағай, қырым қарағайы, кәдімгі қарағай) амалсыз кесу Діңінің диаметрі 4 см-ге дейін данасы/теңге 6637 Діңінің диаметрі 8 см-ге дейін данасы/теңге 46482 Діңінің диаметрі 12 см-ге дейін данасы/теңге 61718 Діңінің диаметрі 16 см-ге дейін данасы/теңге 80300 Діңінің диаметрі 20 см-ге дейін данасы/теңге 96892 Діңінің диаметрі 24 см-ге дейін данасы/теңге 107511 Діңінің диаметрі 28 см-ге дейін данасы/теңге 110829 Діңінің диаметрі 32 см-ге дейін данасы/теңге 114810 Діңінің диаметрі 36 см-ге дейін данасы/теңге 116801 Діңінің диаметрі 40 см-ге дейін данасы/теңге 118792 3 Кесуге мәжбүр болған жасыл көшеттер үшін қалпына келтіру құны: Бірқалыпты өсетін, жапырақ төгетін ағаштарды (сүйіржапырақты үйеңкі, сібір және даур бал қарағайы, ланцет және соғдиан шетені) амалсыз кесу Діңінің диаметрі 4 см-ге дейін данасы/теңге 1723 Діңінің диаметрі 8 см-ге дейін данасы/теңге 12231 Діңінің диаметрі 12 см-ге дейін данасы/теңге 16020 Діңінің диаметрі 16 см-ге дейін данасы/теңге 20843 Діңінің диаметрі 20 см-ге дейін данасы/теңге 25149 Діңінің диаметрі 24 см-ге дейін данасы/теңге 27905 Діңінің диаметрі 28 см-ге дейін данасы/теңге 28766 Діңінің диаметрі 32 см-ге дейін данасы/теңге 29800 Діңінің диаметрі 36 см-ге дейін данасы/теңге 30316 Діңінің диаметрі 40 см-ге дейін данасы/теңге 30833 Діңінің диаметрі 44 см-ге дейін данасы/теңге 31523 Діңінің диаметрі 48 см-ге дейін данасы/теңге 32040 Діңінің диаметрі 52 см-ге дейін данасы/теңге 32901 Діңінің диаметрі 80 см-ге дейін данасы/теңге 35311 4 Кесуге мәжбүр болған жасыл көшеттер үшін қалпына келтіру құны: Жылдам өсетін, жапырақ төгетін ағаштарды (салпы қайың, үй шиесі, тапал шегіршін, ақ тал, вавилон талы, дала үйеңкісі, Гиннала үйеңкісі, Семенов үйеңкісі, татар үйеңкісі, шетенжапырақты үйеңкі, ақ терек, пирамидальный терегі, канада терегі, қара терек, үй және Сиверс алма ағашы) амалсыз кесу Діңінің диаметрі 4 см-ге дейін данасы/теңге 738 Діңінің диаметрі 8 см-ге дейін данасы/теңге 3835 Діңінің диаметрі 12 см-ге дейін данасы/теңге 5014 Діңінің диаметрі 16 см-ге дейін данасы/теңге 6342 Діңінің диаметрі 20 см-ге дейін данасы/теңге 7743 Діңінің диаметрі 24 см-ге дейін данасы/теңге 8849 Діңінің диаметрі 28 см-ге дейін данасы/теңге 9217 Діңінің диаметрі 32 см-ге дейін данасы/теңге 9512 Діңінің диаметрі 36 см-ге дейін данасы/теңге 9659 Діңінің диаметрі 40 см-ге дейін данасы/теңге 9954 Діңінің диаметрі 44 см-ге дейін данасы/теңге 10250 Діңінің диаметрі 48 см-ге дейін данасы/теңге 10471 Діңінің диаметрі 52 см-ге дейін данасы/теңге 10767 Діңінің диаметрі 80 см-ге дейін данасы/теңге 11504 5 Кесуге мәжбүр болған жасыл көшеттер үшін қалпына келтіру құны: Жапырақ төгетін бұталарды амалсыз кесу Биіктігі 0,5 м-ге дейін данасы/теңге 401 Биіктігі 0,75 м-ге дейін данасы/теңге 601 Биіктігі 1,0 м-ге дейін данасы/теңге 803 Биіктігі 1,25 м-ге дейін данасы/теңге 1004 Биіктігі 1,5 м-ге дейін данасы/теңге 1204 Биіктігі 1,75 м-ге дейін данасы/теңге 1405 Биіктігі 2,0 м-ге дейін данасы/теңге 1606 2,0-ден биік данасы/теңге 1805 6 Кесуге мәжбүр болған жасыл көшеттер үшін қалпына келтіру құны: Гүлзарларды амалсыз жою Өсімдік пен көшеттің сақталуы 80 %-дан кем емес 1 кв. м/теңге 3894 Өсімдік пен көшеттің сақталуы 50-80 %-дан кем емес 1 кв. м/теңге 2919 Өсімдік пен көшеттің сақталуы 50 %-дан кем емес 1 кв. м/теңге 973 7 Кесуге мәжбүр болған жасыл көшеттер үшін қалпына келтіру құны: Көгалдарды амалсыз жою Жобалық жабындысы 90%-дан кем емес, арамшөп өсімдігі 10%-дан кем емес партерлік көгал 1 кв. м/теңге 886 Жобалық жабындысы 80%-дан кем емес, арамшөп өсімдігі 20%-дан кем емес кәдімгі көгал 1 кв. м/теңге 372 Арамшөп өсімдігі 20%-дан артық немесе табиғи шабындық өсімдіктері бар жасанды көгал- шабынды көгал 1 кв. м/теңге 36 Ескерту:
Тармақ 1
1. Жеке тұрған ағаштардың қалпына келтіру құнын анықтау жер деңгейінен 1,3 метр биіктіктегі ағаш діңінің диаметрі бойынша анықталады.
Тармақ 2
2. Тұрғындардың өміріне қауіп төндіретін және апатты жағдай туғызуы мүмкін болатын ағаштарды кесу (күлату) төтенше жағдайда және қураған ағаштарды жинау жоспар-кестесіне сәйкес, қалпына келтіру құнының төлемінсіз көгалдандыруды жүзеге асыратын өкілетті ұйымдықтармен жүргізілуі тиіс.