Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О выполнении Кызылординским областным военным комиссариатом Закона Республики Казахстан «О всеобщей воинской обязанности и военной службе»

Өзге акт · № XVI сессия · қабылданған 27.03.1998
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2964/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О выполнении Кызылординским областным военным комиссариатом Закона Республики Казахстан «О всеобщей воинской обязанности и военной службе» Қолданыста 27.03.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О выполнении Кызылординским областным военным комиссариатом Закона Республики Казахстан «О всеобщей воинской обязанности и военной службе»

Қолданыста Өзге акт № XVI сессия 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О выполнении Кызылординским областным военным комиссариатом Закона Республики Казахстан «О всеобщей воинской обязанности и военной службе»
Атауы (қаз.)
Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы»Қазақстан Республикасы Заңының Қызылорда облыстық әскери комиссариатында орындалу барысы жайлы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
XVI сессия
Қабылданған күні
27.03.1998
Көрсетілген редакция
27.03.1998 2964_247167.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98L0000094
ЭКБ идентификаторы
2964
Редакция идентификаторы
2964_247167
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:46
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қызылорда облыстық әскери комиссариатында орындалу барысы жайлы

Облыстық әскери комиссар орынбасары Ж.Бисенғалиевтың хабарламасын тыңдап, облыстық Мәслихаттың ХVІ-сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Облыстық әскери комиссар орынбасары Ж.Бисенғалиевтың «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қызылорда облыстық әскери комиссариатында орындалу барысы жайлы хабарламасы еске алынсын.

2. Облыстық әскери комиссар хабарламасында айтылған ұсыныстар, яғни әскер қатарына шақырылушылар ішінен басқа адамның көмегі мен күтіміне мұқтаж отбасы барларды, мерзіміне қарамастан сотталғандарды, әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырылғандарды әскери запасқа қалдыру «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына /19 мамыр 1995 жылғы, 14 қараша 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары арқылы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды еске ала отырып сәйкес жүргізілсін.

3. Облыстық, Кызылорда қалалық және аудандық Мәслихаттарға, білім, денсаулық сақтау, дене мәдениеті және спорт бөлімдері /ұйымдарына / әскери қызметке шақыруға дейінгілер мен шақырылушы жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру, бастапқы әскери даярлықтан өткізу, емдік-профилактикалық шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру тапсырылсын.