Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О признании складского коносамента "Унифицированный зерновой варрант" ордерной ценной бумагой

Қаулы · № 766 · қабылданған 08.04.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2968/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О признании складского коносамента "Унифицированный зерновой варрант" ордерной ценной бумагой Күшін жойған 25.01.2001 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О признании складского коносамента "Унифицированный зерновой варрант" ордерной ценной бумагой

Күшін жойған Қаулы № 766 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании складского коносамента "Унифицированный зерновой варрант" ордерной ценной бумагой
Атауы (қаз.)
"Бірегей астық варранты" қоймалық коносаментін ордерлік бағалы қағаз деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
766
Қабылданған күні
08.04.1999
Көрсетілген редакция
25.01.2001 AI2968_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2001
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V990000766_
ЭКБ идентификаторы
2968
Редакция идентификаторы
AI2968_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:14
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Бірегей астық варранты" қоймалық коносаментін ордерлік бағалы қағаз деп тану туралы

"Қазақстан" астық синдикаты комитетiнiң өтiнiшiн және оның ұсынған бiрегей астық варрантын шығарудың, айналысының және өтеудiң тәртiбi туралы құжаттарды қарай келiп "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Z970077_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңы 4-бабының бесiншi бөлiгiне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 U973755_ жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді:

1. "Қазақстан" астық синдикатының қатысушылары шығарған "Бiрегей астық варранты" (бұдан әрi "БАВ" деп аталады) қоймалық коносаментi ордерлiк бағалы қағаз деп танылсын.

2. БАВ шығару, айналысы және өтеу процесiнде қалыптасқан қатынастардың "Қазақстан" астық синдикатының қатысушыларының 1998 жылғы 25 желтоқсандағы жиналысының шешiмiмен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының "БАВ" бiрегей астық варранты туралы", "Қазақстан" астық синдикаты туралы", "Қазақстан Астық Одағы жанындағы Экономикалық дауларды шешуге арналған аралық сот туралы", "Қазақстан" астық синдикатының астықтың резервтiк сақтандыру қоры туралы" Ережелермен, ал реттелмейтiн бөлiгiнде - Қазақстан Республикасының вексельдiк құқықтар нормаларымен реттелетiндiгi белгiленсiн.

3. "Қазақстан" астық синдикатының мынадай қатысушыларының БАВ-ның бiрiншi эмиссиясына КZ00UZW19993 ұлттық бiрiздендiру нөмiрi берiлсiн:

"Ақ-Бидай-2" ААҚ, "Ақ-Бидай" ЖШС, "Одақ" ЖШС, "Жалтыр" ААҚ,
"Ақмола-элеватор" ЖШС, "Ақмола-Астық" ЖШС, "Тобыл" ААҚ, "Тоғызақ" ААҚ, "Жаркөл" ААҚ, "Урицкий" ААҚ, "Қоскөл" ААҚ, "Ақсуат" ААҚ, "Булаев" ААҚ, "Смирнов" ААҚ, "Париж коммунасы атындағы" ААҚ.

4. Осы Қаулының қол қойылған күннен бастап күшiне енгiзiлетiндiгi белгiленсiн.