Қолданыстағы ред. 25.08.2006

Есеболатов ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы от 25.08.2006 г. № 295 (Есеболатов ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы)

0

Есеболатов ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Ақсу аудандық бас мемлекеттік мал дәрігерлік ветеринариялық инспекторының 2006 жылғы 31 шілдедегі № 280 ұсынысы негізінде, аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Есеболатов ауылдық округінде тұратын Ш.Алдабергенов, М.Коржумбаев, Ө.Жырғалов, С.Алдабергенов, Ж.Төлепбергеновтың аулаларында ұсақ малдары ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында, шектеу ic-шаралары енгізіліп, ветеринариялық режим белгіленсін.

2

2. Есеболатов ауылдық округі бойынша бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі ic-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Дүйсембаевқа жүктелсін.

4

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5

Ақсу ауданы Әкімдігінің 2006 жылғы
«25» 08 «Есеболатов ауылдық
округінде бруцеллез ауруының
шығуына байланысты шектеу
ic-шараларын белгілеу туралы»
№ 295 қаулысына қосымша
Есеболатов ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты, ветеринариялық режим белгіленген аулаларда оның алдын алу және жою
жөніндегі ic-шаралары
р/с
Іс-шаралар аталуы
Орындалу мерзімі
Жауапты адамдар
Ұйымдық-шаруашылыктың шаралары
1
Ауылдық округте ауылшаруашылық малдардың толық eceбін жүргізу.
2007 жылдың қаңтар айына дейін
Ауылдык округінің әкімі аппаратының мамандары, мал дәрігерлік инспектор, экономист маман (келісуімен)
2
Арнайы мал соятын орындар мен өлген малдарды тастайтын шұңқырды осы елді мекенде жасау.
2006 жылдың қараша айына дейін
Ауылдық округінің әкімі аппаратының мамандары.
Арнайы мал дәрігерлік шаралар
1
Бруцеллез ауруымен ауырған малдарды тез арада жалпы отардан аластау.
5 күн ішінде
Мал дәрігерлік инспекторы, ауылдық округінің әкімі
2
Ауру шыққан малдарды мал дәрігерлік-санитарлық тәртіпке сай сойылып, ет өндейтін мекемеге өткізілуін қамтамасыз ету.
Ауру шыққан мерзімде
Мал дәрігерлік инспекторы, ауылдық округінің әкімі.
3
Мал тұрған қоралар мен аулаларды кидан тазарту және мал сойған орындарды арнайы дәрілермен залалсыздандырудан өткізу.
Тез арада сойыстан кейiн
Мал дәрігерлік инспекторы, ауылдық округінің әкімі мал иесі.
4
Ауру шыккан ауладағы басқа малдардан eкi қайтара 15-20 күн сайын қан алынып, таза шыққанша, бруцеллез ауруына қарсы РЕВ-1 вакцинасымен егілуі.
Ветеринариялық заңдылыктарға сәйкес тұрақты түрде
Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері (келісуімен)
5
Ауру шыққан ауладағы адамдардың бруцеллез ауруына тексерілуін жүргізу.
Тұрақты түрде
Ақсу аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары (келісуімен).
6
Аудан тұрғындары арасында бруцеллез ауруына қарсы шаралар жөнінде насихат жұмысын жүргізу.
Тұрақты түрде
Ақсу аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары (келісуімен).