Есеболатов ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Есеболатов ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Ақсу аудандық бас мемлекеттік мал дәрігерлік ветеринариялық инспекторының 2006 жылғы 31 шілдедегі № 280 ұсынысы негізінде, аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Есеболатов ауылдық округінде тұратын Ш.Алдабергенов, М.Коржумбаев, Ө.Жырғалов, С.Алдабергенов, Ж.Төлепбергеновтың аулаларында ұсақ малдары ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында, шектеу ic-шаралары енгізіліп, ветеринариялық режим белгіленсін.
Тармақ 2
2. Есеболатов ауылдық округі бойынша бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі ic-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Дүйсембаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ақсу ауданы Әкімдігінің 2006 жылғы «25» 08 «Есеболатов ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу ic-шараларын белгілеу туралы» № 295 қаулысына қосымша Есеболатов ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты, ветеринариялық режим белгіленген аулаларда оның алдын алу және жою жөніндегі ic-шаралары р/с Іс-шаралар аталуы Орындалу мерзімі Жауапты адамдар Ұйымдық-шаруашылыктың шаралары 1 Ауылдық округте ауылшаруашылық малдардың толық eceбін жүргізу. 2007 жылдың қаңтар айына дейін Ауылдык округінің әкімі аппаратының мамандары, мал дәрігерлік инспектор, экономист маман (келісуімен) 2 Арнайы мал соятын орындар мен өлген малдарды тастайтын шұңқырды осы елді мекенде жасау. 2006 жылдың қараша айына дейін Ауылдық округінің әкімі аппаратының мамандары. Арнайы мал дәрігерлік шаралар 1 Бруцеллез ауруымен ауырған малдарды тез арада жалпы отардан аластау. 5 күн ішінде Мал дәрігерлік инспекторы, ауылдық округінің әкімі 2 Ауру шыққан малдарды мал дәрігерлік-санитарлық тәртіпке сай сойылып, ет өндейтін мекемеге өткізілуін қамтамасыз ету. Ауру шыққан мерзімде Мал дәрігерлік инспекторы, ауылдық округінің әкімі. 3 Мал тұрған қоралар мен аулаларды кидан тазарту және мал сойған орындарды арнайы дәрілермен залалсыздандырудан өткізу. Тез арада сойыстан кейiн Мал дәрігерлік инспекторы, ауылдық округінің әкімі мал иесі. 4 Ауру шыккан ауладағы басқа малдардан eкi қайтара 15-20 күн сайын қан алынып, таза шыққанша, бруцеллез ауруына қарсы РЕВ-1 вакцинасымен егілуі. Ветеринариялық заңдылыктарға сәйкес тұрақты түрде Мал дәрігерлік инспекторы, кәсіпкер мал дәрігері (келісуімен) 5 Ауру шыққан ауладағы адамдардың бруцеллез ауруына тексерілуін жүргізу. Тұрақты түрде Ақсу аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары (келісуімен). 6 Аудан тұрғындары арасында бруцеллез ауруына қарсы шаралар жөнінде насихат жұмысын жүргізу. Тұрақты түрде Ақсу аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары (келісуімен).