“Аягөз ауданының Құрметті Азаматы” атағы туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
“Аягөз ауданының Құрметті Азаматы” атағы от 21.08.2006 г. № 01-02/28-11 (“Аягөз ауданының Құрметті Азаматы” атағы)
1. Қоса беріліп отырған “Аягөз ауданының Құрметті Азаматы” атағын беру Ережесі бекітілсін.
2. Аудандық экономика жэне бюджеттік жоспарлау бөліміне (К. Уәлиев) құрметті атақты ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуге байланысты аудандық бюджетте шығыстарды көздеу ұсынылсын.
3. Аудандық мәслихатының 2000 жылғы 14 шілдедегі “Аягөз ауданының Құрметті Азаматы” атағын беру Ережесі туралы” № 5-4 шешімінің күші жойылсын.
Аягөз аудандық мәслихатының
2006 жылғы 21 тамыздағы
№ 01-02/28-11 шешімімен бекітілген
“Аягөз ауданының Құрметті азаматы” атағын беру
ЕРЕЖЕСІ
“Аягөз ауданының Құрметті азаматы” атағын тағайындау, қоғамға еңбегі сіңген дарындылығы, іскерлігі және белсенділігі, көп жылғы қызметін қоғам алдында танылғандығын білдіретін, моральдық ынталандыру болып табылады.
Бұл іс шара азаматтардың еңбектегі және қоғамдық екпінділігін көтеруге, ауданның экономикалық және әлеуметтік дамытудағы қызметін, қабілеттігін арттыруға, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм негізінде және ұлтаралық достықты күшейтуге шақырылып бағытталады.
1-БӨЛІМ
Негізгі ережелер
1. “Аягөз ауданының Құрметті азаматы” атағын аудан экономикасын, әлеуметтік ортаны, мәдениетті, денсаулықты қорғау, білімді дамыту, мемлекеттік қоғамдық және қайырымдылық жасау қызметі, ұлтаралық достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін, Ұлы Отан соғысынан кейін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өздерінің үлестерін қосқан орден жэне медалі бар ардагерлергеде жэне депутат болып үш мәрте сайланған азаматтарға да беріледі. Атақты аудан әкімінің ұсынысымен аудандық мәслихат сессиясы береді.
Атақ ауданның аумағында тұрмайтын азаматтарға да берілуі мүмкін.
2. Құрметті атаққа ие болған азаматқа куәлік, кеудеге тағатын белгі беріліп, оның есімі ауданның өлкетану мұражайында сақталатын ауданның Құрметті азаматтары кітабына енгізіледі.
3. Куәлікті, кеудеге тағатын белгіні, құрметті азаматтар кітабын жобалау және жасап шығару аудан әкімінің жанындағы марапаттау комиссияға жүктеледі.
4. “Аягөз ауданының Құрметті азаматы” атағын алған азаматтардың есімін мәңгі есте қалдыруға, көпшіліктің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес ауыл және кент көшелеріне берілуі мүмкін.
2-БӨЛІМ
“Аягөз ауданының Құрметті азаматы” атағын беруге
ұсыныс жасау тәртібі
5. Азаматтардьщ кандидатурасының құжаттарын дайындап, ұсыныс беру аудан әкімінің жанындағы марапаттау комиссиясына жүктеледі.
6. Ұсынылған кандидатураға өндірістік, шығармашылык, қайырымдылық, ортаға сіңірген еңбегі, атқарылған жұмыстың сапасы жэне қажеттілігі туралы құрмет белгісімен марапатталуы жайында деректер толық енген мінездеме жазылып, 3x4 және 6x9 көлеміндегі екі фотосуреті марапаттау комиссиясына өткізіледі.
7. Марапаттау комиссиясының қорытындысын ескере отырып аудан әкімі атақты беру туралы шешім қабылдайды, бұл шешімді аудандық мәслихат бекітеді.
8. “Аягөз ауданының Құрметті азаматы” атағын беру квотасы жылына 5 адамнан аспауы керек.
3-БӨЛІМ
Куәлік, кеуде белгісін, сыйақы марапатын тапсыру тәртібі
9. Куәлікті, кеуде белгісін аудан экімі, аудандық мәслихаттың хатшысы салтанатты түрде және жариялық негізінде тапсырады.