О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 904
- Қабылданған күні
- 22.09.2006
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2021 29728_534285.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060000904_
- ЭКБ идентификаторы
- 29728
- Редакция идентификаторы
- 29728_534285
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:52
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1349 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен ;
2 2) "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциз таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 тамыздағы N 792 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 32, 320-құжат):
тақырыбындағы және мәтiнiндегi "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн" деген сөздер "Темекi бұйымдарын және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтiнiндегi "Алкоголь өнiмдерi мен", "алкоголь өнiмдерiн және", "алкоголь өнiмдерi мен" деген сөздер алынып тасталсын;
1 және 3-тармақтар алынып тасталсын;
7-тармақтағы "алкоголь өнiмдерi бойынша 2003 жылғы 10 тамыздағы және", "2001 жылғы үлгiдегi алкоголь өнiмдерiне акциз таңбаларының және" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақ алынып тасталсын;