Құжат мәтініне өту

О создании акционерного общества "Национальный научный центр материнства и детства" и выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 946 · қабылданған 29.09.2006
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-29765/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О создании акционерного общества "Национальный научный центр материнства и детства" и выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 946 ·29.09.2006
23.09.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании акционерного общества "Национальный научный центр материнства и детства" и выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 946 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании акционерного общества "Национальный научный центр материнства и детства" и выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
"Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы" акционерлiк қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
946
Қабылданған күні
29.09.2006
Көрсетілген редакция
23.09.2014 AI29765_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060000946_
ЭКБ идентификаторы
29765
Редакция идентификаторы
AI29765_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:50

0 "Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы" акционерлiк қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) құрылсын.

2 2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi денсаулық сақтау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып белгiленсiн.

3

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 51500000 (елу бiр миллион бес жүз мың) теңге бөлсiн.

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын берсiн;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп:

1 1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнетiн қаражаттың есебiнен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;

2 2) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында қоғамды мемлекеттiк тiркеудi;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

5 5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң тyрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-79 жолмен толықтырылсын:
"21-79. "Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы" АҚ";

2 2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 226-6 жолмен толықтырылсын:
"226-6. "Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы" АҚ";

3 3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы