Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам ведения банковских счетов в Национальном Банке Республики Казахстан и исполнения инкассовых распоряжений

Қаулы · № 74 · қабылданған 12.08.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-29772/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам ведения банковских счетов в Национальном Банке Республики Казахстан и исполнения инкассовых распоряжений Күшін жойған Қаулы ·№ 74 ·12.08.2006
31.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам ведения банковских счетов в Национальном Банке Республики Казахстан и исполнения инкассовых распоряжений

Күшін жойған Қаулы ·№ 74 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам ведения банковских счетов в Национальном Банке Республики Казахстан и исполнения инкассовых распоряжений
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттарды жүргізу және инкассалық өкімдерді орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
74
Қабылданған күні
12.08.2006
Көрсетілген редакция
31.08.2016 AI29772_6.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004407_
ЭКБ идентификаторы
29772
Редакция идентификаторы
AI29772_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:00

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттарды жүргізу және инкассалық өкімдерді орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттарды жүргізу және инкассалық өкімдерді орындау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2 2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 395 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1304 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 20 қараша - 3 желтоқсанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1711 тіркелген 2001 жылғы 16 қарашадағы N 439 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2445 тіркелген 2003 жылғы 4 шілдедегі N 204 және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3883 тіркелген 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақта:

1 1) тармақшада "және Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін" деген сөздер алынып тасталсын;

2 2) тармақшада "және Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін" деген сөздер алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
4-қосымшада түбіртек (зейнетақы төлемдеріне арналған) мынадай редакцияда жазылсын:«
"
ТҮ­БІР­ТЕК (зей­не­та­қы тө­лем­де­ріне ар­нал­ған)
Ре­зи­дент
Ре­зи­дент емес
Ақ­ша жі­бе­ру­ші____________________ СТН ______________________
Ақ­ша жі­бе­ру­ші­нің ме­кен-жайы мен те­ле­фо­ны­_____________________________________________________
_____________________________________________________________­Бе­н­е­ф­и­ц­и­а­р­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­С­Т­Н­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­Ж­Б­К­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
Бе­не­фи­ци­ар­дың бан­кі_____________________ББ­К__________________
Төлем­нің ата­уы
КНП
Со­ма­сы
Мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­сы
010
Ер­кін зей­не­та­қы жар­на­сы
013
Өсім­пұл
019
БАР­ЛЫ­ҒЫ (со­ма­сы жа­зу­мен):              Кү­ні ___________
Ақ­ша жі­бе­ру­ші­нің аты-жө­ні _______________________________
Қо­лы _______________
Мөр­дің ор­ны (мөр болған жағ­дай­да)
р/с
Әле­умет­ті­кже­ке код
Аты-жө­ні
Аты-жө­ні (әле­умет­тік же­ке код алу үшін тір­кеу кар­точ­ка­сын­да (өзгер­ген бол­са, көр­се­тіл­сін)
Ту­ған кү­ні
СТН
Ке­зең
Со­ма­сы
1.
2.
3.
Кү­ні _______________
Ақ­ша жі­бе­ру­ші­нің аты-жө­ні ____________________________
Қо­лы _______________
Мөр­дің ор­ны (мөр болған жағ­дай­да)
Кас­сир:
ХА­БАР­ЛА­МА (зей­не­та­қы тө­лем­де­ріне ар­нал­ған)
Ре­зи­дент
Ре­зи­дент емес
Ақ­ша жі­бе­ру­ші_________________   СТН _____________
Ақ­ша жі­бе­ру­ші­нің ме­кен-жайы мен те­ле­фо­ны
__________________________________________________
__________________________________________________
Бе­не­фи­ци­ар_______________________________
СТН___________________ ЖБ­К_______________
Бе­не­фи­ци­ар­дың бан­кі______________ББ­К______________
Төлем­нің ата­уы
КНП
Со­ма­сы
Мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­сы
010
Ер­кін зей­не­та­қы жар­на­сы
013
Өсім­пұл
019
БАР­ЛЫ­ҒЫ (жа­зу­мен со­ма­сы):              Кү­ні ________
Ақ­ша жі­бе­ру­ші­нің аты-жө­ні ______________________________
Қо­лы _______________
Мөр­дің ор­ны (мөр болған жағ­дай­да)
р/с
Әле­умет­тік же­ке код
Аты-жө­ні
Аты-жө­ні (әле­умет­тік же­ке код алу үшін тір­кеу кар­точ­ка­сын­да (өзгер­ген  бол­са, көр­се­тіл­сін)
Ту­ған кү­ні
СТН
Ке­зең
Со­ма­сы
1.
2.
3.
Кү­ні _______________
Ақ­ша жі­бе­ру­ші­нің аты-жө­ні ____________________________
Қо­лы _______________
Мөр­дің ор­ны (мөр болған жағ­дай­да)
".

4

4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын 2-тармақтың жетінші және сегізінші азатжолдарын және 3-тармақтың алтыншы азатжолын және 2006 жылғы 10 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын 2-тармақтың он екінші, он үшінші және жиырма бесінші азатжолдарын қоспағанда баспасөзде ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 5. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сотты басқару комитетіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-на және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

6 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімдерді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М.Сартбаевқа жүктелсін.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2006 жылғы 29 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
2006 жылғы 21 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Сот әкімшілігі
комитетінің төрағасы
2006 жылғы 31 тамыз

Қолданыстағы