Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований к аудиторским организациям для допуска финансовых инструментов на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы

Бұйрық · № 9 · қабылданған 08.09.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-29880/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований к аудиторским организациям для допуска финансовых инструментов на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы Күшін жойған Бұйрық ·№ 9 ·08.09.2006
03.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований к аудиторским организациям для допуска финансовых инструментов на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы

Күшін жойған Бұйрық ·№ 9 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований к аудиторским организациям для допуска финансовых инструментов на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы
Атауы (қаз.)
Қаржы құралдарының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына ену үшін аудиторлық ұйымдарға біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9
Қабылданған күні
08.09.2006
Көрсетілген редакция
03.04.2008 AI29880_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004413_
ЭКБ идентификаторы
29880
Редакция идентификаторы
AI29880_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:54

0 Қаржы құралдарының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына ену үшін аудиторлық ұйымдарға біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Заңының 6 бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1 1. Қаржы құралдарының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына ену үшін аудиторлық ұйымдарға келесі біліктілік талаптары бекітілсін:

1 1) штатта халықаралық қаржы стандарттарына сәйкес сертификаты бар кемінде 2 (екі) аудиторлардың болуы;

2 2) аудиторлардың немесе аудиторлық ұйымдардың халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болатын немесе резидент болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы болып танылған кәсіби ұйымдарда мүшелігі;

3 3) Қаржы есептілігі мен аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес кемінде 10 (он) аудиттелінген ұйымдардың болуы;

4 4) аудиторлық қызметтің мерзімі кемінде 3 (үш) жыл;

5 5) аудитті жүзеге асыру барысында мүліктік зиян келтіруден туындайтын міндеттер бойынша аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы шарттың болуы;

6 6) аудиттелетін ұйыммен аффилиирленбеу.

2 2. Осы бұйрық алғашқы ресми түрде жариялау күнінен бастап қолданысқа енеді.

3 3. Агенттіктің тіркеу департаментіне:

1 1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту шаралары қолданылсын;

2

2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап он күндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің, "Қазақстандық қор биржасы" АҚ-ның және "Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігінің назарларына жеткізілсін.

4 4. Агенттіктің Даму департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына шаралар қолданылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Агенттік Төрағасының орынбасарына жүктелінсін.

Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын
реттеу және қадағалау жөніндегі
агенттігінің Төрағасы
2006 жыл
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2006 жыл

Қолданыстағы