Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня заболеваний, лечение которых запрещается в негосударственном секторе здравоохранения

Бұйрық · № 434 · қабылданған 25.09.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-29951/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Перечня заболеваний, лечение которых запрещается в негосударственном секторе здравоохранения Күшін жойған Бұйрық ·№ 434 ·25.09.2006
14.10.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня заболеваний, лечение которых запрещается в негосударственном секторе здравоохранения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 434 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня заболеваний, лечение которых запрещается в негосударственном секторе здравоохранения
Атауы (қаз.)
Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
434
Қабылданған күні
25.09.2006
Көрсетілген редакция
14.10.2009 AI29951_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004421_
ЭКБ идентификаторы
29951
Редакция идентификаторы
AI29951_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:51

0 Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы N 430-ІІ және "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі N 170-ІІІ Заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

2 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары (келісім бойынша) осы бұйрыққа сәйкес денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторының қызметін бақылауды қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті (Ахметов У.И.) денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторының медициналық және дәрігерлік қызметін лицензиялау жүргізу мен көрсетілетін медициналық көмек түрлерінің бар лицензияға сәйкестігі бойынша бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде осы бұйрықты басшылыққа алсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі департаментінің директоры Б.С.Байсеркин осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментінің директоры Д.В.Акрачкова осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.

6 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі А.А.Ақановқа жүктелсін.

7 7. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2006 жылғы»25 қыркүйектегі
N 434 бұйрығына қосымша
Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесі
1. Карантиндік жұқпалар:
Оба
Тырысқақ
Сары қызба
2. Аса қауіпті жұқпалар:
Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтыру
Жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі
Геморрагиялық вирусты қызбалар
Қырым геморрагиялық қызбасы
Бүйрек функциясының белгілері бар геморрагиялық
қызба
Алапес
Құтырма
Лептоспироз
Листериоз
Туберкулез
Туляремия
Сарып
Күйдіргі
Ящур
3. Паразиттік аурулар:
Эхинококкоз
Безгек
4. Ауа-тамшы жұқпалары:
Күл ауруы
Көкжөтел
Қызамық
Қызылша
Эпидемиялық паротит
Менингит
5. Жіті жұқпалы аурулар:
Жіті вирусты гепатит
Іш сүзегі мен А, В, С паратифтері
Сальмонеллездер
Дизентерия
Иерсиниоз
Риккетсиоздар
Вирусты кене энцефалиті
6. Психикалық аурулар
7. Қатерлі ісіктер
8. Онкогематологиялық аурулар

Қолданыстағы