Об утверждении Правил оказания консультативно-диагностической помощи
Күшін жойған
Бұйрық
·№ 433
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оказания консультативно-диагностической помощи
- Атауы (қаз.)
- Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 433
- Қабылданған күні
- 25.09.2006
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2009 AI29953_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004425_
- ЭКБ идентификаторы
- 29953
- Редакция идентификаторы
- AI29953_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:51
0 Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының "Денсаулық сақтау-жүйесi туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы N 430-ІІ , "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi N 170-III және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі N 171-ІІІ Заңдарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесi бекiтiлсiн.
2 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерiнiң басшылары (келiсiм бойынша) осы бұйрыққа сәйкес консультациялық-диагностикалық көмек көрсетудi қамтамасыз етсiн.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Емдеу-алдын алу iсi департаментiнiң директоры Б.С.Байсеркин осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментiнiң директоры Д.В.Акрачкова осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жiберсiн.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрi А.А.Ақановқа жүктелсiн.
6 6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
7 Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2006 жылғы 25 қыркүйектегі
N 433 бұйрығымен бекітілген
Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) азаматтарға лицензиясы болған жағдайда меншік нысаны мен ведомстволық тиесілігіне қарамастан консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) консультациялық-диагностикалық көмек - тәулiк бойы медициналық бақылаусыз мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек;
2 2) мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың арнайы әдiстерiн пайдалануды талап ететiн аурулар кезiнде бейiндiк мамандар көрсететiн медициналық көмек;
3 3) жоғары мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа технологияларын пайдалануды талап ететiн аурулар кезiнде денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейiндiк мамандар көрсететiн медициналық көмек;
4 4) бейiндi маман - клиникалық бейiндегi белгiлi бiр мамандық бойынша сертификаты бар, жоғары медициналық бiлiмдi медицина қызметкерi;
5 5) диагностика мен емдеудің кезеңдік хаттамалары - денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен медициналық көмекті көрсету кезіндегі емдеу-диагностикалық іс-шаралардың ең аз нормативтері (бұдан әрі - хаттамалар);
6 6) бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманы - тәуліктік медициналық бақылаусыз дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек көрсететін медициналық қызметкерлер: учаскелік терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, жалпы практика дәрігері (бұдан әрі - БМСК маманы);
7 7) емделуші - медициналық қызметті тұтынушы болып табылатын жеке тұлға.
2 2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсетудің тәртібі
3 3. Консультациялық-диагностикалық көмек алдын алу, диагностикалық және емдеу қызметтері нысанында көрсетіледі.
4 4. Алдын алу қызметі:
1 1) БМСК мамандарымен бірлесе отырып, халықтың жекелеген топтарына алдын алу тексерулерін жүргізуді;
2 2) сырқаттардың жекелеген топтарына диспансерлік бақылауды;
3 3) айналасындағылар үшін қауіп төндіретін ауруларды, сондай-ақ кәсіби ауруларды болдырмау жөніндегі алдын алу медициналық іс-шараларын өткізуді;
4 4) негізгі аурулар кезінде қауіп-қатердің мінез-құлықтық факторларының алдын алуды қоса алғанда, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды қамтиды.
5 5. Диагностикалық қызметтер:
1 1) зертханалық және аспаптық зерттеулерге медициналық айғақтары бойынша емделушілерді жіберуді;
2 2) уақытша еңбекке жарамсыздық парағын (анықтамаларын) бере және ұзарта отырып, сырқаттардың уақытша еңбекке жарамсыздығына сараптама жүргізуді;
3 3) медициналық айғақтары бойынша сырқатты мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға стационарлық емдеуге жіберуді қамтиды.
6 6. Емдеу қызметі мыналарды қамтиды:
1 1) емделуші қиын жағдайдан шыққанға дейін жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін шұғыл көмек көрсету;
2 2) медициналық айғақтары бойынша емделушіге дәрілік заттарды тағайындау;
3 3) емдеуге жатқызуды талап етпейтін жоспарлы түрде хирургиялық операцияларды жүргізу;
4 4) емдеу манипуляцияларын жүргізу;
5 5) медициналық айғақтар бойынша физиоемшаралар тағайындау;
6 6) стоматологиялық көмек көрсету;
7 7) рецептер жазып беру, оның ішінде тегін/жеңілдікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;
8 8) тәуліктік медициналық бақылау мен емдеуді талап етпейтін сырқаттарға емдеу, алдын алу және оңалту іс-шараларын жүргізу мақсатында стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету;
9 9) тасымалдауға болмайтын сырқаттарды үйде консультациялық тексеруді жүзеге асыру.
7 7. Бейінді маман консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуі БМСК маманының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
8 8. Консультациялық-диагностикалық көмекті бейiндi маман хаттамаларға сәйкес көрсетеді.
Хаттамалар болмаған жағдайда диагностикалық және емдеу қызметтерінің көлемі жалпыға бірдей тәсілдерге сәйкес медициналық айғақтар бойынша белгіленеді.