Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня финансовых инструментов, составляющих активы фондов недвижимости

Қаулы · № 213 · қабылданған 23.09.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-29977/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении перечня финансовых инструментов, составляющих активы фондов недвижимости Күшін жойған Қаулы ·№ 213 ·23.09.2006
22.08.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня финансовых инструментов, составляющих активы фондов недвижимости

Күшін жойған Қаулы ·№ 213 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня финансовых инструментов, составляющих активы фондов недвижимости
Атауы (қаз.)
Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
213
Қабылданған күні
23.09.2006
Көрсетілген редакция
22.08.2008 AI29977_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004427_
ЭКБ идентификаторы
29977
Редакция идентификаторы
AI29977_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:51

0 Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы

"Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 11) және 14) тармақшаларына, "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):

1 1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы", "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестіктеріне, инвестициялық портфельді басқарушыларға жіберсін.

4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

8 Жылжымайтын мүлік қорларының құрамындағы қаржы құралдарының тізбесі

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 23 қыркүйектегі
N 213 қаулысымен бекітілген
Жылжымайтын мүлік қорларының құрамындағы қаржы құралдарының тізбесі

1 1. Мынадай халықаралық ұйымдар айналысқа шығарған бағалы қағаздар:

Еуропалық қайта құру және даму банкі;
Америкааралық даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Азия даму банкі;
Африка даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы;
Ислам даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі.

2

2. Шет мемлекеттердің бағалы қағаздары және кредиттік рейтингтің "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес халықаралық шәкіл бойынша шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар мемлекеттердің қаржы агенттіктердің агенттік облигациялары.

3 3. "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар резидент еместердің бағалы қағаздары.

4

4. "ВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ва2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес, немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzA" рейтинг бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының бағалы қағаздары.

5

5. Бағалы қағаздары айрықша жоғары санат бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген немесе "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар еншілес резидент банктер болып табылатын сабақтас резидент емес банктердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары.

6 6. Жылжымайтын мүлік қорының акциялары және еншілес ұйымдардың жарғы капиталдарындағы қатысу үлесі.

7 7. Осы тізбеде көрсетілген қаржы құралы базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды хеджирлеу мақсатында сатып алынған.

Қолданыстағы