Аудан шаруашылықтарында ауыл шаруашылық жануарлардың бірдейлендірілуін өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің 05.04.2006 жылғы
№ 218 бұйрығына сәйкес “Ауыл шаруашылық жануарларына бірдейлендіруді жүргізу”
Ережесі туралы 02.04.2003 жылғы № 164 бұйрығына өзгерту мен толықтырулар енгізілуіне
байланысты, “Ветеринария туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілде күнгі
№ 339-11 Заңының 25, 32-баптарын және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
№ 148-11 Заңының 37-бабының 1, 2-тармақтарын басшылыққа ала отырып аудан
әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Аудан шаруашылықтарында ауыл шаруашылық жануарлардың бірдейлендірілуін өткізу туралы от 04.10.2006 г. № 603 (Аудан шаруашылықтарында ауыл шаруашылық жануарлардың бірдейлендірілуін өткізу туралы)
1. Аудан аумағында ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру 2007 жылдың қаңтар, шілде айларында өткізілсін.
2. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі (А.Саметов) және ауыл, кент округтерінің әкімдеріне;
А) Өздеріне қарасты округтеріндегі ветеринариялық қызметтермен бірлесе отырып, барлық меншік түріндегі ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру тапсырылсын.
Б) Малдарды бірдейлендірудің қортындысының нәтижесі округтерінің шаруашылық кітаптарында көрініс табуы қамтамасыз етілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің аудандық аумақтық инспекциясы (А.Жамағатов) бірдейлендірудің қортындысын компьютерлік деректер базасына енгізілуіне бақылау жасасын.
4. Аудандық ішкі істер бөлімі; (бастығының міндетін атқарушы Д.Жанарбеков) тасымалдау кезінде шикізат және мал өнімдеріне берілген жолдама құжаттардың түгелдігіне бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
5. Аудандық статистика бөлімі (Д.Жөргекбаев) аудан аумағындағы малдардың толық мәліметтерінің дұрыстығына бақылау жасауды қамтамасыз етілсін.
6. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан экімінің орынбасары А.Смаиловқа жүктелсін.
7. Аудандық әкімдіктің 2 желтоқсан 003 жылғы № 432-А қаулысының күші жойылсын.
8. Осы қаулы әділет басқармасынан тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
Келісілді:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министрлігінің аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
А. Жамағатов
Аудандық ішйі істер бөлімінің
бастығы міндетін атқарушы
Д.Жанарбеков
Аудандық статистика
бөлімінің бастығы
Д. Жергекбаев