Аудан шаруашылықтарында ауыл шаруашылық жануарлардың бірдейлендірілуін өткізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан шаруашылықтарында ауыл шаруашылық жануарлардың бірдейлендірілуін өткізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің 05.04.2006 жылғы № 218 бұйрығына сәйкес “Ауыл шаруашылық жануарларына бірдейлендіруді жүргізу” Ережесі туралы 02.04.2003 жылғы № 164 бұйрығына өзгерту мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, “Ветеринария туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілде күнгі № 339-11 Заңының 25, 32-баптарын және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 37-бабының 1, 2-тармақтарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру 2007 жылдың қаңтар, шілде айларында өткізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі (А.Саметов) және ауыл, кент округтерінің әкімдеріне;
Тармақша а
А) Өздеріне қарасты округтеріндегі ветеринариялық қызметтермен бірлесе отырып, барлық меншік түріндегі ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру тапсырылсын.
Тармақша б
Б) Малдарды бірдейлендірудің қортындысының нәтижесі округтерінің шаруашылық кітаптарында көрініс табуы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің аудандық аумақтық инспекциясы (А.Жамағатов) бірдейлендірудің қортындысын компьютерлік деректер базасына енгізілуіне бақылау жасасын.
Тармақ 4
4. Аудандық ішкі істер бөлімі; (бастығының міндетін атқарушы Д.Жанарбеков) тасымалдау кезінде шикізат және мал өнімдеріне берілген жолдама құжаттардың түгелдігіне бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық статистика бөлімі (Д.Жөргекбаев) аудан аумағындағы малдардың толық мәліметтерінің дұрыстығына бақылау жасауды қамтамасыз етілсін.
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан экімінің орынбасары А.Смаиловқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Аудандық әкімдіктің 2 желтоқсан 003 жылғы № 432-А қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулы әділет басқармасынан тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін. Келісілді: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің аудандық аумақтық инспекциясының бастығы А. Жамағатов Аудандық ішйі істер бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Д.Жанарбеков Аудандық статистика бөлімінің бастығы Д. Жергекбаев