О предельных (максимальных) размерах земельных участков, предоставляемых гражданам Республики Казахстан, которые могут находиться в частной собственности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предельных (максимальных) размерах земельных участков, предоставляемых гражданам Республики Казахстан, которые могут находиться в частной собственности
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (максималды) көлемі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 347/5 св
- Қабылданған күні
- 14.09.2006
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2012 AI30097_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06N0003554
- ЭКБ идентификаторы
- 30097
- Редакция идентификаторы
- AI30097_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:53
0 Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (максималды) көлемі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабының 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жеке меншікте болуы мүмкін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін, жер учаскелерінің шекті (максималды) көлемдері белгіленсін.
1 1) Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін (үй жанындағы және танаптық үлестерді қоса отырып) ауылды жерлерде суарылмайтындарда - 0,50 гектар (оның ішінде - 0,25 гектар тегін) және 0,30 гектарға дейін суарылатын жерлерде (оның ішінде 0,15 гектар тегін);
2 2) жеке тұрғылықты құрылыс үшін - 20 гектар (оның ішінде 0,10 гектар тегін)
3 3) бау-бақша жүргізу үшін, сонымен қатар саяжай құрылысы үшін - 0,24 гектар (оның ішінде 0,12 гектар тегін).
2
2. Қостанай облыстық мәслихатының және Қостанай облысы әкімдігінің "Азаматтардың жеке меншігіндегі және тауарлы ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін ұзақ мерзімді жер пайдалануда болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең үлкен) мөлшері туралы" 2002 жылғы 15 наурыздағы № 201-3 С шешімінің күші жойылды деп саналсын (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімдегі нөмірі 1420).