Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по определению критериев отнесения лекарственных средств к перечню лекарственных средств, отпускаемых по рецепту и без рецепта врача

Бұйрық · № 443 · қабылданған 28.09.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-30111/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по определению критериев отнесения лекарственных средств к перечню лекарственных средств, отпускаемых по рецепту и без рецепта врача Күшін жойған Бұйрық ·№ 443 ·28.09.2006
21.10.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по определению критериев отнесения лекарственных средств к перечню лекарственных средств, отпускаемых по рецепту и без рецепта врача

Күшін жойған Бұйрық ·№ 443 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по определению критериев отнесения лекарственных средств к перечню лекарственных средств, отпускаемых по рецепту и без рецепта врача
Атауы (қаз.)
Дәрігердің рецептісі бойынша және рецептінсіз босатылатын дәрілік заттарды дәрілік заттар тізіміне жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
443
Қабылданған күні
28.09.2006
Көрсетілген редакция
21.10.2009 AI30111_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004432_
ЭКБ идентификаторы
30111
Редакция идентификаторы
AI30111_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:50

0 Дәрігердің рецептісі бойынша және рецептінсіз босатылатын дәрілік заттарды дәрілік заттар тізіміне жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

"Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Дәрігердің рецептісі бойынша және рецептінсіз босатылатын дәрілік заттарды дәрілік заттар тізіміне жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Пак Л.Ю.):

1 1) дәрігердің рецептісі бойынша немесе рецетінсіз босатуға жататын дәрігерлік заттар туралы деректерді "Қазақстан Республикасының Дәрілік заттар мемлекеттік тізімі" деректер базасына енгізуді қамтамасыз етсін;

2 2) дәрігердің рецептісі бойынша және рецептінсіз босатуға жатқызылған дәрілік заттар туралы ақпаратты мамандандырылған баспасөз беттерінде жариялауды және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3 3. "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" РМК (Бердімұратова Г.Д.) мемлекеттік тіркеуде дәрілік заттардың сараптамасын жүргізу кезінде осы Нұсқаулықты басшылыққа алсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамамен бекітілген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Л.Ю. Пакке жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

10 Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептінсіз босатылатын дәрілік заттар тізіміне жатқызу критерийлерін айқындау жөнінде нұсқаулық

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау Министрінің
2006 жылғы 28 қыркүйектегі
N 443 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептінсіз босатылатын дәрілік заттар тізіміне жатқызу критерийлерін айқындау жөнінде нұсқаулық

1

1. Дәрігердің рецептісі бойынша және рецептінсіз босатылатын дәрілік заттар тізіміне жатқызылған дәрілік заттарды айқындау жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру, сондай-ақ дәрілік заттарды босатуға (сатуға) қатысты бірыңғай көзқарас қабылдау мақсатында дайындалған.

2

2. Дәрігердің рецептісі бойынша және рецептінсіз босатылатын дәрілік заттар, вакциналарды және басқа да жұқпалы және паразитарлы аурулардың алдын алу мақсатында қолданылатын медициналық иммунобиологиялық заттарды қоспағанда, сараптама және дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу процесінде критерийлерге сәйкес айқындалады.

3 3. Дәрігердің рецептісі бойынша және рецептінсіз босатуға жататын дәрілік заттардың өлшемдері:

1 1) препараттардың фармакологиялық сипаттамасын;

2 2) адам ағзасына жанама әсерлерін;

3 3) токсикологиялық сипаттамасын (терапиялық және уытты дозаларының қатынас деңгейін) ескере отырып анықталады.

4 4. Дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік заттарға оларды тағайындау және әрі қарай қолдану тұрақты түрде дәрігердің бақылауында жүргізілуі қажет дәрілік заттар жатады. Оларға:

1

1) "Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға жататын, құрамында есірткілік құралдар бар дәрілік заттар, психотроптық заттар мен прекурсорлар;

2 2) медициналық қадағалауынсыз қолдануда тұтынушылардың денсаулығына тікелей немесе жанама қауіп келтіретін дәрілік заттар;

3 3) құрамында әсерін және/немесе жанама әсерін әрі қарай зерттеуді талап ететін заттары бар дәрілік заттар;

4 4) парентералды тәсілмен енгізуге арналған дәрілік препараттар;

5 5) тек ғана стационар жағдайында қолданылатын, оның ішінде диагностикалық дәрілік заттар;

6 6) өндіруші-елінде дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік заттар тізіміне кіретін дәрілік заттар жатады.

5 5. Дәрігердің рецептінсіз босатылатын дәрілік заттарға:

1 1) осы Нұсқаулықтың 4 тармағына кірмеген;

2 2) репродуктивті уыттылығы, тұқым қуалайтын уыттылығы және канцерогендігі жоқ;

3 3) өзінің құрамында есірткі заттардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың аз мөлшері бар, Қазақстан Республикасының заннамасына сәйкес бақылауға алынбайтын және препараттан осы заттарды заңсыз қолдануға жеткілікті мөлшерде оңай жолмен алынбайтын көп компонентті дәрілік заттар жатады.

Қолданыстағы