Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О мерах по снижению ущерба от возможных весенних наводнений в области

Өзге акт · № 2-9-р · қабылданған 06.04.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3014/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О мерах по снижению ущерба от возможных весенних наводнений в области Қолданыста 06.04.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О мерах по снижению ущерба от возможных весенних наводнений в области

Қолданыста Өзге акт № 2-9-р 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по снижению ущерба от возможных весенних наводнений в области
Атауы (қаз.)
Облыста болуы мүмкін көктемгі су тасқынынан келетін зиянды азайту жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2-9-р
Қабылданған күні
06.04.1999
Көрсетілген редакция
06.04.1999 3014_253883.kaz
Соңғы өзгеріс
06.04.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99P000141_
ЭКБ идентификаторы
3014
Редакция идентификаторы
3014_253883
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:15
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыста болуы мүмкін көктемгі су тасқынынан келетін зиянды азайту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің 1999 жылғы 24 ақпандағы «Қазақстан Республикасында болуы мүмкін көктемгі су тасқынынан келетін зиянды азайту жөніндегі шаралар туралы» № 2 қаулысына сәйкес және облыста болуы мүмкін көктемгі су тасқынының алдын алу мен одан келетін зиянды азайтуға бағытталған уақытылы сақтандыру шараларын дайындау және өткізу мақсатында:

1. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, облыс бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып, тұрғындарды, жайылымдарды, автомобиль және темір жолдарын сенімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған су тасқынына қарсы барлық қажетті «іс-шаралар кешенін дайындасын және орындайтын болсын (гидротехникалық құрылымдарды су тасқынына дайындау, өзендер салаларын тазарту, көпірлер мен жол үйінділерін бекіту, басқа да қорғаныс жұмыстарын атқару);
су тасқынының қаупі туралы тұрғындарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды хабарландыру нобайларын, қоныс аудару маршруттарын нақтыласын, апаттық – құтқару жұмыстары мен болуы мүмкін зілзала нәубетінің салдарын жоюға тартылатын техникалық құралдар саны мен ұйымдар тізбелерін анықтасын;
бірінші кезектегі құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік тағамдары, жарылыс құралдары мен басқа да ресурстардың қажетті апаттық қорларын қамтамсыз етсін.

2. Ертіс бассейн басқармасының Павлодар бөлімшесі (Қ.Ж. Қарабаев), ауа райын зерттеу жөніндегі облыстық орталық (А.П. Нагамов), «Павлодар өзен порты» ашық акционерлік қоғамы (Н.Д. Бергер) тиісінше облыс бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма арқылы төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссияға ақпарат бере отырып, қалыптасқан жағдайға баға беру үшін су тасқыны мен жайылымдары болуы мүмкін аймақтарда тұрақты бақылау ұйымдастыратын болсын.

3. Ауа райын зерттеу жөніндегі облыстық орталықтың директоры А.П. Нагамов болуы мүмкін су тасқыны құбылыстарының болжамын уақытында жасап, бұл болжамды барлық мүдделі тұтынушыларға алдын ала жеткізсін. Облыс аумағындағы қар қалыңдығының биіктігі мен қар суының қоры туралы мәліметті облыс бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға 1999 жылғы 10 сәуірге дейін тапсырсын.

4. «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодар филиалы жүк тасу бөлімшесінің бастығы К.Е. Әлмағамбетов, «Қазақ автомобиль жолы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын Павлодар филиалының директоры В.К. Котельников, облыстық су апатынан құтқару қызметінің бастығы В.М. Ертіс өзенінен өтетін көпірлер мен тіреулердің дайын зерттеп, су тасқындарының олар арқылы қауіпсіз өтуін қамтамасыз етсін.

5. Осы өкімінің орындалуына бақылау жасау облыс бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға жүктелсін. Өкімнің орындалуы жөніндегі ақпарат облыс әкімі аппаратына облыс бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма арқылы апта сайтын, жағдай күрт төмендеген және төтенше жағдай қаупі туғанда – дереу берілсін.