О правовом обеспечении дорожного хозяйства области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О правовом обеспечении дорожного хозяйства области
- Атауы (қаз.)
- Облыстың жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 79
- Қабылданған күні
- 25.04.1999
- Көрсетілген редакция
- 25.04.1999 3020_287344.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99P000151_
- ЭКБ идентификаторы
- 3020
- Редакция идентификаторы
- 3020_287344
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:13
0 Облыстың жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз ету туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 29.10.2004 № 25 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» № 845 қаулысына сәйкес және облыс аумағынан өтетін жалпы пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының «Қазақ автомобиль жолы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар филиалына берілуіне байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Облыс аумағынан өтетін жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары бойында қызмет көрсету объектілері мен жарнамаларын орналастырған барлық жеке және заңды тұлғалар:
аталған объектілерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда аталған қаулысымен бекітілген «Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бойында қызмет көрсету объектілерін, жарнамаларды орналастыру және ақы төлеу ережелерінің» талаптарына сәйкестендірсін;
қажетті құжаттарды «Қазақ автомобиль жолы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар филиалы мен облыс ішкі істер басқармасының жол полициясы басқармасымен келістірсін.