О некоторых вопросах предоставления социальной помощи малообеспеченным семьям для развития личного подсобного хозяйства и открытия собственного дела
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах предоставления социальной помощи малообеспеченным семьям для развития личного подсобного хозяйства и открытия собственного дела
- Атауы (қаз.)
- Аз қамтылған отбасыларына жеке шаруашылығын дамытуға және өз ісін ашуға әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 261
- Қабылданған күні
- 28.09.2006
- Қолданысқа енгізілген күні
- 20.11.2006
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2015 30200_193584.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06G0001648
- ЭКБ идентификаторы
- 30200
- Редакция идентификаторы
- 30200_193584
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:50
0 Аз қамтылған отбасыларына жеке шаруашылығын дамытуға және өз ісін ашуға әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Аз қамтылған азаматтарды қосымша қолдау мақсатында, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
27-бабы негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аз қамтылған отбасыларына жеке шаруашылығын дамыту және өз ісін ашуға әлеуметтік көмек мөлшері (әрі қарай - әлеуметтік көмек) тиісті қаржы жылына белгіленген 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
2 2. Атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы алуға құқықтары бар тұлғаларға төмендегідей қызмет түрлерін дамытуға әлеуметтік көмек алу құқығы берілсін:
1 1) жеке шаруашылығына мал сатып алуға;
2 2) тұқым сатып алуға;
3 3) халық кәсіпшілігін дамытуға;
4 4) жеке шаруашылығын дамытуға.
3 3. Әлеуметтік көмекті төлеу осы мақсаттарға біржолғы төлем ретінде жергілікті бюджеттерде қарастырылған қаржы шегінде жүзеге асырылсын.
4
4. Әлеуметтік көмекті алатындарды анықтау кезінде, қызметтері Жамбыл облысы әкімиятының 2006 жылғы 26 қаңтардағы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа дейін балаларға ай сайын тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындайтын учаскелік комиссиялардың Ережесін бекіту туралы" N 9 қаулысымен
реттелетін, Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1637 болып тіркелген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа дейінгі балаларға ай сайын тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындайтын учаскелік комиссия отырысында әлеуметтік көмек көрсету қажет немесе оны беруден бас тарту туралы шығарылған қорытындысы басшылыққа алынсын.