Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оформления, представления и предварительной оценки материалов участников конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "За достижения в области качества" и Правил оформления, представления и предварительной экспертной оценки материалов и продукции, представляемых на региональный и республиканский конкурсы-выставки "Алтын сапа"

Қаулы · № 1059 · қабылданған 07.11.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-30233/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил оформления, представления и предварительной оценки материалов участников конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "За достижения в области качества" и Правил оформления, представления и предварительной экспертной оценки материалов и продукции, представляемых на региональный и республиканский конкурсы-выставки "Алтын сапа" Күшін жойған Қаулы ·№ 1059 ·07.11.2006
31.07.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оформления, представления и предварительной оценки материалов участников конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "За достижения в области качества" и Правил оформления, представления и предварительной экспертной оценки материалов и продукции, представляемых на региональный и республиканский конкурсы-выставки "Алтын сапа"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1059 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оформления, представления и предварительной оценки материалов участников конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "За достижения в области качества" и Правил оформления, представления и предварительной экспертной оценки материалов и продукции, представляемых на региональный и республиканский конкурсы-выставки "Алтын сапа"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiн және "Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1059
Қабылданған күні
07.11.2006
Көрсетілген редакция
31.07.2009 AI30233_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060001059_
ЭКБ идентификаторы
30233
Редакция идентификаторы
AI30233_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:41

0

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiн және "Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесiн бекiту туралы
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1 1. Қоса берiлiп отырған:

1 1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесi;

2 2) "Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

0 Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесi

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 7 қарашадағы
N 1059 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына сәйкес әзiрлендi.

2 2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурсқа (бұдан әрi - конкурс) қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртiбiн белгiлейдi.

3 3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығы (бұдан әрi - сыйлық) конкурстың лауреаттарына берiледi және конкурстың эмблемасы мен дипломын берудi көздейдi.

4 4. Заңды тұлғалар конкурсқа мынадай номинациялар бойынша қатысады:

1 1) "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын";

2 2) "Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын";

3 3) "Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын".

5 5. Әр номинация бойынша мынадай санаттар бойынша екi сыйлық берiледi:

1 1) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi;

2 2) iрi кәсiпкерлiк субъектiсi.

6 6. Сыйлықты алуға арналған конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының индустрия және сауда саласындағы уәкiлеттi органы (бұдан әрi - конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.

7 7. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде жүзеге асырылады.

2 2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртiбi

8 8. Сыйлық конкурсқа ұсынылатын материалдарға сараптама жүргiзу және сарапшылардың баллдық баға қоюы негiзiнде әр номинация бойынша үмiткерлердiң арасынан жеңiмпаздарды айқындау жолымен конкурстық негiзде жыл сайын берiледi.

9 9. Конкурсқа қатысу үшiн заңды тұлға конкурсты ұйымдастырушыға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiмдi және мыналарды қамтитын белгiлi бiр құжаттардың 3 данадағы жиынтығын бередi:

1 1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысанда толтырылған сауалнама-декларация;

2 2) оның қызмет деңгейiн өзiн-өзi бағалауды және сапа саласындағы нақты нәтижелердi бiлдiретiн заңды тұлғаның есебi - 36 беттен көп емес;

3 3) есепке қосымша (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшiрмелерi және тағы басқалар) - 30 беттен көп емес;

4 4) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес 1a-дан 9б-ға дейiнгi өлшемдер көрсеткiштерiнiң негiзiнде толтырылған заңды тұлғалардың сапа саласындағы қызметiн бағалау (өзiн-өзi бағалау) жөнiндегi сауалнама;

5 5) салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi;

6 6) менеджмент жүйелерi сертификаттарының көшiрмелерi.

10 10. Конкурсқа қатысу үшiн материалдарды ұсыну мерзiмi - конкурс өткiзiлетiн жылдың 1 қыркүйегiне дейiн.

11 11. Заңды тұлғалардың есебi:

1 1) заңды тұлға қызметiне қысқаша шолудан;

2 2) Қазақстан Республикасының Президентi сыйлығының моделiне сәйкес белгiленген бағалау (өзiн-өзi бағалау) өлшемдерiнiң сипаттамасынан тұруы тиiс.

12 12. Көлемi A4 форматты 6 беттен аспайтын шолуда:

1 1) заңды тұлғаның тарихы;

2 2) өнiмнiң (қызметтердiң) негiзгi түрлерiнiң сипаттамасы;

3 3) ұйымдық құрылымы;

4 4) өнiмнiң (қызметтердiң) сапасына қойылатын негiзгi талаптар;

5 5) өнiмдi өткiзудiң негiзгi нарықтары немесе көрсетiлген қызметтер (өңiрлiк, республикалық, халықаралық) туралы ақпарат;

6 6) өнiмдi (қызметтердi) негiзгi тұтынушылардың сипаттамасы;

7 7) заңды тұлғаның маңыздылығын бiлдiретiн өзге де ақпарат қамтылуға тиiс.

13 13. Заңды тұлғаның мүмкiндiктерi мен қызметiнiң нәтижелерiн сипаттайтын өлшемдердi конкурсты ұйымдастырушы айқындайды.

14 14. Конкурсты ұйымдастырушының шешiмiмен конкурсқа ұсынылатын материалдарға алдын ала сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн конкурсты ұйымдастырушының, министрлiктер мен ведомствалардың өкiлдерiнен және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерiнен сараптамалық топтар құрылады.

15 15. Сарапшылар тобының сандық құрамы кемiнде 7 адамды құрауы тиiс.

16 16. Заңды тұлғалар ұсынған материалдарды алдын ала сараптамалық бағалауды жүргiзу:

1 1) сауалнама-сұрақнама бойынша өзiн-өзi бағалаудың объективтiлiгiн айқындау мақсатында конкурсқа қатысушылардың қызметiн алдын ала сараптамалық бағалау жүргiзудi және олармен келiсудi;

2 2) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес конкурсты ұйымдастырушы мен сараптамалық топтар жүзеге асыратын алдын ала сараптамалық бағалауды қамтиды.

17 17. Сараптамалық топ материалдарға алдын ала сараптамалық бағалау жүргiзгеннен кейiн 2 данадағы құжаттардың жиынтығы мен сараптамалық қорытынды конкурсты ұйымдастырушыға жiберiледi.

18

18. Конкурсты ұйымдастырушы осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысандағы конкурсқа қатысушылардың материалдарын және осы материалдар бойынша алдын ала қорытындыны Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығының лауреаттары атақтарын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы дипломанттары атақтарын беру жөнiндегi комиссияның қарауына ұсынады.

1 Қазақстан Республикасы Президентiнiң

"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
бағалау ережесiне
1-қосымша

1 1. Өтiнiм берушi

Заңды тұлғаның атауы ________________________________________
____________________________________________________________
Мекен-жайы _________________________________________________
Жұмыс iстеу кезеңi ____________________________________________

2 2. Заңды тұлғаның басшысы

Тегi, аты, әкесiнiң аты ____________________________________
Лауазымы ___________________________________________________
Мекен-жайы _________________________________________________
Қызметтiк телефоны,
факс _______________________________________________________

3 3. Заңды тұлғаның сипаттамасы

Қызметкерлердiң жалпы саны _________________________________
Филиалдардың саны __________________________________________
Қосымша:

1 1. Сауалнама-декларация - 1 дана

2 2. Құжаттар жиынтығы - 3 дана

Басшының қолы
"___"________ жыл

2 Қазақстан Республикасы Президентiнiң

"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
бағалау ережесiне
2-қосымша

1 1. Конкурсант

Заңды тұлғаның атауы _________________________________________
_____________________________________________________________
Заңды мекен-жайы ____________________________________________

2 2. Басшы

Тегi, аты, әкесiнiң аты __________________________________________
Лауазымы ____________________________________________________
_____________________________________________________________
Почталық мекен-жайы _________________________________________
_____________________________________________________________
Қызметтiк телефоны ___________________________________________

3 3. Заңды тұлғаның атауы туралы мәлiмет

Қызметкерлердiң жалпы саны ______________________
Филиалдардың саны ______________________________
Шығарылатын өнiмдердiң (жұмыстардың, қызметтердiң) маңызды түрлерiнiң
үш атауы СЭҚТН, СЭҚ ӨК кодтары ________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

4 4. Конкурсқа өкiлеттi және жауапты тұлға

Тегi, аты, әкесiнiң аты _____________________________________
Лауазымы _______________________________________________
Телефон __________ факс ___________

5 5. Декларация

Кәсiпорын атынан бiз конкурсқа қатысушылар үшiн белгiленген ережелердi орындауға келiсетiндiгiмiздi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығының лауреаттары атақтарын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атақтарын беру жөнiндегi комиссиясының шешiмiн түпкiлiктi ретiнде қабылдайтындығымызды мәлiмдеймiн. Сараптаманы жергiлiктi жерде жүргiзу қажеттiлiгi жағдайында бiз оның ашық және әдiл өткiзiлуiне жәрдемдесетiн боламыз. Бiз осындай сараптамаға байланысты шығыстарды кәсiпорынның көтеруге тиiс екенiн түсiнемiз.
Басшының қолы
200 ж. "___"____________

3 Қазақстан Республикасы Президентiнiң

"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
бағалау ережесiне
3-қосымша
Сый­лық мо­де­ліне сәй­кес өл­шем­нің ата­уы
Балл­дар
Өл­шем көр­сет­кіш­те­рі
Ба­ға, балл­мен
Ес­керт­пе
Өл­шем көр­сет­кі­ші­нің ең жо­ғар­ғы ба­ға­сы
Өзін-өзі ба­ға­лау
Са­рап­та­ма ба­ға­сы
1
2
3
4
5
6
7
Бас­шы­лық­тың көш­бас­шы­лық ро­лі
100

25

25

25

25
Са­па са­ла­сын­да­ғы са­я­сат және стра­те­гия
100

25

25

25

25
Пер­со­нал
100

20

20

20

20

20
Әріп­те­стік және ре­сур­стар
80

16

16

16

16

16
Ұй­ым жү­зе­ге асы­ра­тын үде­рі­стер
120

24

24

24

24

24
Мүм­кін­дік­тер ба­ға­ла­на­ды
Бар­лы­ғы
max
500 балл
Өнім­нің (қыз­мет­тер­дің) са­па­сы­на тұ­ты­ну­шы­лар­дың қа­на­ғат­та­ну­шы­лы­ғы
200

150

50
Пер­со­нал­дың қа­на­ғат­та­ну­шы­лы­ғы
90

67,5

22,5
Ұй­ым­ның қо­ғам­ға ық­па­лы
70

40

30
Ұй­ым жұ­мысы­ның нәти­же­ле­рі
140

70

70
Нәти­же­лер ба­ға­ла­на­ды
Бар­лы­ғы
max
500 балл
Бар­лық көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша балл­дар­дың жал­пы са­ны

4 Қазақстан Республикасы Президентiнiң

"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
бағалау ережесiне
4-қосымша
Кә­сі­по­рын­ның ата­уы
Кон­кур­сқа қа­ты­су­шы­ның құ­жат­та­ры
Са­рап­та­ма­лық ба­ға
Жұ­мыс ор­га­ны­ның ба­ға­сы
Ес­керт­пе
Өті­нім:
Са­у­ал­на­ма-де­кла­ра­ция:
Ба­ға бой­ын­ша са­у­ал­на­ма:
Есеп:
Тұжырымдар: _______________________________________________
___________________________________________________________
Ұсыныстар: ________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Конкурсты ұйымдастырушының қолы
200 ___ жылғы "___"__________

5 Қазақстан Республикасы Президентiнiң

"Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
бағалау ережесiне
5-қосымша
Өл­шем­дер
Кон­кур­сант­тың өзін-өзі ба­ға­ла­уы, балл­мен
Са­рап­тау ба­ға­сы, балл­мен
Түп­кі­лік­ті ба­ға, балл­мен
Өл­шем­нің ата­уы
Ең жо­ғар­ғы ба­ға, балл­мен
1. Бас­шы­лық­тың көш­бас­шы­лық ро­лі
100
2. Са­па са­ла­сын­да­ғы са­я­сат және стра­те­гия
100
3. Пер­со­нал
100
4. Әріп­те­стік және ре­сур­стар
80
5. Ұй­ым жү­зе­ге асы­ра­тын үде­рі­стер
120
6. Та­у­ар са­па­сы­на тұ­ты­ну­шы­лар­дың қа­на­ғат­та­ну­шы­лы­ғы
200
7. Пер­со­нал­дың қа­на­ғат­та­ну­шы­лы­ғы
90
8. Ұй­ым­ның қо­ғам­ға ық­па­лы
70
9. Ұй­ым жұ­мысы­ның нәти­же­ле­рі
140
Бар­лық өл­шем­дер бой­ын­ша балл­дар­дың жал­пы са­ны
max
1000
Тұжырымдар: _______________________________________________
___________________________________________________________
Ұсыныстар: ________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Конкурсты ұйымдастырушының қолы
200 ___ жылғы "___"__________

6 "Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 7 қарашадағы
N 1059 қаулысымен
бекiтiлген
"Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. "Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына сәйкес әзiрлендi.

2 2. Осы Ереже "Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына (бұдан әрi - конкурс) ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртiбiн белгiлейдi.

3

3. Республикалық конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының индустрия және сауда саласындағы уәкiлеттi органы (бұдан әрi - конкурсты ұйымдастырушы), "Алтын сапа" өңiрлiк көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары (бұдан әрi - өңiрлiк конкурстарды ұйымдастырушылар) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi болып табылады.

4 4. Конкурс конкурс дипломанттарына конкурстың эмблемасы мен дипломын берудi көздейдi.

5

5. Конкурс конкурсты ұйымдастырушының ресми сайтында жарияланатын Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығының лауреаттары атақтарын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атақтарын беру жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) шешiмiмен бекiтiлетiн iс-шаралар жоспарына сәйкес жүргiзiледi.

6 6. Конкурсты ұйымдастыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде жүзеге асырылады.

2 2. "Алтын сапа" өңiрлiк көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау тәртiбi

7 7. "Алтын сапа" өңiрлiк көрме-конкурсына ұсынылатын материалдар мен өнiмдердi алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшiн өңiрлiк сараптамалық комиссия құрылады.

8 8. Өңiрлiк сараптамалық комиссия өңiрлiк конкурсты ұйымдастырушының шешiмiмен құрылады.

9 9. Өңiрлiк конкурсқа қатысуға:

1 1) Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсiптiк, азық-түлiк тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы (қару-жарақ пен әскери техника өндiрiсiн қоспағанда) өнiмдердi өндiрудi жүзеге асыратын;

2 2) өнiм сапасының тұрақты жоғары деңгейiн қамтамасыз ету және оны жүйелi түрде жақсарту бойынша оң нәтижелерi бар заңды тұлғалар немесе жеке кәсiпкерлер (бұдан әрi - конкурсқа қатысушылар) үмiткер бола алады.

10 10. Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) конкурсқа қатысуға өтінім және сауалнама-декларация;

2 2) сапа және қауiпсiздiк туралы сертификаттар мен қорытындылардың көшiрмелерi (сәйкестiк сертификаты, экологиялық сертификат, гигиеналық қорытынды - болған кезде);

3 3) менеджмент жүйесiне арналған сертификаттардың көшiрмелерi (болған кезде);

4 4) негiзгi өлшемдер мен сипаттамалардың сандық мәндерi көрсетiлген өнiмнiң негiзгi тұтынушылық қасиеттерiнiң негізгi сипаттамасы;

5 5) конкурсқа қатысушылар өз нәтижелерiн және осы көрсеткiштердiң өзгеру үрдiсiн бағалайтын көрсеткiштер.

11 11. Конкурсқа қатысушылар қызметiнiң нәтижелерi туралы ақпарат графиктер немесе диаграммалар түрiнде ұсынылады, олар ұсынылған сандық деректердiң маңыздылығы мен ерекшелiктерiн түсiнуге мүмкiндiк беретiн қысқаша түсiнiктермен сүйемелденуi тиiс.

12 12. Өңiрлiк конкурстар өңiрлiк конкурстарды ұйымдастырушы белгiлеген мерзiмде, бiрақ конкурсты өткiзу жылының 30 тамызынан кешiктiрiлмей өткiзiледi.

13 13. Өңiрлiк конкурстардың ұйымдастырушылары конкурстарды өткiзу жылының 15 қыркүйегiнен кешiктiрмей өңiрлiк конкурстар жеңiмпаздарының қажеттi құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жiбередi.

14 14. Өңiрлiк конкурстардың жеңiмпаздары республикалық конкурсқа қатысады.

3 3. "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi алдын ала бағалау тәртiбi

15 15. "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi алдын ала бағалауды жүргiзу үшiн республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешiмiмен сараптамалық топтар (бұдан әрi - сараптамалық топтар) құрылады.

16 16. Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемiнде 7 адамды құрауы тиiс.

17 17. Сараптамалық топтардың құрамына:

1 1) кестеге әрбiр айқындама бойынша өзiнiң бағасын қоятын (олардың бағаланатын өнiмдi алқалы талқылауға, ұсынылған материалдарды талдауға қатысуын негiзге ала отырып);

2

2) қалған айқындамаларды сызып тастай отырып, кестеге бағаны өзiнiң құзыреттiлiгi жеткiлiктi деп есептейтiн айқындамаларға ғана қоятын конкурсты ұйымдастырушының, министрлiктер мен ведомстволардың, сапа саласындағы мамандардың өкiлдерi, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi қатарынан тағайындалатын төраға, оның орынбасары және сарапшылар кiредi.
Конкурсты ұйымдастырушы сараптамалық бағалаудың толтырылған кестелерiн құжаттар жиынтығы құрамында Комиссияға жiбередi.

18 18. Комиссия сараптамалық топтардың алдын ала қорытындысының негiзiнде:

1 1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар";

2 2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес "Халық тұтынатын үздiк тауарлар";

3 3) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес "Үздiк азық-түлiк тауарлар" номинациялары бойынша дипломанттарды бекiту туралы түпкiлiктi шешiм қабылдайды.

19 19. Жеке өлшем, талап, көрсеткiш бойынша алдын ала жұмыс жүргiзiледi, оның мақсат толығын және мазмұнын сараптамалық топ айқындайды.

20 20. Егер әрбiр номинацияда өнiмнiң әрбiр түрi бойынша кемiнде екi үмiткер қатысса, конкурс өткiзiлген болып саналады.

7 "Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала

сараптамалық бағалау ережесiне
1-қосымша
Облыс ____________________________________________________
Ұйым _____________________________________________________
Өнiм _____________________________________________________
Бұйымның жиынтық баллы ___________________________________
Р/с
N
Өл­шем­дер, та­лап­тар, көр­сет­кіш­тер
Са­рап­шы­лар
Ор­та­ша балл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
2
3
4
1
Отан­дық ба­ла­ма­ла­ры­мен са­лы­стыр­ған­да тех­ни­ка­лық дең­гейi (1-10 балл)
2
Экс­порт­қа шы­ға­ры­ла­тын өнiм­нiң өн­дiрi­лу кө­ле­мi­нен үлесi (10% үшiн 1 балл)
3
Өт­кен жы­л­ғы ұқсас ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да кон­кур­сқа ұсы­ны­л­ған өнiм өн­дiрiсi кө­ле­мiнiң ар­туы (10% үшiн 1 балл)
4
Тұ­ты­ну­шы­лар, мем­ле­кет­тiк ба­қы­лау ор­ган­да­ры, са­тып алушы ұй­ым­дар та­ра­пы­нан са­рап­та­ма­лық рас­тал­ған та­лап­тар­дың бо­луы/жоқ­тығы (0, 10 балл)
5
Тұ­ты­ну­шы­лар­дың, са­тып алушы ұй­ым­дар­дың пiкiр­лерi (рес­пуб­ли­ка­ның түр­лi өңiр­лерi­нен және оның ше­гi­нен тыс жер­лер­ден ке­мiн­де 10 ре­сми ресiм­дел­ген­дер)
6
қа­зақ­стан­дық және өңiр­лiк ши­кi­зат пен ма­те­ри­ал­дар­ды % пай­да­ла­ну (әр­бiр 10% үшiн 1 балл)
7
Са­па көр­сет­кi­ш­терiнiң тұ­рақ­ты­лық дең­гейi, ме­недж­мент­тiң сер­ти­фи­кат­тал­ған жүй­есiнiң бо­луы (1, 10 балл)
8
Мар­ке­тинг­тiк са­я­сат, бә­се­ке­ге қа­бiлет­тiлiк­тi бас­қа­ру тиiм­дiлi­гiнiң дең­гейi (1-10 балл)
9
Бұй­ым­ды дай­ын­дау кезiн­де пай­да­ла­ны­ла­тын жа­ңа­лық­тар, тех­но­ло­ги­я­лар про­грес­сив­тiлi­гi ("ноу-ха­удың", өнер та­быст­а­ры­ның, па­тент­тер­дiң бо­луы) (1-10 балл)
10
Өнiм­нiң, ора­удың ди­зай­ны, эс­те­ти­ка­лық қа­си­ет­терi (1-10 балл)
Бұй­ым­ның жиын­тық бал­лы (Е орт. балл)
Жауапты тұлға (т.а.ә.)________________
________________
Қолы ________________

8 "Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық

көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар
мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау ережесiне
2-қосымша
Облыс ____________________________________________________
Ұйым _____________________________________________________
Өнiм _____________________________________________________
Бұйымның жиынтық баллдары ________________________________
Р/с
N
Өл­шем­дер, та­лап­тар, көр­сет­кіш­тер
Са­рап­шы­лар
Ор­та­ша балл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
2
3
4
1
Отан­дық ба­ла­ма­ла­ры­мен са­лы­стыр­ған­да тұ­ты­ну қа­си­ет­те­рі­нің тех­ни­ка­лық дең­гейi (1-10 балл)
2
Экс­порт­қа шы­ға­ры­ла­тын өнiм­нiң өн­дiрi­лу кө­ле­мi­нен үлесi (10% үшiн 1 балл)
3
Өт­кен жы­л­ғы ұқсас ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да кон­кур­сқа ұсы­ны­л­ған өнiм өн­дiрiсi кө­ле­мiнiң ар­туы (10% үшiн 1 балл)
4
Әле­умет­тiк бә­се­ке­ге қа­бiлет­тiлiк дең­гейi (ұқсаста­ры­мен са­лы­стыр­ған­да­ғы ба­ға­сы және қа­зақ­стан­дық на­рық­та қол жетiм­дiлi­гi) (1 - 10 балл)
5
Тұ­ты­ну­шы­лар, мем­ле­кет­тiк ба­қы­лау ор­ган­да­ры, са­тып алушы ұй­ым­дар та­ра­пы­нан са­рап­та­ма­лық рас­тал­ған та­лап­тар­дың бо­луы/жоқ­тығы (0, 10 балл)
6
Тұ­ты­ну­шы­лар, са­тып алушы ұй­ым­дар пiкiр­лерi (рес­пуб­ли­ка­ның түр­лi өңір­лерi­нен және одан тыс жер­лер­ден 10 pе­сми ресiм­дел­ген­нен кем емес (0, 10 балл)
7
қа­зақ­стан­дық ши­кi­зат пен ма­те­ри­ал­дар­ды % пай­да­ла­ну (әр­бiр 10% үшiн 1 балл)
8
Са­па көр­сет­кi­ш­терiнiң тұ­рақ­ты­лық дең­гейi, сер­ти­фи­кат­тал­ған ме­недж­мент жүй­есiнiң бо­луы (1-10 балл)
9
"Та­мақ өнiм­дерi. Тұ­ты­ну­шы­лар­ға ар­нал­ған ақ­па­рат. Жал­пы та­лап­тар" ҚР СТ 1010-99 сақ­та­луы/сақ­тал­мауы (0, 10 балл)
10
Өнiм­нiң, ора­удың ди­зай­ны, эс­те­ти­ка­лық қа­си­ет­терi (1-10 балл)
Бұй­ым­ның жиын­тық бал­лы (Е орт. балл)
Жауапты тұлға (т.а.ә.)________________
________________
Қолы ________________

9 "Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық

көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар
мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау ережесiне
3-қосымша
Облыс ____________________________________________________
Ұйым _____________________________________________________
Өнiм _____________________________________________________
Бұйымға қорытынды баллы __________________________________
Р/с
N
Өл­шем­дер, та­лап­тар, көр­сет­кіш­тер
Са­рап­шы­лар
Ор­та­ша балл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
2
3
4
1
Отан­дық ба­ла­ма­ла­ры­мен са­лы­стыр­ған­да тех­ни­ка­лық дең­гейi (1-10 балл)
2
Өн­дiрiлетiн көлем­нен экс­порт­қа шы­ға­ры­ла­тын өнiм үлесi (10% үшiн 1 балл)
3
Өт­кен жыл­дың ұқсас ке­зе­ңі­мен са­лы­стыр­ған­да кон­кур­сқа ұсы­ны­л­ған өнiм өн­дiрiсi кө­ле­мiнiң ұл­ға­юы (10% үшiн 1 балл)
4
Тұ­ты­ну­шы­лар, мем­ле­кет­тiк ба­қы­лау ор­ган­да­ры, са­тып алушы ұй­ым­дар та­ра­пы­нан са­рап­та­ма­лық рас­тал­ған та­лап­тар­дың бо­луы/ жоқ­тығы (0, 10 балл)
5
Тұ­ты­ну­шы­лар­дың, са­тып алушы ұй­ым­дар­дың пiкiр­лерi (рес­пуб­ли­ка­ның түр­лi өңiр­лерi­нен және оның ше­гi­нен тыс жер­лер­ден ке­мiн­де 10 ре­сми ресiм­дел­ген­дер)
6
Қа­зақ­стан­дық және өңiр­лiк ши­кi­зат пен ма­те­ри­ал­дар­дың % пай­да­ла­ны­луы (әр­бiр 10% үшiн 1 балл)
7
Са­па көр­сет­кi­ш­терiнiң тұ­рақ­ты­лық дең­гейi, ме­недж­мент­тiң сер­ти­фи­кат­тал­ған жүй­есiнiң бо­луы (1, 10 балл)
8
Мар­ке­тинг­тiк са­я­сат, бә­се­ке­ге қа­бiлет­тiлiк­тi бас­қа­ру тиiм­дiлi­гiнiң дең­гейi (1-10 балл)
9
Бұй­ым­ды дай­ын­дау кезiн­де пай­да­ла­ны­ла­тын жа­ңа­лық­тар, тех­но­ло­ги­я­лар про­грес­сив­тiлi­гi ("ноу-ха­удың", өнер та­быст­а­ры­ның, па­тент­тер­дiң бо­луы) (1-10 балл)
10
Өнiм­нiң, ора­удың ди­зай­ны, эс­те­ти­ка­лық қа­си­ет­терi (1-10 балл)
Бұй­ым­ның жиын­тық бал­лы (Е орт. балл)
Жауапты тұлға (т.а.ә.)________________
________________
Қолы ________________

10 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 7 қарашадағы
N 1059 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

1 1. "Сапа саласындағы конкурстар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 11, 125-құжат).

2 2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1593 қаулысы .

3 3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1727 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 48, 580-құжат).

4 4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 қыркүйектегi N 999 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 39, 411-құжат).

5 5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 қарашадағы N 1147 қаулысы .

6 6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 715 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 28, 360-құжат).

Қолданыстағы