О внесении изменения и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 206
- Қабылданған күні
- 20.10.2006
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2018 30261_341704.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U060000206_
- ЭКБ идентификаторы
- 30261
- Редакция идентификаторы
- 30261_341704
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:44
0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1
1) "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 20, 201-құжат; 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 21, 265-құжат; N 33, 439-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Саяси мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміндегі "Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты және Мәжілісі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараттарының басшылары, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі аппаратының басшысы" деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі аппаратының басшысы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Президентінің Іс басқармасы аппараттарының басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 378 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 218-құжат; 2002 ж., N 6, 40-құжат; 2003 ж., N 33, 323-құжат; 2004 ж., N 12, 150-құжат; N 30, 399-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы туралы ереженің 13-тармағының 2) тармақшасында "Іс басқармасының" деген сөздерден кейін "аппарат басшысын," деген сөздермен толықтырылсын;