Қолданыстағы ред. 24.10.2006 (Редакция 30274_331483.kaz)

Жаңаарқа ауданында әскер қатарына шақырылатын жасқа дейінгі жасөспірімдерді диспансеризациялаудан өткізу туралы от 24.10.2006 г. № 464 (Жаңаарқа ауданында әскер қатарына шақырылатын жасқа дейінгі жасөспірімдерді диспансеризациялаудан өткізу туралы)

0

Жаңаарқа ауданында әскер қатарына
шақырылатын жасқа дейінгі жасөспірімдерді
диспансеризациялаудан өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына сәйкес және аудандағы әскер жасына дейінгі жасөспірімдерге медициналық көмек көрсету мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 1990-1991 жылғы жасөспірімдерді диспансеризапиялаудан өткізудін іс-шаралары бекітілсін (қосымшада көрсетілген).

2

2. Аудандағы корғаныс істер жөніндегі бөлімінін дәрігерлік комиссиясына 1990-1991 жылдары туған әскер жасына дейінгі жасөспірімдерді 2006 жылдың 28 караша - 15 желтоқсан аралығында медициналық байқаудан өткізу тапсырылсын. Жасөспірімдердің сауықтыру жұмыстары аудандық ауруханада жүргізіліп, нәтижелері тиісті медициналық құжаттарға тіркелсін.

3

3. Кент, селолық округгердің әкімдеріне, орта және кәсіптік мектеп директорлары 28 карашаға дейін аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне 1990-1991 жылдары туған барлық жасөспірімдердің тізімдерін тапсыру жүктелсін.

4

4. Кент, селолық округгердің әкімдеріне, аудандық білім бөліміне (Е.Қуанышбековке), 1990-1991 жылдары туған барлық жасөспірімдердің диспансерлік байқауға және емделуге келуін толық қамтамасыз етуі тапсырылсын.

5

5. Аудандық медициналық бірлестігіне (Ж.Қожабековаға):

1

1) барлық 1990-1991 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлік байқаудан өткізу;

2

2) жасөспірімдерді диспансерлік байқаудан өткізу мақсатында дәрігер мамандарын, орта буын медициналық қызметкерлерді тағайындау және қажетті мүлік пен құрал жабдықтармен қамтамасыз ету;

3

3) байқауға дейін жасөспірімдерді лабораториялық, флюорографиялық және антропометриялық зерттеуден өткізу мен оларды санациялауды ұйымдастыру;

4

4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 2005 жылғы 8 шілдедегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 063-У және 025-У үлгілері бойынша ауруларға қарсы алдын ала егу жұмыстарын есепке алу;

5

5) дәрігерлік зерттеуді, бақылауды және емделуді қажет ететін жасөспірімдерді анықтап, оларды диспансерлік есепке алу;

6

6) жасөспірімдердің даму ерекшеліктері мен оларды емдеу тәсілдерін және Қазакстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің ресми құжаттарын оқып үйрену мақсатында аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне дәрігер мамандарымен бірігіп бір күндік семинар өткізу тапсырылсын.

6

6. Аудандык медициналық бірлестігінің директорына (Ж.Қожабековаға) 1990-1991 жылдары туған ауруға шалдыккан жасөспірімдерді толық емдеп, сауыктандырып шығару жауапкершілігі міндеттелсін.

7

7. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінін бастығына (З.Сердалиновке) 1990-1991 жылы туған жасөспірімдерді диспансерлік байқаудан өткізу үшін қаржыландыру тапсырылсын.

8

8. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы М.Жандаулетовке жүктелсін.

9

9. Осы қаулы ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін заң күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
«Жаңаарқа аудандық ішкі істер
бөлімі» ММ-нің бастығы
С.С.Әлиев
24.10.2006ж.
КЕЛІСІЛДІ:
«Жаңаарқа аудандық қорғаныс істер
бөлімі» ММ-нің бастығы
С.Қ.Қасымов
24.10.2006ж.
КЕЛІСІЛДІ:
Жаңаарқа аудандық медициналық
бірлестігінің директоры
Ж.Қожабекова
24.10.2006ж.
КЕЛІСІЛДІ:
«Жаңаарқа аудандық білім бөлімі»
ММ-нің бастығы
Е.З.Қуанышбеков
24.10.2006ж.
КЕЛІСІЛДІ:
«Жаңаарқа аудандық экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімі»
ММ-нің бастығы
З.Сердалинов
24.10.2006ж.

16. 1990-1991 жылғы жасөспірімдерді диспансеризациялаудан өткізудің іс-шаралары

Аудан әкімдігінің
«Жаңаарқа ауданында әскер қатарына
шақырылатын жасқа дейінгі жасөспірімдерді
диспансеризациялаудан өткізу турады»
24 қазан 2006 жылғы № 464
қаулысына қосымша
1990-1991 жылғы жасөспірімдерді
диспансеризациялаудан өткізудің іс-шаралары
Рет Саны
Іс-шаралар
Орындау мерзімі
Орындаушылар
1.
Диспансерлік байқаудан өтетін барлық жасөспірімдерді лабораториялық және флюорографиялық зерттеумен қамту
2006 жыл
28 қараша
Аурухананың бас дәрігері
2.
Атаулы тізімді салыстыру
2 желтоқсанға дейін
Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі
3.
Жасөспірімдерді тұрақты тексеру мен емдеу үшін қажеттілігін анықтау
6 желтоқсанға дейін
Аурухананың бас дәрігері
4.
Жасөспірімдерді медициналық комиссиядан өткізудің кестесін жасап бекіту
8 желтоқсанға дейін
Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі
5.
Дәрігерлік мен орта медициналық персоналмен практикалық оқулар өткізу
11 желтоқсанға дейін
Аурухананың бас дәрігері
6.
Техникалық персоналмен практикалық сабақтар өткізу
12 желтоқсанға дейін
Аурухананың бас дәрігері
7.
Диспансеризация өткізілетін бөлмелерді жабдықтау
12 желтоқсанға дейін
Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі
8.
Ф-025У амбулаториялық картасы мен оның Ф-25У қосымшасын дайындау
13 желтоқсанға дейін
Аурухананың бас дәрігері