Об утверждении Правил и сроков проведения сельскохозяйственной переписи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил и сроков проведения сельскохозяйственной переписи
- Атауы (қаз.)
- Ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң ережесi мен мерзiмдерiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1081
- Қабылданған күні
- 15.11.2006
- Көрсетілген редакция
- 11.10.2010 AI30299_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.10.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060001081_
- ЭКБ идентификаторы
- 30299
- Редакция идентификаторы
- AI30299_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:40
0 Ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң ережесi мен мерзiмдерiн бекiту туралы
"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң ережесi мен мерзiмдерi бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3 Ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң ережесi мен мерзiмдерi 1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 қарашадағы
N 1081 қаулысымен
бекiтiлген
Ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң ережесi мен мерзiмдерi 1. Жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi және "Мемлекеттiк статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы заңдарына, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.
1 1. Ауыл шаруашылығы санағының мақсаты ауыл шаруашылығының белгiлi бiр күнгi құрылымы мен жай-күйi туралы ақпарат жинау болып табылады.
2 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) ауыл шаруашылығы санағы - ауыл шаруашылығының белгiлi бiр күнгі құрылымы мен жай-күйi туралы ақпарат жинау мақсатында жүргізілетін ұлттық санақ;
2 2) ауыл шаруашылығы санағының субъектiлерi - ауыл шаруашылығы санағының объектiлерiне иелiк ететiн жеке және заңды тұлғалар;
3
3) ауыл шаруашылығы санағының объектiлерi - жер (саяжай) учаскелерi, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiк алқаптары, жемiс-жидек екпелерi, жүзiмдiктер, ауыл шаруашылығы жануарлары, ауыл шаруашылығы техникасы мен автокөлiк, ауыл шаруашылығының өндiрiстiк үй-жайлары мен жабдығы және ауыл шаруашылығы қызметiн көрсетуге байланысты өзге де мамандандырылған үй-жайлар;
4 4) сұхбат жүргiзушi - санақ парақтарындағы сұрақтар бойынша ауыл шаруашылығы санағының субъектiлерiне сұрау салуды жүзеге асыратын адам;
5 5) нұсқаушы-бақылаушы - ауыл шаруашылығы санағы объектiлерiнiң толық қамтылуына, санақ парақтарындағы деректердiң дұрыстығына бақылауды, сондай-ақ сұхбат жүргiзушiнiң жұмысына нұсқау беру мен бақылауды жүзеге асыратын адам;
6 6) санақ парағы - ауыл шаруашылығы санағының субъектiлерi туралы мәлiметтерi бар белгiленген үлгiдегi құжат;
7 7) уәкiлеттi орган - мемлекеттiк статистикаға басшылықты жүзеге асыратын, өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын орталық атқарушы орган.
2 2. Ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi
3 3. Ауыл шаруашылығы санағы санақ парақтарын толтыру жолымен:
1 1) сұхбат жүргiзушiлердiң жеке тұлғаларға сұрау салу жүргiзу әдiсiмен;
2 2) заңды тұлғалардың өздерi толтыруы әдiсiмен жүзеге асырылады.
4 4. Санақ парақтары уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде толтырылады.
5 5. Ауыл шаруашылығы санағы кемiнде он жылда бiр рет өткiзiледi және бiрнеше кезеңмен жүргiзiлуi мүмкiн.
Ауыл шаруашылығы санағы дайындық, негiзгi және қорытынды кезеңдердi қамтиды.
6 6. Дайындық кезеңi 2 (екi) жыл iшiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Дайындық кезеңiнде мынадай iс-шаралар iске асырылады:
1 1) уәкiлеттi органның ауыл шаруашылығы санағын өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеуi;
2
2) ауыл шаруашылығы санағын өткiзу кезiнде атқарушы билiк органдарының келiсiлген iс-қимылдарын үйлестiрудi және қамтамасыз етудi, мәселелердi жедел шешудi жүзеге асыру үшiн республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесу комиссияларын құру. Комиссиялардың құрамына әрбiр деңгейге сәйкес орталық атқарушы органның жауапты хатшысы ( белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, облыстардың, аудандар мен қалалар әкiмдiктерiнiң басшылары кiредi;