Құжат мәтініне өту

Отдельные вопросы регулирования проезда автотранспортных средств по территории Республики Казахстан

Қаулы · № 643 · қабылданған 25.05.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-3030/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Отдельные вопросы регулирования проезда автотранспортных средств по территории Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 643 ·25.05.1999
07.01.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Отдельные вопросы регулирования проезда автотранспортных средств по территории Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 643 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Отдельные вопросы регулирования проезда автотранспортных средств по территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттеудің жекелеген мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
643
Қабылданған күні
25.05.1999
Көрсетілген редакция
07.01.2015 AI3030_6.kaz
Соңғы өзгеріс
07.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P990000643_
ЭКБ идентификаторы
3030
Редакция идентификаторы
AI3030_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:08

0 Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттеудің жекелеген мәселелері

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.13 № 1196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Жарлығына және "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алымдарды белгілеу туралы бұрын қабылданған шешiмдердi жойсын және егер заң актiлерiнде тiкелей өзгеше көзделмеген болса, бұдан әрi оларды белгiлемесiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1)

2

2) "Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерiн, көлiк құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөнiндегi Негiзгi ережелердi және лауазымды тұлғалар мен жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысын қамтамасыз ету мен қауiпсiздiк жөнiндегi мiндеттерiн және көлiгi арнайы жарық және дыбыс беретiн белгiлермен жабдықтауға және арнайы бояу- графикалық схема бойынша боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысында:
аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерiнде:
1.2-тармақтың қырық бiрінші абзацы "Жол-комендаттық бөлiмшенiң" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң (бұдан әрi - Көлiктiк бақылау комитетi) қызметшiсi" деген сөздермен толықтырылсын;
2.1. 1-тармағының сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңдарда көзделген жағдайларда, тексеру үшiн Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiлерiне арнаулы рұқсаттаманы, халықаралық тасымалды жүзуге асыру кезіндегі рұқсаттама мен лицензияны (немесе есеп құжатын) көрсетсiн. Арнаулы рұқсаттама мен рұқсаттама болмаған жағдайда Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiсiне көлiк құралын басқару құқығы үшiн жүргiзушінiң куәлiгiн (Уақытша рұқсаттама мен жүргiзушiнiң жеке басын
куәландыратын құжат) алу үшiн көлiк құралына арналған тiркеу құжаттарын,
жол жүру парағы мен тасылатын жүкке арналған құжаттарды тапсырады";

3 3)

📌 ЕСКЕРТУ. 1), 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11.
N 62 қаулысымен.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы