Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования денег, выделяемых для поддержки обязательного страхования в растениеводстве

Қаулы · № 1133 · қабылданған 29.11.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-30442/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования денег, выделяемых для поддержки обязательного страхования в растениеводстве Күшін жойған Қаулы ·№ 1133 ·29.11.2006
29.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования денег, выделяемых для поддержки обязательного страхования в растениеводстве

Күшін жойған Қаулы ·№ 1133 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования денег, выделяемых для поддержки обязательного страхования в растениеводстве
Атауы (қаз.)
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1133
Қабылданған күні
29.11.2006
Көрсетілген редакция
29.12.2015 AI30442_20.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060001133_
ЭКБ идентификаторы
30442
Редакция идентификаторы
AI30442_20
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:37

0 Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі бекітілсін.

2 2. Агенттің 2012 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 64520000 (алпыс төрт миллион бес жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде бекітілсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау үшін «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен агент қызметіне ақы төлеуді жүзеге асырсын.

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.17 № 425 Қаулысымен.

5 5. "Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты

орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 973 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 463-құжат) күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 29 қарашадағы
N 1133 қаулысымен
бекітілген
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану тәртібін реттейді.

2

2. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін бюджет қаражаты және уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан түскен кірістер есептелетін Ұлттық Банктегі шоттағы ақша мынадай мақсаттарда пайдаланылады:

1 1) қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесінде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандырушыға немесе өзара сақтандыру қоғамына сақтандыру төлемдерінің елу пайызын өтеуге;

2 2) уақытша бос қаражатты Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруға.

2 2. Ағымдағы шоттан ақшаны пайдалану тәртібі

3 3. Агент ағымдағы шоттан сақтандырушының немесе өзара сақтандыру қоғамы банктік шотына сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін өтеу сомасын аудару үшін Ұлттық Банкке өтемді төлеуге арналған төлем тапсырмасын береді.

4 4. Сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы ағымдағы шоттан ақшаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде агенттің сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу сомалары бойынша агентпен салыстырып тексеру актісін үш данада ресімдейді.

5 5. Тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей агент өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша сақтандыру төлемдерінің бір бөлігіне жүргізілген өтемдер туралы мынадай құжаттарды ұсына отырып, есептер береді:

сақтандырушылармен немесе өзара сақтандыру қоғамдарымен жасалған салыстырып тексеру актісі;
жүргізілген өтем төлемдері туралы ағымдағы шоттан үзінді көшірме;
өтемдерді төлеуге арналған төлем құжаттарының көшірмелері.

6 6. Сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы агентке көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған және (немесе) ұсынған жағдайда агент сақтандырушыға немесе өзара сақтандыру қоғамына жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеуден бас тартады.

7 7. Агент ағымдағы шоттан түсетін қаражаттың түсімдері және оларды пайдалану жөніндегі операцияларды бухгалтерлік есепке алуды жарғылық қызмет нәтижелерінен оқшау жүргізеді.

8 8. Қаржы жылының соңындағы ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға және тиісінше бюджетке қайтаруға жатпайды.

9 9. Агент өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ағымдағы шоттан бос қаражатты:

1 1) Ұлттық Банкпен салым операцияларын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын стандартты шарттар туралы бас келісім жасасу жолымен Ұлттық Банктегі депозиттік шоттарға;

2 2) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздарда орналастырады.

10 10. Уақытша бос қаражатты депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан алынған кірістер ағымдағы шотқа есептеледі.

11 11. Агенттің қызметін бақылауды уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

1 20___ жылғы «___» ________ 20___ жылғы «___» _______ дейінгі кезеңдегі агенттің ағымдағы шоты бойынша ақшаның қозғалысы туралы есеп

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін
ақшаны пайдалану ережесіне
1-қосымша
20___ жылғы «___» ________ 20___ жылғы «___» _______ дейінгі кезеңдегі агенттің ағымдағы шоты бойынша ақшаның қозғалысы туралы есеп
(теңгемен)
Р/с
N
Ата­уы
Тоқ­сан­дар бой­ын­ша со­ма
Есеп­ті ке­зең­де­гі ақ­ша қоз­ға­лы­сы­ның жиы­ны
1
2
3
4
1
Тоқ­сан­ның ба­сын­да­ғы ақ­ша­ның қал­ды­ғы
2
Есеп­ті ке­зең­де тү­се­тін  тү­сім­дер, бар­лы­ғы (3+4+4-1)
оның ішін­де:
3
Өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғын­да­ғы мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру­ды қол­дау үшін бө­лін­ген қа­ра­жат
4
Де­по­зит­тік шот­тан тү­се­тін сый­а­қы
4-1
Мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар­да ор­на­ла­сты­ру­дан сый­а­қы
5
Шы­ғы­стар, бар­лы­ғы (6+7+7-1)
оның ішін­де:
6
Сақ­тан­ды­ру тө­лем­де­рі­нің өте­луі
7
Де­по­зит­ке ор­на­ла­сты­ру
7-1
Мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар­да ор­на­ла­сты­ру
8
Есеп­ті ке­зең со­ңын­да­ғы қа­ра­жат­тың қал­ды­ғы (1+2-5)
Агенттің басшысы ______________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер __________________________
(қолы, Т.А.Ә.) M.O.

2 Өсімдік шаруашылғындағы міндетті сақтандыру туралы 20___ жылғы «___» _____ жағдай бойынша есеп

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін
ақшаны пайдалану ережесіне
2-қосымша
Өсімдік шаруашылғындағы міндетті сақтандыру туралы 20___ жылғы «___» _____ жағдай бойынша есеп
(теңгемен)
Р/с
N
Сақ­тан­ды­ру ком­па­ни­я­сы­ның неме­се өза­ра сақ­тан­ды­ру қо­ға­мы­ның ата­уы (об­лыс ата­уы)
Жа­сал­ған шар­ттар са­ны (бірл.)
Бар­лық сақ­тан­ды­ры­л­ған алаң (га)
Сақ­та­ну­шы­лар­мен жа­сал­ған шар­ттар бой­ын­ша жал­пы сақ­тан­ды­ру со­ма­сы
Сақ­тан­ды­ру­шы­ның­не­ме­се өза­ра сақ­тан­ды­ру қо­ға­мы­ның сақ­та­ну­шы­лар­ға өн­дір­ген сақ­тан­ды­ру тө­ле­мі­нің со­ма­сы
Агент­тің сақ­та­ну­шы­ға  неме­се өза­ра сақ­тан­ды­ру қо­ға­мы­на сақ­тан­ды­ру тө­ле­мі­нің бір бө­лі­гін өтеу со­ма­сы
1
2
3
4
5
6
7
Агенттің басшысы _________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер ______________________
(қолы, Т.А.Ә.) M.O.

Қолданыстағы