Об утверждении Правил применения мер антимонопольного реагирования на нарушения антимонопольного законодательства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил применения мер антимонопольного реагирования на нарушения антимонопольного законодательства
- Атауы (қаз.)
- Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 270-ОД
- Қабылданған күні
- 21.11.2006
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2008 AI30498_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004472_
- ЭКБ идентификаторы
- 30498
- Редакция идентификаторы
- AI30498_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:39
0 Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесін бекіту туралы
4 "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабындағы 1-тармақтың 11) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасы:
заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге беруді қамтамасыз етсін;
белгіленген тәртіппен осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
осы Бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
3
3. "Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға монополиялық ден қою шараларын қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 28 қарашадағы N 216-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2064 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 1, 757-құжат);
"Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға монополиялық ден қою шараларын қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 28 қарашадағы N 216-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 115-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4222 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 ж., N 97-98 (901) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының орынбасары Ж.М.Қожахметовке жүктелсін.
5 Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесі
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігі
Бәсекелестікті қорғау комитеті
Төрағасының
2006 жылғы»21 қарашадағы
N 270-НҚ бұйрығымен бекітілген
Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесі (бұдан әрі - Ереже) " Жосықсыз бәсекелестік туралы " Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 маусымдағы және " Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы " Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарына және монополиялық қызметтің және теріс пиғылды бәсекелестіктің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
2 2. Ереже монополияға қарсы заңнаманы нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың бұзуына Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды.
3 3. Осы Ережелерде қолданылатын ұғымдар мен терминдер осы Ережелердің 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерде айқындалған мәндерде пайдаланылады.
4 4. Монополияға қарсы ден қою шаралары деп өз құзыреті шегінде монополияға қарсы орган жүзеге асыратын монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және олардың салдарларын жою, сондай-ақ кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөніндегі іс-қимылдар түсіндіріледі.
5 5. Монополияға қарсы ден қою шараларына мыналар:
1 1) тексерулерді жүргізу;
2 2) монополияға қарсы заңнаманы бұзуға тергеу жүргізу;
3 3) монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды енгізу;
4 4) нарық субъектілеріне тіркелген бағаны енгізу;
5 5) әкімшілік істерді қозғау және қарау;
6 6) талап-арызбен сот органдарына жүгіну;
7 7) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жіберу жатады.
6 6. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу деп монополияға қарсы заңнамаға қайшы келетін нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың ісі (іс-әрекет, әрекетсіздік) танылады.
2 2. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу
7 7. Мыналар:
1 1) бәсекеге қарсы келісімдер (келісілген іс-әрекеттер);
2 2) үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдалану;
3 3) мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеттері;
4 4) монополияға қарсы органның шешімін (нұсқамасын) орындамау немесе оны толық көлемде орындамау;
5 5) рұқсаттың болуы қажет болған жағдайда монополияға қарсы органның осындай тиісті рұқсатын алмастан экономикалық шоғырлану;
6 6) монополияға қарсы органға белгіленген мерзімде ақпарат бермеу немесе ақпаратты толық көлемде бермеу;
7 7) монополияға қарсы органға дәйексіз және (немесе) жалған ақпарат беру;
8 8) монополияға қарсы органның лауазымды адамдары өз функцияларын орындауы кезінде тексерілетін нарық субъектісінің, тергеу жүргізілетін мемлекеттік органның үй-жайына және аумағына кіруіне кедергілер жасау;
9 9) экономикалық шоғырлануға қатысушылардың экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешімге негіз болған талаптар мен міндеттемелерді орындамауы монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар болып табылады.
8 8. Мемлекеттік органдар жасайтын монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың түрлері:
1 1) бәсекені шектеуге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін актілер не шешімдер, жазбаша не ауызша нұсқаулар қабылдау, келісімдер жасасу және (немесе) өзге де іс-әрекеттер;
2
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, қызметтің қандай да бір саласында нарық субъектілерінің құрылуына тыйым салу не кедергі келтіру, сондай-ақ қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға, тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге, сатып алуға немесе өткізуге тыйым салуды белгілеу;
3 3) нарық субъектілерін шарттарды басымдықпен жасасуға, тауарларды тұтынушылардың белгілі бір тобына бірінші кезекте беруге не белгілі бір сатушылардан тауарларды бірінші кезекте сатып алуға тікелей немесе жанама мәжбүрлеу;
4
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, тауарларды бір орталықтан бөлуге, сондай-ақ рыноктарды нарық субъектілерінің арасында аумақтық белгілері, тауарлардың түр-түрі, оларды өткізу немесе сатып алу көлемі бойынша немесе тұтынушылар әйтпесе сатушылар тобы бойынша бөлуге бағытталған іс-әрекеттер;
5 5) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, белгілі бір тауарларды Қазақстан Республикасының бір өңірінен екінші өңіріне өткізуге (әкетуге) тыйым белгілеу;
6 6) нарықтың жекелеген субъектілеріне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылық жағдайға қоятын жеңілдіктер немесе басқа да артықшылықтар беру, мұның өзі бәсекені шектеуге алып келеді немесе алып келуі мүмкін;
7 7) оның салдарынан нарықтың жекелеген субъектілеріне бәсекелестермен салыстырғанда қызметте қолайсыз немесе кемсітушілік жағдайлар жасалатын іс-әрекеттер;
8
8) нарық субъектісінің дербестігіне, оның ішінде тауарларды сатып алуға немесе өткізуге, баға белгілеуге, қызмет және даму бағдарламаларын қалыптастыруға, тауарлар өткізуден түскен табысқа (ақшалай түсімге) билік етуге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тыйым салулар мен шектеулер белгіленетін іс-әрекеттер мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеттері.
9 9. Нарық субъектілері жасайтын монополияға қарсы заңнаманы бұзудың түрлері:
1
1) нәтижесінде өзінің үстем (монополиялық) жағдайын теріс пайдаланатын не пайдалануы мүмкін, тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісінің тиісті тауар нарығына кіруді шектейтін не бәсекені шектейтін, жоятын және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделеріне қысым жасайтын іс-әрекеттері, мынадай:
монополиялық жоғары (төмен) бағалар белгілеу;
келісім жасауға нарық субъектісіне өз мазмұны бойынша немесе іскерлік айналым дәстүріне сай осы келісімдердің нысанасына қатысы жоқ қосымша міндеттемелер қабылдату жолымен себеп табу не күштеп таңу;
субъектілермен жасалған бірдей келісімдерге объективті негізделмеген себептермен әртүрлі бағалар не әртүрлі шарттар қолдану;
өзінен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгілер, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, сондай-ақ саны, бағасы бойынша шектеулер белгілеу;
тауарлар ұсынуды бәсекелестер өндіретін не өткізетін тауарларды сатып алу кезінде шектеулер қабылдаумен себептестіру;
тиісті тауарды өндіру немесе өткізу мүмкіндігі бола тұрып жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту;
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген баға белгілеу тәртібін бұзу тұтынушылардың сұраныстары немесе тапсырыстары бар тауарларды өндіру немесе жеткізу мүмкіндігі бола тұрып, оларды өндіру көлемін негізсіз қысқарту немесе өндіруді тоқтату сияқты іс-әрекеттерді қоса алғанда;
2 2) Нарық субъектілерінің арасындағы кез келген нысанда қол жеткізілген, нәтижесінде бәсекені шектейтін не шектеуі мүмкін келісімдерге (келісілген іс-әрекеттерге), оның ішінде:
тауарларды сатып алудың немесе өткізудің келісілген бағаларын не басқа жағдайларын белгілеуге (ұстап тұруға);
бағаны көтеру, төмендету немесе ұстап тұру не сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы өзге де келісімдер нәтижесінде сауда-саттық қорытындыларын бұрмалауға;
тауар нарықтарын аумақтық белгісі, тауарлардың түр-түрі, оларды өткізу немесе сатып алу көлемі бойынша, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша не басқа белгілер бойынша бөлуге;
квоталауды қоса алғанда, тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге;
белгілі бір сатушылармен не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тартуға;
тауар нарығына кіруді шектеуге немесе одан белгілі бір тауарлардың сатушылары немесе олардың сатып алушылары ретінде нарықтың басқа субъектілерін ығыстыруға;
басқа субъектілермен тең шарттарға кемсітетін жағдайлар қолдануға;
келісім-шарт жасаушы агенттердің өзінің мазмұны бойынша немесе іскерлік айналым дәстүріне сай осы шарттардың нысанасына қатысы жоқ қосымша міндеттемелер (қаржы қаражатын, өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды беруді және басқаларын негізсіз талап ету) қабылдауы талабымен шарттар жасасуға бағытталған іс-әрекеттер (келісілген іс-әрекеттер);
3 3) нарық субъектілерінің экономикалық қызметін жеке тұлғалардың, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың осы ереженің 9-тармағының 2) тармақшасында аталған салдарларға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін жағдайда үйлестіру;
4 4) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндірушіге немесе сатушыға қатысты тұтынушыны бұрмалаушылыққа алып келетін және алып келуі мүмкін кәсіпкердің фирмалық атауын, тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін және (немесе) өзге коммерциялық белгілерін заңсыз пайдалану;
5
5) тауарларды (жұмыстардың, қызметтердің) өндірушіге немесе сатушыға қатысты бұрмалаушылыққа алып келуі мүмкін бәсекелестің тауарын, оның фирмалық атауын, тауарды таңбалауын, тауар белгісін, басқа да коммерциялық белгілерін, сондай-ақ жарнама материалдарын, фирмалық орамын, тауарды ресімдеудің формасын сыртқы ресімдеуді және өзге де сыртқы ресімделуін тікелей шығару жолымен көшіру;
6
6) бәсекелестің тауарларының (жұмыстарының, қызметтерінің), оның ішінде, шығуы, дайындаушы, сатушы, сондай-ақ тауарларды дайындаудың сапасы, тұтыну ерекшеліктері, тәсілі мен орны, жұмыстар мен қызметтер туралы қасақана жалған мәліметтер мен негіздеулерді және бәсекелестің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін), жақсы ата мен беделіне нұсқан келтіретін қасақана жалған мәліметтерді тарату;