Об утверждении образца вида на жительство иностранца в Республике Казахстан (описание)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении образца вида на жительство иностранца в Республике Казахстан (описание)
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының үлгісін (сипаттамасын) бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 87
- Қабылданған күні
- 23.01.1996
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2009 AI3058_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P960000087_
- ЭКБ идентификаторы
- 3058
- Редакция идентификаторы
- AI3058_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:26
0 Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының үлгісін (сипаттамасын) бекіту туралы
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.08.27. N 1260 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз) Қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының бланкілерін жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының үлгісі (сипаттамасы) бекітілсін.
📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхаты бланкілерін оның сипаттамасына сәйкес жасауды қамтамасыз етсін.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3 Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының үлгiсi (сипаттамасы)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 23 қаңтардағы
N 87 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының үлгiсi (сипаттамасы)
📌 Ескерту. Үлгінің тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
1 1. Ықтиярхат - мөлдiр пластикалық қаптамасы бар, көлемi 70Х100 мм, баспаханалық жолмен жасалған, түрлi-түстi кәртiшке. Мұндағы жазулар мен сызықтар қара түстi бояумен түсiрiлген.
2 2. Оның бет жағында:
а а) жоғарғы шетiнде:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
деп жазылған, бұлардың арасында диаметрi 20 мм Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген.
б б) олардан төмен - Шетелдіктің тұру ықтиярхаты
Вид на жительство иностранца
деген жазулар бар;
в в) елтаңбаның астында қоныстану ықтиярхатының нөмiрi көрсетiлген;
г г) сол жағында мөлшерi 33х43 мм сурет кәртiшкесi жапсырылған.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3 3. Суретiнiң оң жағында төрт көлбеу сызық тартылған. Олардың астында:
Тегi/Фамилия
Аты/Имя
Әкесiнiң аты/Отчество
Туған күнi, айы, жылы/Дата рождения
Төменде мәшине шығаратын текске орын қалдырылған.
4 4. Сырт жағында сегiз көлбеу сызық тартылған. Олардың астында:
Туған жерi/Место рождения
Азаматтығы/Гражданство
Тұрғылықты жерi/Место жительства
Берген мекеме/Орган выдачи
Берiлген күнi қолданылу мерзiмi/Дата выдачи-срок действия
Қолы/Подпись
12 Азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң үлгiсi (сипаттамасы)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 23 қаңтардағы
N 87 қаулысымен
бекiтiлген
Азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң үлгiсi (сипаттамасы)
📌 Ескерту. Үлгі алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.