Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований к аудиторским организациям по проведению обязательного аудита

Бұйрық · № 434 · қабылданған 03.11.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-30706/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований к аудиторским организациям по проведению обязательного аудита Күшін жойған Бұйрық ·№ 434 ·03.11.2006
01.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований к аудиторским организациям по проведению обязательного аудита

Күшін жойған Бұйрық ·№ 434 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований к аудиторским организациям по проведению обязательного аудита
Атауы (қаз.)
Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
434
Қабылданған күні
03.11.2006
Көрсетілген редакция
01.01.2013 AI30706_6.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004489_
ЭКБ идентификаторы
30706
Редакция идентификаторы
AI30706_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:42

0 Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) "Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 173 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1492 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., N 25, 439-құжат);

2

2) "Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 173 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 396 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2580 тіркелген);

3

3) "Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 173 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 19 шілдедегі N 294 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2990 тіркелген).

3 3. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4

4. Осы бұйрық 2007 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарының (бұдан әрі - біліктілік талаптары) 2-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және
қадағалау агенттігі төрағасы
2006 жылғы 13 қараша

0 Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 3 қарашадағы
N 434 бұйрығымен бекітілген
Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар (бұдан әрі - Біліктілік талаптар) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұйымдарға, оның ішінде қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.

2 2-тарау. Біліктілік талаптар

2 2. Ұйымдардың міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

1 1) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының болуы;

2 2) аудиторлық ұйым басшысының "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгiнің болуы;

3 3) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымда мүшелігін растайтын құжаттың болуы;

4 4) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы.

3 3. Ұлттық компаниялардың міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым осы Біліктілік талаптарының 2-тармағында көзделген біліктілік талаптарына қосымша мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:

1 1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша сертификатталған кемінде 2 (екі) маманның болуы;

2 2) халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына сәйкес аудиттелген ұйымдардың болуы кемінде: бір ұйым 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап; үш ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бес ұйым 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, он ұйым 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап;

3 3) алынып тасталды - 2008.01.09. N 12 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрықпен.

4 4) алынып тасталды - 2008.01.09. N 12 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрықпен.

4 4. Қаржылық ұйымдардың міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым осы Біліктілік талаптарының 2-тармағында көзделген біліктілік талаптарына қосымша мынадай біліктілік талаптарға сәйкес келеді:

1 1) аудиторлық қызметпен айналысу мерзімі 3 (үш) жылдан кем емес;

2 2) "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгi және соңғы 2 (екі) жыл ішінде қаржылық ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесі бар кемінде 3 (үш) қызметкерінің болуы;

3 3) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес кемінде 10 (он) аудиттелген ұйымның болуы.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

5 5. Осы Біліктілік талаптарымен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шешіледі.

Қолданыстағы